Педагогика ғылымының салалары, басқа ғылым салаларымен байланысы
Презентация қосу
Педагогика ғылымының салалары,
басқа ғылым салаларымен
байланысы
Жоспар:
1.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
2. Педагогика ғылымының салалары
Педагогика психологиямен тығыз
байланыста қызмет атақарады. Психология адам
психикасының даму заңдарын, ал педагогика –
тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ақыл-ой
іс-әрекеттерін мақсаттылықпен өзгерту,
психологиялық біліммен тығыз байланысты.
Педагогикада психологиялық білімдермен бірге,
педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны
зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия,
салыстыру және т.б.) пайдаланады.
Педагогика физиологиямен де тығыз
байланысты, атап айтқанда жоғарғы нерв
қызметінің заңдылықтарына
(И.П. Павлов, П.К. Анохин)
сүйенеді. Физиологиялық білімді меңгеру,
танымдық іс-әрекет пен жеке тұлғаның
әлеуметтену үрдістерінің мәнін түсінуге
мүмкіндік береді.
Педагогиканың әлеуметтанумен
жан–жақты байланысы өте маңызды.
Әлеуметтану ғылымын қоғам туралы біртұтас
жүйе ретінде қарастырсақ, онда оған ықпал
ететін әлеуметтік жағдай, түрлі топтар және т.б.
ескеріледі. Педагогика әлеуметтік жүйелерді
ескере отырып, білім социологиясы, студенттер
социологиясы және т.б. социологиялық
зерттеулер арқылы педагогтар, қоғамның
әлеуметтік–экономикалық, құқықтық,
демографиялық және мәдени ортаның жағдайы
туралы біліммен қаруланады.
Педагогика ғылымдарының даму
мүмкіндіктерінің маңыздылығы, олардың
медицинамен байланыстылығында, себебі
педагогикалық шындықтың бірқатар
құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық,
еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын
зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін
болады. Сонымен бірге созылмалы дертке
шалдыққан балалар үшін, арнаулы оқыту және
тәрбиелеу жүйесі қажет. Мұндай мәселелерді
кешенді зерттеулер арқылы ғана шешуге болады.
Бүгінгі философия ғылымының педагогика
үшін әдіснамалық маңызы ерекше.
Педагогика жеке пән ретінде философия және
оның салалары – білім беру фиолософиясы,
ғылымдар философиясы, тәрбие философиясы,
мәдениет философиясының жетістіктеріне сай
терең мәндегі ұғым нәтижесінде шешімін
табады.
.
Педагогика ғылымының байланыстары, белгілі
бір мәселелерді зерттеу барысында басқа ғылым
салаларына да (тарихқа, этнология, этнография,
құқық, экономика, демография, экологияға және
т.б.) таралады.
Педагогика пәнінің құрылымдық жүйесі
бірнеше салаға бөлінеді. Олардың негізгілері:
педагогика тарихы – тәлім-тәрбие мен білім
берудің теориялық және практикалық
жолдарының қай кезде қандай дәрежеде
болғандығын, оның өрістеуіне ықпал еткен жеке
тұлғалар және олардан мұра болып қалған
еңбектер мен даналық тәжірибелердің ежелгі
дәуірден бастап күні бүгінге дейінгі кезеңдерін
зерттейді.
Сондай-ақ, пренатальная педагогика (құрсақ
педагогикасы), мектепке дейінгі педагогика,
мектеп педагогикасы, жоғары мектеп және
кәсіби техникалық мектеп педагогикасы,
әскери педагогика, заңгерлер педагогикасы,
өнер педагогикасы т.б. Педагогикалық теория
саласындағы тәрбие теориясы мен оқыту
теориясы, яғни дидактика деп аталып отырған
ғылыми құрылымдық саланың ішкі
ерекшеліктеріне үйлесімді талданады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz