ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ЖЫЛЫТУ




Презентация қосу
«ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ
ЖЫЛЫТУ»

Орындаған: Сабидуллаева М.
С-18-1
Тексерген: аға оқытушы Ізбасар А.
Салқын мерзім кезінде адамның өмір тіршілігі және жұмыс атқаруы
жайлы болуы үшін ғимарат бөлмелерінде оптималды температуралық
жағдайды қамтамасыз ету қажет, бұл жағдай жылыту жүйесі арқылы
қарастырылады. Жалпы қазіргі таңда энергия үнемдеу технологияларын
қолдану – қоршаған ортаға кері әсер тигізуді азайтудың және энергия
қолдану эффективтілігін арттырудың ең оңтайлы әдісі болып табылады.
Қазандықтарды көптеп қолдану қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан еліміздегі энергетикалық бағдарлама бойынша кішігірім
станциялардың орнына үлкен станциялар салынуда, мұның өзі отынды
тиімді пайдалануға және отынды аз мөлшерде өндіруге әсерін тигізеді.
Жылыту жүйесі салқын мерзімде жұмыс атқарады. Қазақстанда жылыту
мерзімі 15-ші қазаннан 15-ші сәуірге дейін қосылады.
Жылумен жабдықтау – тұрғын үйлерді, қоғамдық және
өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ,
тұтынушыларды жылу тасығыштар (ыстық су немесе бу)
арқылы жылумен қамтамасыз ету; тұрғын, қоғамдық және
өнеркәсіптік үймереттер мен технологиялық тұтынушыларға
жылыту, ауа алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін
жылу тасығыштың (ыстық су не бу) көмегімен жылумен
жабдықтау. Жылумен жабдықтау бір орталықтан жылумен
жабдықтау және жергілікті жылумен жабдықтау болып
ажыратылады.
Жылыту қондырғыларының түрлері құрылымына, беттік жылу беру әдісіне
байланысты анықталады. Олардың негізгі алты түрге бөлінеді.

• Сыртқы бетінің сипаттамасы бойынша жылыту қондырғылары тегіс бетті
(радиаторлар, панельдер, тегісқұбырлы) және бұдыр бетті (конвекторлар,
1 бұдырлы құбырлар, калориферлер) болып келеді.
• Материалы бойынша, жылыту қондырғыларының неден жасалғаны-на
байланысты, металдық, біріктірілген және металдық емес қондырғылар болып
2 бөлінеді. Металдық қондырғылар шойын және болаттан болады. Біріктірілген
қондырғыларда бетондық және керамикалық массив, яғни шойын және
болаттық қыздыратын элементтерден жасалған.
• Биіктігі бойынша барлық жылыту қондырғыларын бөлуге болады: ұзын
(600мм-ден жоғары), орташа (600-400мм) және төмен (400мм-ден төмен). Егер
3 биіктігі 200мм-ден төмен болса, ол ернеулік болып саналады.
Жылыту қондырғыларының схемалары
Радиатор – конвективті-радиационды жылыту қондырғысы, ол
жылутасымалдағыш циркуляциялануы үшін ішкі каналы бар секциялардан
тұрады. Радиатордың жылуы сәулелену, конвекциялану және
жылуөткізгіштігі арқылы беріледі; радиатор қара түске боялған болса,
сәулелену арқылы берілетін жылудың үлесі артады. Радиатор жылытылатын
бөлмеге бар жылуының 25% сәулеленуін береді.
Панель – аз тереңдіктегі конвекциялық-радиациялық типті,
фронт бойынша саңылаулары жоқ қондырғы. Панельдің
радиаторға қарағанда сәуле беруі жоғарырақ. Жылытылатын
панель жылутасығышқа байланысты тегіс, жай бұдырлы немесе
толқынды бетті, колонкалы немесе ирек каналды болады.
Конвектор – екі элементтен, яғни қабырғалы қыздырғыш
және қаптамадан тұратын конвектив типті қондырғы.
Конвектор жылытылатын бөлмеге бар жылудың 75%-дан кем
болмайтын жылуын береді.
Қабырғалы құбыр – конвективті типті ашық орнатылған,
ішкі жылу беру беттерінің ауданы ішкі жылуқабылдау
беттерінен 9 есе көп болуы.
• Тегіс құбырлы – бірнеше болаттық құбырлардың бірігуінен тұратын,
жылутасымалдағыш үшін формалары қабырғалы каналдар және ирек
болып келетін қондырғы. Қоғамдық ғимарат бөлмелеріне орнатылатын
жылыту аспаптары шойыннан немесе алюмийниден жасалған. Бұл
жылыту аспаптарын сыртқы қабырға тұсына, әдетте терезе астына
орнатады, себебі терезеден келетін суық ауа ағындарына тосқауыл болады.

Жылыту аспаптарын орнату кезінде оларды оңай қарайтын,
тазартатын жөндейтін жағдайлар болу керек.
Назарларыңызға
Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ғимараттарды техникалық тексеру өткізу әдістемелері
Ғимараттарды жылумен қамдау жүйелері
Ғимараттар мен құрылыстардағы энергия үнемдеу
Қосымша ғимараттар мен жылу жүйесі
ТАБИҒИ ҚАУІПТЕР
САНИТАРЛЫҚ - ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ
Өндіріс шығындары
Бөлу жұмыстарының түсінігі
Орал Зенит зауыты - қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын
Соңғысы каучуктың мех
Пәндер