Ерте темір ғасыры өзінің алдындағы археологиялық дәуірлермен салыстырғанда шежірелік жағынан өте қысқа
Презентация қосу
История первобытного общества(Алғашқы
қауымдық құрылыс)
Орындағандар:Азирбай Дінмұхамед
Аманғалиев Әділет
Әбжәли Шыңғыс
Тобы:тарих құқық негіздері
Қабылдаған:Дүйсенбайқызы Айтолқын
Жоспар:
1.Открытие металлургии(Металлдың пайда
болуы)
2.Становление частной
собственности(Жеке меншіктің пайда
болуы)
3.Брак и семья(Неке және отбасы)
4.Духовная культура(Рухани мәдениет)
5.Қорытынды
Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының ең маңызды өндірістік алғы шарты
металдарды кеңінен пайдалануға көшу болды. Адамзат тарихы мүлде жаңа
формаларға ие боларлықтай, металл қарулардың енгізілуінің соншама тамаша
мәдени және әлеуметтік алға басушы өз салдары болды.
Металдар ғасыры екі дәуірге: қола ғасырына және темір ғасырына бөлінеді.
Қола ғасыры дегеніміз адамзат тарихында қоладан жасалған еңбек қарулары
кеңінен таралған және осы қаруды тастармен қатар немесе солардың орнына
қолданған дәуір еді. Темір ғасыры дегеніміз темір металлургиясы мен темір
қарулардың таралуымен сипатталатын уақыт болатын. Еңбектің темірден жасалған
қарулары аса маңызды материал болып отырғандықтан, қазірде де осы заманғы
дәуір де темір ғасырына енеді. Алғашқы тұрмыстық тарихтың археологиялық
дәуірленуінде ертедегі темір ғасыры термині жиі қолданылады.
Қола дегеніміз — мыс пен қалайының, кейде алмастың, қорғасынның, мышьяктың
немесе мырыштың әр түрлі үлесте балқытылған қоспасы. Ең жақсы ара қатынас
—90% мыс пен 10% қалайы. Қола қарулар мыс қаруынан тек қатты ғана емес,
өткір де келеді, бірақта оларды құю оңайырақ, өйткені мысқа қарағанда (1083°)
қола анағұрлым төменгі температурада (700—900°) балқиды. Алайда, мыс сияқты
қола қарулар да тас қаруларды түгелдей ығыстыра алмады. Бұған себеп,
біріншіден, бірқатар жағдайларда, қоладан тастың жұмыстық сапалары жоғары
болды, екіншіден, қару жасалатын тастар барлық жерде дерлік бар еді, ал қоланың,
әсіресе, қалайы үшін шикізат көзі өте сирек еді.
Қола ғасырының дәл шежірелік шеңберін көрсете қою қиын. Қола бәрінен бұрын б. з.-ға
дейінгі III мың жылдықтың орта шенінде Оңтүстік Иран мен Месопотамияда белгілі болды.
Египет пен Үндістанда ең көне қола қарулары б. з.-ға дейінгі II мың жылдықтың басына
жатады, Қытайда қола біздің заманызға дейінгі XVIII ғасырда кеңінен қолданылды.
Америкада біздің заманыздың І мың жылдығында ғана кеңінен қолдана басталды.
ІІІ және ІІ мың жылдықтар межесінде қола индустриясы Кіші Азияда, Сирияда,
Палестинада, Кипр мен Критте, ал II мың жылдық бойында — бүкіл Европа мен Азияда
таралды. Европа елдерінің көпшілігі үшін қола ғасыры негізінен б. з.-ға дейінгі II мың
жылдықты қамтиды. Қола ғасырының ақыры, қоланы темір ығыстырғанда келіп жетті.
Ерте темір ғасыры өзінің алдындағы археологиялық дәуірлермен салыстырғанда шежірелік
жағынан өте қысқа.
Темір дүние жүзінде ең көп таралған металл болғанына қарамастан, оны адам кешірек
игерді, өйткені таза күйінде табиғатта мүлде кездеспейді және қиын өңделөді. Тіпті сонау
көне заманда-ақ адамзатқа метеориттік темірлер белгілі болған, бұлардан жасалған б. з.-ға
дейінгі IV мың жылдық басындағы Египеттегі молалардан жекелеген сәндік бұйымдар
табылған. Жер текті темірден жасалған ұсақ заттар б. з.-ға до-йінгі III мың жылдықтың
бірінші жартысындағы Египетте, Месопотамия мен Кіші Азияда кездеседі. Рудадан темір
алудың ең көне тәсілі, шикізат соғу процесі тек б. з.-ға дейінгі II мың жылдықта ғана
ашылды. Ең ықтимал бір болжамға сәйкес шикідей соғу процесін б. з.-ға дейінгі XV ғасырда
Армения тауларында тұрған хеттамға бағынғаи тайпалар тұңғыш қолданды. Европада
табылған жекелеген темір заттары Германия мен Италиядағы б. з.-ға дейінгі II мың
жылдықтың аяғына жатады.
