Бастауыш мектепте информатика негіздерін енгізудің қажеттілігі




Презентация қосу
Бастауыш
мектепте
информатика
негіздерін
енгізудің
қажеттілігі
Жоспары
1.Жаңа ақпараттық технологияны
пайдалануды үйрету;
2. Бастауыш сыныпта информатика
пәнін енгізудің қажеттілігін
сипаттау
3. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік
сауаттылықты жылдам дамыта отырып,
педагогикалық, психологиялық әдістемелік
бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша,
балалар өз білім деңгейін көтере алмайды.
Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы
әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде
болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік
беретін өзгерістерді талап етеді.
Қазіргі уақытта адам өмірін есептеуіш техника құралдарынсыз
елестету қиын. Компьютер еңбекті жеңілдетеді, бос уақытты
толтырады, уақытты үнемдейді жəне алыс арақашықтықты
қысқартады, есептейді, жазады, ақпаратты сақтайды ғаламтор
арқылы бүкіл əлеммен тілдесуге жол ашады. Бүгінгі таңда
компьютер арқылы көркем туындылар жасалынады, музыкалар
жазылады жəне кинофильмдер түсіріледі. Компьютер ғылыми
аспаптан тұрмыстық техникаға айналады, ал онымен жұмыс
жасау дағдысы мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағы
адамдарды да баулиды.
Компьютерлер білім жүйесінде кеңінен қолдана бастағаннан
бастап, «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» термині
пайда бола бастады. Кез келген педагогикалық технология —
бұл ақпараттық технология, себебі оқытудың техникалық
үдеріс негізінде ақпарат пен оның қозғалысы (өзгеріс)
жасалынады.
«Информатика» пəнін бастауыш
сыныптан бастап оқуға болатындығы
жəне оның тиімділігі
дүниежүзілік тəрбие негізінде дəлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик-мұғалімдерінің пікірінше,
бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз
болатын факторлар мыналалар:
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға
бейімдеу;
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау
қабілетін дамыту;
бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық
мəдениетін қалыптастыра отырып, əлемдік
ақпараттық білім кеңістігіне даярлау
Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту
жалпы бастауыш сыныптың мақсатына
сəйкес болуы жəне өзінің пəндік шеңберінде
бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін
шешуге бағытталуы тиіс.
Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді
игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде
табысты болуды қамтамасыз ететін
шеберлік пен дағдының құрылымы болып
табылады.
Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы
оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған базалық
курсты оқыту міндеттерін шешуі тиіс:
базалық білімдер жүйесін меңгеру;
ақпараттарды жинау мен талдау кезінде компьютерлік
технологияларды қолдана білу шеберлігі;
əр түрлі оқу пəндерін оқу барысында танымдық
қызығушылық пен информатикалық əдістерді қолданудың
дамуы;
ақпараттық қызметте этикалы жəне құқықтық шаманы
сақтауға жауапкершілікпен қарауға тəрбиелеу.
Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы
оқыту білім беру тəсілінен бірлесіп алған білім парадигмасы
арқылы инновациялық тəсілдер негізінде өткізілу керек
екендігі айқын.
Информатиканы оқытудағы
перспективті тəсіл келесідей
мақсаттарды жүзеге асыруға
бағытталуы тиіс:
əлемнің ақпараттық көрінісі туралы түсінігін дамыту;
қоғамда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
туралы түсініктерін қалыптастыру;
ақпаратты алу мен өңдеуде тұрақты дағдыларды
қалыптастыру;
қызмет ортасында өзеріп отыратын ақпараттық
қоғамға тез бейімделу қабілеттерін дамыту;
өмір бойына ақпараттық дайындығын ары қарай
жетілдіріп отыру.
Біздің балаларымыздың ертеңгі күні — бұл ақпараттық
қоғам. Компьютермен жұмыс жасау, толықтыру, қисындау
жəне керек ақпаратты іздей білу қажет. Жылдан жылға
өздерінің дербес компьютерлері бар оқушылардың саны
артуда. Балалардың компьютердің мүмкіндіктерімен
танысуы үлкендердің басшылығымен болғаны дұрыс (ата-
ананың немесе мұғалімнің). Бірінші сынып оқушысы алғаш
рет мектеп табалдырығын аттатағанда көп жаңалықты ашу
керек болатын білім əлеміне түседі. Əрбір бастауыш сынып
мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді
жолдарын білуі қажет. Олар:
ойын;
жағымды эмоционалдық жағдай туғызу;
топпен жұмыс;
проблемалық оқыту.
Бастауыш мектепте информатика
жəне ақпараттық технологияны
оқыту келесідей мақсаттарға
жеткізеді:
қоршаған ортаның ақпараттық тасқындарын бағалау
дағдысының дамуы;
ақпараттың тəжірибелік əдісін меңгеру: ізденіс, талдау,
өзгеріс, жіберу, ақпаратты сақтау жəне оны оқу барысында
немесе күнделікті өмірде қолдану;
алғашқы компьютерлік сауаттылықтың жəне ақпараттық
мəдениет элементтерінің қалыптасуы;
ақпараттармен алмасу дағдысының дамуы, бар техникалық
құралдармен жұмыс жасау (телефон, компьютер т.б.). Кіші
жастағы мектеп оқушыларына мақсатты түрде тек қана
компьютерлік сауаттылықта ғана үйретіп қоймай,
информатика негіздері туралы алғашқы білімдер беру, негізгі
білімдерін қалыптастыру жəне жұмыс істеу əдісін үйрету;
ақпаратты өңдеу аймағындағы компьютердің мүмкіндіктері туралы
түсінік қалыптастыру (компьютер сурет салуда, есептеуде, жазуда),
ақпараттарды сақтау (компьютер суреттерді, сандарды, мəтіндерді
сақтап қалады) жəне ақпараттарды жіберу (адамнан компьютерге,
компьютерден компьютерге, компьютерден адамға);
негізгі ұғымдармен танысу: ақпарат, тіл, білім, қалып, алгоритм,
құрылым жəне т.б.;
пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру (мəтін теру,
сандарды теру, қозғалысты жəне нысанның дисплей экранындағы
тіркелімін басқару, мəзір бойынша жұмыс істеу тəртібін таңдау).
Информатиканың əдістерін көрсететін жұмыстың əдіс-тəсілдерін
меңгеру: формалдауды (компьютерде орындалуын бағдарлаумен
тапсырманың шарты мен оны шешуді сипаттау), алгоритмдеуді
(«тарамдау», «талғам», «топтама» сияқты қарапайым құрылымдық
жауаптар), компьютерді қолдану арқылы қарапайым тапсырмаларды
шешу (ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар өмірін бақылау
барысында компьютерлік күнделік жасау).
Пайданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңы, Астана, — [ЭР]. Қолжетімділік
тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000487
Бидайбеков Е.Ы. Информатиканы оқыту əдістемесі.
— Алматы, 2011. — 47-б.
Əбішева Д. Бастауыш сыныпта информатика пəнін
енгізудің қажеттілігі // Информатика негіздері. — —
№ 8.— 13-б.
Мыңжасарова М.Ж. Бастауыш сынып оқушыларына
информатиканы оқытудың ерекшеліктері //
Бастауыш мектеп.—2012. — № 10. — 7–8-б.

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік білім
Бастауыш білім тілі
Мемлекеттік университеттер
Муниципалдық университеттер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Бастауыш мектептегі
Қазақтың тәлім - тәрбиесі
Информатика сабағын түрлендірудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Бастауыш мектеп математикасында алгебралық ұғымдардың оқыту әдістемесі
Пәндер