Жасушалық цикл туралы түсінік




Презентация қосу
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Жасушалық цикл туралы түсінік.
II. Митоз және оның кезеңдері.
III. Апоптоз
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ағза онтогенезінде жекелеген жасушалардың өліп жойылуы ертеден белгілі. Оны
жіктелудің ақырғы нәтижесі ( эритроциттер, кератиноциттер) не қартаю
(нейрондардың өлуі) сияқты денеративтік құбылыстар салдарынан болатын
құбылыс деп түсіндіріп келген.
Бірақ, тек соңғы 15-20 жыл көлемінде ғана, жасушалардың өлуі тек
дегенеративтік құбылыстар , табиғи жолдар арқылы болып қоймай, сол сияқты
жасушаның өзін -өзі өлтіретіндігі, яғни жасушаның өлуіне өзі белсенді рөл
атқаратындығы белгілі болды.
Жасушаның мұндай өлуін ─ апоптоз─ жасушаның генетикалық бағдарланған
өлуі деп атайды.
Апоптоз деген термин ─ грекше « жапырақтың түсуі» деген мағынаны береді.
Жасушалық цикл

Жасушалық цикл – аналық жасушаның бөліну
арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге
дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атаймыз.
Жасуша тіршілігінің негізгі кезеңдері:
• Өсу фазасы,
• Бөлінуге дайындық фазасы
• Бөліну фазасы
• Жасушалық цикл 3 негізгі кезеңдерден
тұрады: интерфаза, митоз и цитокинез.
• Жасушалық циклдің ұзақтығы жасуша типіне
және ағзаның даму кезеңіне байланысты.
Мысалы: ұрықтанған жұмыртқаның
жасушалық циклі ұзақ емес.
• G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады:
митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық,
рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар клеткада
құрылымдық және функциональды ақуыздар түзіліп
жасушаның өсуі жүреді. Сүтқоректілерде 12 сағатқа
дейін.
• S фазада -ДНК репликациясы немесе екіеселену
процестері өтеді. Гистонды ақуыздардың синтезі
жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидке бөлініп
өзара центромерамен байланысады.
• G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе
макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия бөлінеді.
Бөліну ұршығы түзіліп, центриольдер репликациясы жүреді.
Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен
бақыланады.
• Интерфаза біткеннен кейін кариокинез немесе митоз басталады.
Митоз
• Митоз дегеніміз- диплоидты жасушаның бөліну процесі кезінде
жаңа екі диплоидты жасушаны беруін айтамыз.

Митоз бес кезеңге бөлінеді.
профаза.
прометафаза.
метафаза,
анафаза,
телофаза.
Профаза
• Профаза. Уақыты бойынша ең
ұзақ. Ширатылу мен
конденсация процестері
жүреді, хроматидтер қалыңдап
қысқарады. Центриольдер
клетка полюсіне ажырайды,
ядрошық кішірейеді
1-Интерфаза. 2-Ерте профаза. 3. Орташа профаза
Прометафаза
• Прометафаза. Мембрана
қабықшасы еріп майда
көпіршікке айналады, ламина,
аралық филамент-терге
өзгереді.
Метафаза
• Метафаза. Бөліну ұршығының
қалыптасуы аяқталады.
Микротүтікшелер хроматидтердің екі
жағына бекініп, оларды қозғалысқа
алып келеді. Хромосомалар
максимальді спирализацияланады,
экватор аймағына орналасып,
метафазалы пластинка түзеді.
Микротүтікшелердің 3-түрі бар:
1) кинетохорлы – хроматидтерді кинетохор аймағында байланыстырады .
2) астральды – центриолдерден жасуша беткейіне қарай бағытталған.
3) полярлы – центриолдерден (диплосом) ұршық орталығына қарай жүреді
Телофаза
Телофаза. Хромосомалар жасуша
полюстеріне жетеді,
деспирализацияланып, ұзарады.
Бөліну ұршығы жойылып, әрбір
хромосомалар айналасында
көпіршіктерден ядро қабықшасы
түзіледі, ламина және ядрошық
қалыптасады.
Цитокинез
Цитокинез кезінде цитоплазма актин
және миозиннен тұратын жиырылу
сақинасы арқылы бөлінеді. Жасуша
органеллалары – ЭПТ, Гольджи
аппараты қайта қалпына келеді.
Апоптоз

• Апоптоз-өте қызықты феномен. Бұл термин пайда болғанына көп
уақыт өткен жоқ. Жасушаның бөліну процессін бақылау, оның
тірі қалу уақытын анықтау үшін қажет.
• Жасушаның даму жылдамдығын анықтау үшін пролиферация
жылдамдығы мен өлу мерзімін салыстырады.жасушаның көбею
компоненттері стимуляция жылдамдығынан және басу
жылдамдығына байланысты.
Апоптоздың стадиялары

Қалпына келтірілетін
өзгерістер,бұл кезде апоптоз
процессі тоқтатылуы мүмкін
және жасуша құрылымдары
бұзылады.

Қалпына келтірілмейтін
өзгерістер,бұл кезде апоптоз
құрылымы бұзылып,жасуша
апоптоз денешіктерін түзеді.
Қорытынды
1. Апоптоз ағза тіршілігінде аса маңызды рөл атқаратын процесс, атап айтқанда
онтогенезде, жасушаның жаңаруында(қан, тері,ішкі мүшелердің эпителий)
жараның жазылуында т.с.с.
2. Онтогенез барысында мүшелердің дамып жетіліп, толық қалыптасуы жүреді,
мысалы, аяқ─ қол саусақтарының, ішек түтігіндегі қуыстың пайда болуы т.б.
Ендеше осы мүшелердің қалыптасуында саусақ аралық жарғақ жасушаларының ,
ішек түтігінің әшән толық алып жатқан эпителий жасушаларының жойылуы
апоптоздың нәтижесі.
3. Т- және В- лимфоциттердің аутореактивтік клондарының жойылуы, антигендер
әсер еткен лимфоциттердің ұзақ уақыт антигендер болмаған жағдайда тіршілігін
жоюы, ісік жасушаларының және жыныс жасушаларының жойылуы да апоптоздың
нәтижесі.
Пайдаланылған әдебиеттер


• 1.Молекулалық биология негіздері. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова
Л.Е. Алматы 2008 б.125-134
• 2. Биология. Под ред.В.Н.Ярыгина в других. «Высшая школа» М.,
2001 . Кн. 1, стр 335-339
• 3.Молекулярная биология. Н.Н.Мушкамбаров, С.Л.Кузнецев.
Мед.инф.аген. М.,2003 ,стр. 443-501
• 4.Молекулалық биология және генетика. Қуандықов Е. Алматы
2004 б.60-63
Назарларыңызға Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Жасуша және жасушалық емес құрылымдар
АПОПТОЗ -ФИЗИОЛОГИЯ, ӘЛДЕ ПАТОЛОГИЯ
Жасушалардың бөлінуы
Цикл операторлары
Митогенді факторлар мен өсуді тежеуші сигналдардың клетканың бөлінуіне әсері
Алгоритм түсінігі
Абцесс туралы түсінік
Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар
Клетка циклындағы ДНҚ репликациясының орны мен құбылыстары
ТҰМАУ ВИРУСЫ
Пәндер