Жеке меншіктің пайда болуы
Жеке байлықтардың қорлануы және жеке меншіктіктің тууы туралы жаңаша түрде
археологиялық деректер де дәлелдейді. Мәселен, династияға дейінгі Египет мола-
қорықтарынан табылып отырған заттарға, енді меншіктік белгілер салынған, ал бұлардың
рулық емес отбасылық екені даусыз, өйткені көршілес мола-қорықтарда бұлар алуан түрлі
келеді. Жоғарыда аталып өткендей қола ғасырына көптеген мыс құймаларының қоймалары,
мыс және қола қарулар, қару-жарақтар, әсемдік бұйымдары, әлбетте қазына ролін атқарған
ақшалар жатады.
Жеке меншіктіктің орнығуы рулық ұжымдылық дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті.
Жеке отбасылардың өздеріне керексіз артық өнімдерді жинап қорлауы неғұрлым мүлікті,
неғұрлым мүліксіздермен бөлісуге тура келетін алғашқы тұрмыстық құрылыстың рухының
өзіне қайшы келді. Байып кеткен көсем, егер ол өзінің артықшылығынан айырылғысы
келмесе, думан-той жасап, туыстарына сый-құрмет көрсетуге, тапшылық көргендерге
көмектесуге тиіс болды. Мұның үстіне көне заман дәстүрлерінің жинап қорлау
тенденцияларына кескілескен қарсылығы жаппай үлестіріп, тіпті қорланып жиналған
мүлікті құртып жіберудің ерекше салттарын өмірге әкелді. Көптеген халықтарда өлген
адамды, әсіресе көсемді жерлегенде оның байлықтары құртылды, қоса жөрленді,
қатынасқандарға үлестірілді әрі тек бір бөлігі ғана өзінің мұрагерлеріне берілді. Бірақ қалай
болған күнде де ыдыраған рулық қоғамның диалектикалық күрделі де қарама-
қайшы салттары, тіпті жеке меншіктің қорлануын шектей отырып, сайып келгенде,
жеке меншіктік қатынастардың дамуына жол ашты.
Отбасы және неке
Бұл кезеңде адамдар дамудың ең төменгі даму сатысында
тұрды. Тіршілік үшін жасалған шаруашылықтағы еңбек
өңімділігі мардымсыз, өте төмен жағдайда еді. Кез келген
қажетті жағдайда бірігіп, кейін бөлініп кетіп отырған. Оның
басты себебі – оларда отбасылық, ұжымдық тіршіліктің
болмағандығынан еді. Алғашқы рулық құрылыс аналық рулық
құрылыстан басталған. Бұл құрылыс адамдар тобының аналық
жағынан қандас туыстық жақындығына байланысты. Ана руды
жалғастырушы рөлінде де, оны басқарушы ретінде де,
шаруашылықты ұыйымдастыруда да ең жоғары орында тұрған.
Сондықтан аналық ру кезінде анаға табыну басты орында
болған, оны сүйектен, жұмсақ тастардан жасаған ана
мүсіндерінен байқауға болады.
Алғашқы адамдар және қалыптасып келе жатқан нағыз адамдар
қарапайым отбасылар құрып тіршілік еткенімен, ол өз алдына жеке
құрылым болған жоқ және ол тұрақты бола алмаған болар еді.
Қауымдағы ересектердің бірі қайтыс болса, қалғандары ары қарай өз
беттерінше тіршілік етуге қабілетсіз болды. Алғашқы қауымда сақталып
қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен жастарына байланысты
ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың құқықтары мен
міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Сондықтан, алғашқы
қауымдық құрылысты, сол кезде өмір сүрген адамдардың тіршілігін
зерттеу өте маңызды.Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең
ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық
қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін
5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері
кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен
жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың
құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы
кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай
топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар,
әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары,
әсіресе, еркектер үйлері болды. Оларда еркектердің жиналыстары өтіп, түрлі
әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б.
Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат
берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке еркектер үйі болды.
Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне
еркектер мен әйелдер бөлек жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың
жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында
еркектер өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік
етсе, әйелдер өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік
етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды.
Жыныстары мен жастарына байланысты бөлінген топтардың орны олардың
еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына
байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер
емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының
жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне
байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды
Алғашқы қауымның соңғы кезеңдерінде де жұптық неке үстем болды. Бұл
неке екі жақтың кез келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын еді.
Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда
полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге
шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан
кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді. Мысалы, ХVІІғасырдағы егін
шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің қосымша
әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан
басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған.
И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің
екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз
уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар
арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер
бірте-бірте жойылып кетті. Үйленудің түрлі дәстүрлері, некені заңды түрде
тіркеу, екі жақтың ата-аналарының арасында бір-біріне сыйлық ұсыну, т.б.
пайда болды.Неке және отбасы. Туыстық құрылымның және оған тән
экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке,
яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда
болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек,
ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін
отбасылық институт пайда болды
Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен
шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи
реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық
неке болып, ол кейінннен жеке неке мен отбасының түрлі
нысандарына алмасты. Екіншісі — қоғам дамуының ең алғашқы
кезеңінен — ақ жеке отбасы болған деген пікір. Бірінші пікірді ең
алғаш ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп алмасып отырған отбасының
5 түрін атады. Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -
құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды.
Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге
негізделеді. Ғалымдардың екінші бір тобының пікірі бойынша, дамуы
жөнінен артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б.
жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен
отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді.
Рухани мәдениет
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы
мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс
адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады.
Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат
апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай
көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен
еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып
табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен
туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет –
шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның
бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне
абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің
мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді,
Қытайға тән.
Б.з. дейінгі IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы – Тигр
және Ефрат өзендерінің аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей
жоғары мәдениет пайда болып, орнықты. Алайда
мыңжылдықтар бойы бір ғана мемлекет – Ежелгі Египет қана
болған Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос өзенде (Месопотамияда)
бір-бірін әр түрлі мемлекеттер ауыстырып отырды, оның ішінде
Шумер, Аккад, Вавилония, Ассирия, Иран. Қос өзен тарихы
мен мәдениеті Египеттегіге қарағанда динамикалы болды.
Қос өзеннің ежелгі мәдениеті – шумер-аккадтық. Шумерлер
вавилон мәдениетінің рубасылары болды. Олар тарихта бірінші
рет «Алтын ғасыр туралы» поэма шығарды, бірінші элегиялар
жазды, бірінші кітапханалық каталог құрастырды, олар бірінші
медициналық кітаптардың авторлары болды, егіншінің бірінші
күнтізбесін жазды және т.б.
Бұл халыққа дүниедегі алғашқы жазу – шумер сына жазуы
жатады, бұл белгілері сына тәрізді сызықшалар топтарынан
тұратын белгілер жазуы, олар ылғалды сазға басылып жазылды.
Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б.з. дейінгі ІІ
мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б.з. дейінгі 1792-1750 ж.ж.
ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық
облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына
жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос
өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары
мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл
аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.
Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының сенімінде су мен аспан шырақтарына
табыну үлкен роль атқарды, ол астрономия мен математиканың тез дамуына
әкелді. Осылай алты ондық жүйесі құрылды, ол қазіргі уақытқа дейін уақыт
есептеуі – минутада, секундта бар. Вавилон астрономдары Күннің, Айдың
айналуын және күн тұтылуының қайталануын бірінші болып есептеп
шығарды. Вавилон ғалымдарының барлық ғылыми білімдері магиямен және
балгерлікпен байланысты болды.
Вавилон абыздарының іліміне сәйкес адамдар Құдайларға қызмет ету үшін
саздан жасалған. Құдайлар көп болған, ең бастылары мыналар: Шамаш – Күн
құдайы, Син – Ай құдайы, Әйел құдай Иштар – махаббат құдайы, Нергал –
өлім құдайы, Ирра – соғыс құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы ретінде
бейнеленеді, ол күшті патша билігіне бас иеді.
Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының діни сенімдері олардың
монументтік өнерінде бейнеленді. Қалаларда құдайларға арналған
храмдар салынып, олардың жанында зиккурат – террасалармен
қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан
кертпеш кертпешпен азаяды, зиккураттың жоғарғы ярусы алтын
күмбезмен аяқталады. Вавилон сәулетшілері Ежелгі Рим, одан
кейін Орта ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің негізі болып
табылатын сәулет формаларын жасаушылар болды.
Вавилон мәдениетін, діні мен өнерін ассириялықтар пайдаланып,
дамытты. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың (б.з. дейінгі VII
ғ.) Ниневиядағы сарайының қирандыларынан ғалымдар үлкен
кітапхана тапты, ол он мыңнан астам сына жазбалы мәтіндерден
тұрады. Шумер әдебиетінің маңызды ескерткіші – Гильгамеш
туралы аңыздар циклі.
Ежелгі Египет — әлемдік өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен
ежелгі мәдениеттердің бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын
патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған
озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін
құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға
сыйымсыздығы болды.
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке
ұмтылу болды, оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы,
оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік
өмірлік күш – «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық
сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар
жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып,
пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың
жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға
көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі
және өлшемі бойынша едәуірі – Хеопс пирамидасы.
Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра
тәрізді болды. Осирис — өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида –
Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат –
шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар
болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі 1419-1400 ж.ж.)
Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған
абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.
Египет мәдениетінің маңызды құрама бөлігі иероглифтер – суретті символдық хат
болды, онымен храмдар мен сарайлар алдындағы жоғары ескерткіш тастарды
жазды, олар кейіннен буын жүйеліге айналды.
Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһарыТутанхамон
перғауынның әйелімен бақшадағы барельефі, Аменхотеп ІV әйелі – Нефертитидің
скульптуралық портреті, Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің бейнелеу
өнеріне фигураларды жазық бейнелеу, статикалық, канондық шарттылық тән.
Ерлердің денесі қызыл түспен, әйелдердің түсі қызғылт түспен, ал шаштары қара
түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген. Өнер мелшиіп тұру сипатында болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz