Кәмшат Бекжігітованың Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт кітабына шолу: ой-сезім-әрекет формуласы және афирмациялар


Slide 1

Сөж

Кітап Атауы: Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт.

Кітап авторы: Кәмшат Бекжігітова

Орындаған: Олжатай Іңкәр Асқарқызы

Тексерген: Лиясова Айгүл Амангельдиевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті

Алматы, 2021 жыл

Slide 2

Әр нәрсенің қайыры бар

Өткен өміріңде кім болғаның маңызды емес, сен қазір кімсің, кім болғың келеді, міне, осы маңызды! Сен өлген жоқсың ғой? Тірісің бе? Ендеше шындыққа тура қара! Шындық- өмірдің жалғасып жатқандығында. Көрпенің астына тығылып жата бермей, басыңды көтер! Орныңнан тұр! Сыртқа шық! Өмір жалғасуда! Сен тірісің, сенде үлкен мүмкіндік бар, барлығын өз қалағаныңдай етіп, басынан бастауға мүмкіндік бар! Осы мүмкіндікті барынша пайдалан! Өмір сүрудің өзі бір бақыт!

Slide 3

Ой мен сөз

Өмірімізде болып жатқанның барлығы, басымыздан өтіп жатқан оқиғаның барлығы біздің ішкі жан дүниемізде болып жатқан нәрселер. Айналамыз деген сөздің түбірін анықтасақ, түбірі «айна» екен. Ендеше айналамыздағылар- бұл біздің ішкі жан дүниеміздің айнасы. Айнаға қарағанда, өзіңіздің сыртқы келбетіңізді көресіз, ал айналаңызға қарағанда, ішкі жан дүниеңізді көресіз. Кейде анықтап қарасаңыз, өміріңізде болып жатқан оқиғаның барлығы таныс сияқты, бұрын бастан кешкендей боласыз. Ол сіздің ойыңыздың нәтижесі. Боб Проктордың бір тамаша сөзі бар: «Нәтижесінде сіз өмірде өз қалағаныңызға емес, нені эмоциямен көп ойлайсыз, соған қол жеткізесіз».

Slide 4

Өзіңді тек өзіңмен салыстыр

Бір адамның жасағанын, кез-келген адам жасай алады. Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз. Өзіңізді салыстыратын бір ғана адам бар, ол- өзіңіз. Ылғи кешегі өзіңізбен салысытырып отырыңыз. Сонда ғана өзіңіздің қалай өскеніңізді байқап, ары қарай жылжисыз.

ЖЕТІСТІКТІҢ ФОРМУЛАСЫ:

ОЙ+СЕЗІМ+ӘРЕКЕТ= ЖЕТІСТІК, НӘТИЖЕ.

Slide 5

Жеке тұлға

Жер бетінде қанша адам бар сонша тұлға бар. Ал енді «Тұлға» дегеніміз кім? Әр адамның бойында өзіне ғана берілген бір қасиеті, таланты, өнері, дарыны бар. Мысалға, сіз аспаздықты жақсы көресіз, сізге тамақ пісірген, тамақ әзірлеген қатты ұнайды. Қазақстан бойынша жүз мың керемет аспаз бар делік. Бірінен бірі асып түсетін аспаздар, барлығына өз істері, яғни аспаздықпен айналысқаны қатты ұнайды. Кейбіреулері атақты. Көбіне адамдар осындай өздерінің таланттары қатысты бірнәрсемен айналысқысы келсе де, «одан да мықты аспаз көп сияқты, өзінікі оларға жетпейтін сияқты, сіздікін ешкім елемейтін сияқты, т. б. » секілді ойларды ойлап қорқады. Дұрыстап тыңдаңыз:« Жер бетінде қанша адам бар, сонша ТҰЛҒА бар».

«БІЗ НЕНІ ОЙЛАСАҚ -СОЛМЫЗ!»

Slide 6

АФФИРМАЦИЯЛАР

Мен өзімді жақсы көремін.

Мен әдемімін.

Мен сұлумын.

Мен мейірімдімін.

Мен ақкөңілмін.

Мен кеңпейілмін.

Мен бауырмалмын.

Мен әрбір таңды күліп атырамын.

Мен өмірге ғашықпын.

Мен адамдарды жақсы көремін.

МЕН БАҚЫТТЫМЫН.

Slide 7

Қорытынды

Қорытындылай келе, бұл кітаптан түйгенім және аларым көп болды. Ең алдымен өзіңді жақсы көруді және өзіңді бағалауды үйретеді. Ия бұл өте дұрыс. Сен өз өміріңнің әміршісісің. Оны қалай басқаратының тек өзіңе және бір Аллаға байланысты. Кітаптағы кейбір жаттығуларды орындап көрмекшімін. Олар ренжіп жүрген адамдарыңды жазып мен сіздерді кешірдім, сіздерге көп рахмет дей отырып өртеу және өз армандарыңды орындалған секілді жазу тапсырмалары. Бұлар сенің өткенмен емес қазіргімен өмір сүруіңе және көңіл күйіңе әсері мол. Көптеген аффирмацияларды айтып үйрендім. Алдағы уақытта айтар ұсынысым кітаптың осыған ұқсас тағы бір кітабы шыққан. Сол кітап көпке қолжетімді болса деймін. Сөз соңында айтарым ешқашан оқудан жалықпа!

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері: анықтама, дискриминант формуласы, мысалдар мен тарихи шолу
Толық ықтималдық формуласы, Байес формуласы және Бернулли формуласы: теория мен қолдану
Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер: тарихы, түрлері және қорғау жағдайы
Сүтқоректілер класы: анатомиясы, эволюциясы, экологиясы және Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлері
Сезім мүшелерінің морфофункционалды сипаттамасы мен жіктелуі
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген буынақденелілер: биологиясы, қорғау шаралары және зиянды түрлермен күрес
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар: көру мен иіс
Еңбек физиологиясы: дене және ой еңбегінің ерекшеліктері
Эмоция және сезім: анықтамасы, түрлері және психофизиологиялық қызметтері
Эмоция және сезім: сипаттамасы, түрлері, қызметтері және психологиялық тренингтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz