Бүгінгі таңдағы Жапония мен Қытайдан кейінгі үшінші орындағы нарық ретінде Солтүстік Америкада шамамен



«Медиа-мәдениет және «Сандық (цифрлық) Қазақстан» моделі: Қазіргі заман келбетіндегі болашақ»
Балта Б.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Заң факультеті»
Кафедрасы «Юриспруденция»
СӨЖ

«Медиа» термині (латын тілінде «media», «medium» - құрал, тасымалдаушы) XX ғасырда «бұқаралық мәдениет» құбылысын анықтап көрсету үшін енгiзiлген («mass culture», «mass media») . Қазіргі кезде «масс-медиа» термині бұқаралық коммуникация құралдарын мағынасын білдіруде: баспа басылымдары, теледидар, радио хабарламалар, интернет беттеріндегі ақпарат қайнарлары, сонымен қатар кино, видео, ұялы телефондық байланыс және т. б. Бүгінгі күнде олардың маңыздылығы соншалықты, яғни басым бөлігі масс-медиаға тәуелді болғандықтан, тек «ақпараттандырылған»қоғам деп атап қана қоймай, сонымен бірге «медиаландырылған» қоғам деп те аталуда. Бұл үрдіс аталған ұғымның институциялану барысын аңғартады.

Медиамәдениет - ақпараттық қоғамның ерекше бір мәдени үлгісі. Заманауи мәдени зертеулерде медиамәдениетті кең мағынада, тұлғаның әлеуметтенуі мен қоғамдық сананың қалыптасуына септігін тигізетін, мәдени-тарихи даму үрдісіндегі адамзатпен жинақталған, материалдық және интеллектуалды құндылықтардың ақпараттық-коммуникативті құралдарының жиынтығы ретінде анықтайды. Медиамәдениеттің салыстырмалы түрде кең таралған баспа, визуалды және аудиовизуалды құралдар жүйесі саласы «бұқаралық коммуникация құралдары» түріндегі анықтамасында қазіргі кездегі ғылыми және күнделікті қолданыста айтарлықтай көп айтылатын ұғым болып табылады.

Тілші Е. Масанов медиамәдениеттің мәдени-философиялық қырын төмендегідей тұжырымдар негізінде қарастырады:

«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деп өзінің таяудағы жыл сайынғы Жолдауында айрықша атап өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған орай Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында Қазақстанды үшінші жаңғырту, 2050 жылға қарай елімізді әлемнің ең дамыған 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосу мақсатында бес басымдықты ілгерілету және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары базасына арналған экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы тапсырма жүктелді.

Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді.
Басқаша айтар болсақ, қазіргі уақытта мемлекет тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің ендігі уақытта мызғымас, өзгермейтін, бір рет қана әрі мәңгілікке құрылған жүйе ретінде көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сол себепті экономиканы цифрландыру мемлекет дамуының мақсаттарына лайықты одан ары үздіксіз жаңғырады.

Цифрлық саясатпен (төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту және бесінші басымдық - институттық түрлену, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес) тікелей байланысты, ал Жолдаудың бес басымдығын ескере отырып, төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтері тұрғысында:

Бағдарламадан түскен жалпы экономикалық тиімділік 2018 және 2019 жылдары 600 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургиясы салаларында цифрлық технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Цифрлық технологиялардың одан әрі интеграциялануы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін өте маңызды.
Электронды еңбек биржасы
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру тұрғысынан электронды еңбек биржасы сәтті жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде жұмысқа орналастыру процесі екі есеге қысқарды, ал жалпы процедураның өзі айқындана түсті. 2019 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 488 мыңнан астам жұмыс іздеуші жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 350 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Индустрия 4. 0.
«Экономика салаларын цифрландыру» бағыты аясында өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыру Индустрия 4. 0 элементтерін қолданумен жүзеге асырылатын отын-энергетика және тау-кен металлургиясы кешендерінің кәсіпорындарында цифрлық технологиялар енгізілуде. Мұнай-газ саласында Атырау мен Павлодар мұнай-химия зауыттарында 3 жылдық жөндеу аралық кезеңіне өту жүзеге асырылды, бұл жөндеу шығындарын азайтуға және өңдеу көлемін жылына орташа есеппен 300 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай»АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ 4 кәсіпорны «Зияткерлік кен орны» ақпараттық жүйесін іске асыруда. Зияткерлік көлік жүйесі
Көлік пен логистиканы цифрландыру тұрғысынан «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасы іске асырылып жатыр, ол автомобиль жолдары, көлік құралдары, ақылы жолдар арқылы жүру, қалааралық автобустардағы жолаушылар, сондай-ақ рәсімделген билеттер туралы мәліметтерді жинайды және өңдейді

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz