Қазақ драматургиясы туралы


Slide 1

ХХ ғасыр драматургиясы

Орындағандар: Сман Әділет, Сатов Ерлан, Рахметулла Мирас

Қабылдаған: Абдыгалиева Лаура

Slide 2

Драматургия (гр. dramaturgіa) - қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.

Slide 3

Драматургия саласының әдебиеттің басқа жанрларынан артық ерекшелігіне тоқталсақ - ол адамның жан дүниесіндегі асқақ сезімдер мен жалынды сан-салалы арпалыстарын психологиялық сипатта көрініс тауып, кісінің жан-жарасын көрерменге табиғи түрде бере білу, өмірдегі мәселелерді айқын да шынайы бейнелеп жеткізу болып табылады.

Slide 4

Ол сонымен бірге, театр өмірінің шешуші құралы іспеттес. Драматургия тартымды тартысты болса сахналанған көрініс те көрермен тарапынан жақсы бағаға ие болары сөзсіз.

Slide 5

Яғни драмалық шығармалар- екі бағытта өрбиді.

Slide 6

Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарастыруға болмайды. Себебі, драма- сахна үшін де көркем шығарма үшін де аса рухани құнды жанр болып табылады. «Театрдың жаны-драма»- деп Гоголь айтқандай, драмалық шығармасыз сахналық өнердің тууы мүмкін емес!

Slide 7

Ұлттық нақышта бастау алған драмалық шығармалармен қатар, Кеңестік пьесалардан бөлек классик пьесалардың аудармалары сахналана бастады. Оларды қою арқылы, ең алдымен қазақ халқының жұртшылыгын неше алуан тарихпен, сан алуан ұлттарды, қоғамдардың, топтардың өмірімен таныстырды. Атап айтсақ:

К. Треневтің «Любовь Яровая, классикадан Гогольдің «Үйлену», «Ревизор» т. б. пьесаларды қойып азды-көпті тәжірибе алмасып пайдалы нәтижелер алуға болады деген көзқарас болғанмен 1930 жылы алғашқы жартысында аударма пьесаларды қоюға театрлар ерекше мән бере бастады.

Slide 8

Негізі-драматургияның тапшылығынан болса керек, дегенмен, аударма дүниелер қазақ сахнасында көрермен жүрегіне бірден жол таба алмады. Қазақтың қаны тұла бойында тұнған ұлтшылдарымыз пьесалардың қабылдауына мүмкіндік бермей, тікелей карсы шығып, ұлттық санаға кереғар деген пікір топшылағанмен ол күрес ұзаққа бармады.

Slide 9

Алғашқы театр 30-40 жылдар аралығында «Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдары Совет драматургияның жақсы үлгілері саналған Погодиннің «Ақсүйектер», «Досым», «Мылтықты адам», Островскийдің «Найзағай», «Таланттар мен табынушылар», М. Горькидің «Шыңырауда», Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», Мольердің «Сараң», Н. Хикметтің «Фархад-Шырын» аудармалары сахналанды.

Slide 10

Драмалық шығармалар - әдебиет саласының күрделі жанрларының бірі екенін жоғарыда айтып өткеніміздей қазақ әдебиеттану ғылымында күн тәртібінен түспей келе жатқан күрделі мәселелер - жанрлардың табиғатын теориялық тұрғыдан айқындау, генезисін саралау, көркемдік әдістер мен әдеби ағымдардың ерекшеліктерін анықтау, әдеби-тарихи сабақтастықтың және фольклордың бүгінгі әдебиетіміздің көрінісі

Slide 11

Қазақ драматургиясы туралы Ә. Тәжібаев, «Қазақ драматургиясының очеркі» (1960), Р. Рүстембекованың «Қазақ Совет комедиясы» (1975),

М. Дүйсековтің «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977), Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға» (1979),

Н. Ғабдуллиннің «Ғ. Мүсірепов-драматург» (1982) сынды арнаулы еңбектері жазылған болатын.

Slide 12

20 ғасырдың 40 - 50-жылдары ұлттық драматургия жаңа белеске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік тақырып М. Ақынжановтың “Исатай - Махамбет”, Сәбит Мұқановтың “Күрес күндерінде”, Әуезов пен Ә. Тәжібаевтың “Ақ қайың”, Әуезовтің “Абай” трагедияларында жалғасын тапты

Slide 13

Сондай-ақ, М. Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды”, Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” пьесалары күрделі жанрдың өзіндік ерекшелігін меңгерудің үлгісіне айналды.

Slide 14 Slide 15

20 ғ-дың 70 - 80-жылдары қазақ драматургтері қатары О. Бөкеев, Н. Оразалин, Қ. Ысқақов, Б. Мұқаев, О. Бодықов, Д. Исабеков, А. Сүлейменов, Т. Әбдіков, И. Оразбаев, С. Балғабаев және т. б. жаңа таланттармен толықты

Slide 16

Жалпы қорыта алғанда, театрдағы драма өнері мен әдебиеттің біте қайнасатын тұстары өте көп. Қоғамда да алатын орны ерекше. Әде- биеттің осы түрін зерттеп, елеп-екшеп, ой қо- рытқан ғалымдарымыз көптеп саналады. Олар- дың қай еңбегін алып қарасаңыз да тұнып тұр- ған зерттеулер мен ізденістердің, астарына үңі- леріңіз анық. Алдағы күннің еншісінде бұл саланың әлі де ашылмаған тұстарына көп мән- мағына беріліп, зерттеп-зерделеу жас ғалым- дарға ізденушілікті жүктеріне сенім артамыз.

Slide 17

Пайдаланылған әдебиеттер:

А. Абжалова. Қазақ драматургиясының зерттелу жолдары. ҚазҰУ Хабаршысы. №2 (136) . 2012 ж

Қ. Қуандықов. Тұңғыш ұлт театры. Алматы: «Жазушы» 1969 ж


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшеліктері
Бесеудің хаты
М. Әуезов - қазақ драматургиясының негізін қалаушы
Қазақ драматургиясының зерттелу жолдары
ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ, ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Халық музыкасы және опера
Островский театры
Театр
Қасым Аманжолов
Қаныш Сәтбаев қазақ археологиясының бәйтерегі, ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz