Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері
Презентация қосу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ГОСУДАРСТВЕННОЕ
ДЕНСАУЛЫҚ КОММУНАЛЬНОЕ
САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ
ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ВЫСШИЙ
«ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»
МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
КӘСІПОРНЫ
ГОРОДА ШЫМКЕНТ
Тақырыбы:Мейіргер ісінің философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология. Емдеу сауықтыру
мекемелерінің негізгі түрлері. Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері. ЕСМ-ніңсанитария-
эпидемиологиялық режім.
ТОБЫ: АК20А
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : С А Д Р Е ТД И Н П
Қ А Б Ы Л Д А Ғ А Н : Б У Р И Б Е К О ВА
З АУ Р Е М А РАТ О В Н А
Жоспар
Кіріспе
Мейіргер ісінің философиясы
Негізгі бөлім
Кәсіптік этикамен деонтология
Емдеу сауықтыру мекемелерінің негізгі түрлері.
Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері.
Емдеу бөлмелерін жинастыру түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мейіргер ісінің философиясы
Мейірбике ісінің философиясы Философия дегеніміз не? Ол – дүниеге жалпы көз қарас жүйесі. Егер
біздер философия жалпы философияның бір бөлігі деген шындыққа жүгінер болсақ, онда мейірбикенің
жұмысында да үлкен философиялық мән жатыр . Олай дейтін себебіміз, мейірбикенің күнделікті атқаратын
істері де осы философиялық жүйелерге негізделген. Өйткені, бұл мамандық иесі өзінің жұмыстары арқылы
науқас адамның қоғамен және қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерден хабардар болып
тұруын қамтамасыз етеді. Осыдан барып мейірбике ісінде де өзінің атқарар жұмысын филосо-фиялық ой
елегінен өткізу қажеттілігі туындайды. Оның өзі мейірбике білімінің сапасын жоғары көтеру қажеттілігіне
әкеліп отыр. Мұның тағы бір басты себебі – бұл мамандық иелерінің қарым-қатынастары барысында жаңа
терминдер пайда болып, олар үнемі анықталып, дамып, жиі талқыланады. Ондай үрдіс қазір де жалғасып
келеді. Сондықтан да мейірбике білімін жаңа сатылық деңгейге көтеру қажеттілігі заңды құбылыс десек, онда
кәсіптік мейірбике қызметіне қойылатын талаптар да едәуір жоғарылады. Халықаралық келісім-шартқа
байланысты мейірбике ісінің философия- лылығы негізінен төрт түсінікпен анықталады: Науқас (пациент)
Мейірбике, мейірбике ісі Қоршаған орта Денсаулық Науқас (пациент) - мейірбикенің қамқорын қажет
ететін және сол қамқорлыққа ие болған адам. Мейірбике – мейірбикелік істе оның философиялылығын
бөлісетін, мейірбикелік жұмысқа құқығы бар кәсіби білімді маман.
Науқас (пациент) - мейірбикенің қамқорын қажет ететін және сол қамқорлыққа
ие болған адам. Мейірбике – мейірбикелік істе оның философиялылығын
бөлісетін, мейірбикелік жұмысқа құқығы бар кәсіби білімді маман.
Мейірбикелік іс – науқасқа медициналық күтім көрсету, қоршаған ортаның
өзгеру жағдайына байланысты адамдар денсаулығының потен- циалдық күрделі
мәселелерін көтеру, олардың денсаулығының жақсаруы-на жағдай жасау.
Қоршаған орта – адамның өмір сүру қабілетіне өзгерістер әкелетін, кері әсер
ететін табиғат, әлеуметтік, психологиялық және рухани факторлардың
жиынтығы.
Денсаулық – жеке тұлғаның қоршаған ортаға бейімделе отырып, гармониялық
дамуының нәтижесі. Өмір сүруге деген құштарлық.
Мейірбикелік іс – науқасқа медициналық күтім көрсету, қоршаған ортаның өзгеру жағдайына байланысты
адамдар денсаулығының потен- циалдық күрделі мәселелерін көтеру, олардың денсаулығының жақсаруы-
на жағдай жасау. Қоршаған орта – адамның өмір сүру қабілетіне өзгерістер әкелетін, кері әсер
ететін табиғат, әлеуметтік, психологиялық және рухани факторлардың жиынтығы. Денсаулық – жеке
тұлғаның қоршаған ортаға бейімделе отырып, гармониялық дамуының нәтижесі. Өмір сүруге деген
құштарлық. Мейірбике ісі философиялылығының негізгі принциптері: өмірге құрмет адамға құрмет
адам құқығына құрмет Бұл принциптердің жүзеге асырылуы мейірбике мен қоғамның арасын- дағы
өзара қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Сонымен қатар бұл прин- цитерде мейірбикенің қоғам
алдындағы, науқаспен және қоғамның мейірбике алдындағы жауапкершіліктері қарастырылған. Қоғам
мейірбикенің денсау- лық сақтау саласындағы маңызды орнын мойындауға, жарнамалауға, оларды заң
актілерін шығару арқылы марапаттауға, құрметтеуге міндетті. Осы заманғы мейірбике күтімінен
басқа, науқастың психологиялық ерекшелік- теріне де мән беруі керек. Ол үшін мейірбике мынаны білуі
қажет: а/ аурудың шағымдары мен синдромдарын; б/ ауруды шақыратын себептерін; в/
жинақылық күтім жоспарын жетілдіру. Осыған байланысты мейірбике ісінің маңыздылығына мән
беру. Оның ішінде: Халыққа және емдеу мекемелерінің әкімшілігіне мейірбике ісінің маңыздылығын
түсіндіру. 2. Мейірбикенің міндеттерін кеңейту және күтім қызметін еркіне қою жолымен олардың
жұмыс істеу мүмкіндігін дамыту. 3. Жоғарғы білікті мейірбике дайындау үшін және диплом
жұмысы- нан кейінгі дайындықты өткізу үшін сапалы оқу процесін ұйымдастыру. 4. Белгілі стильмен
мейірбикенің ой-пікірін дағдылау. Мейірбике ісі философиялылығының маңыздылығы –
мейірбикенің кәсіби шеберлігінде. Ең бастысы – жұмыста науқастармен қарым-қатынас кезінде
мейірбикенің дүниетанымы әрдайым жоғарыдан көрініп отыруы тиіс. Мейірбике өзінің
философиялық көзқарасын нығайта отырып, өзіне мынадай этикалық міндеттерді, этикалық байлықты
(бағалануы), мейірбике- лік адамгершілік қасиеттерін қабылдауы тиіс.
Кәсіптік этикамен деонтология
Дәрігер үшін де, орта буын медицина қызметкерлері үшін де ең басты қағида - адамгершілікті,
ілтипатты мейірімділікті сақтай білу. Бір кезде халқы құдайдай сенген пір тұтқан, төредей күтіп
сыйлаған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің бұл күнде ел арасындағы абырой-атағы,
сый-сияпаты, құрметі бұрынғыдай емес әжептәуір төмендеп ақ кеткен. Бұған кім кінәлі? Ең әуелі
сол медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің өздері кінәлі.
Адам баласы өзін біреуге сыйлата алу үшін, ең әуелі өзінің сыйласымды болғаны дұрыс.
Өзің дөрекі, мәдениетсіз, білімсіз, санасыз, кір-қожалақ, салдыр-салақ болып тұрсаң сені кім
сыйлайды? «Сыйға - сый, сыраға - бал» деп бұрынғылар бекер айтпаған. Мүмкін дәрігерлеріміз
бен медицина қызметкерлеріміздің ел арасындағы қадір-қасиетінің тым төмендеп кетуі
қоғамымыздағы болып жатқан экономикалық, саяси рухани өзгерістермен тұрмыстық-әлеуметтік
жағдайлардың өте нашарлап кетуіне де байланысты шығар. Қалай болғанда, ел басына қандай
қиыншылық түссе де дәрігер болсын, орта буын болсын, кіші медицина қызметкерлері болсын
өзінің қадір қасиеті, намысы, мамандығының абырой-атағы үшін күресе білуі керек .
Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл
адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын
этиканың негізгі бір саласы. Дентологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын
ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып,
жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен үйлесімді түрде үйлестіре алуында. Медициналық
дентология дегеніміз - медицина қызметкерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы
атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.
Біздің дәуірімізге дейін ІХ ғасырда өмір сүрген атақты үнді дәрігерінің «Өмір кітабы” атты
еңбегінде дәрігерге былай деген өсиет айтады: «Дәрігер іс жүзінде табысқа жету үшін: өзінің
дені сау, мұнтаздай таза, қарапайым, шыдамды, сақалы қысқа етіп бастырылған, тырнақтары
алынған, ақ жиде жұпыны киім киген болуы керек. Сөйлеген сөзі жұмсақ, жағымды, тартымды
және үлкен үмітпен айтылуы қажет.
Дәрігердің ақ жүректі адал, қайғыға ортақтасқыш, сезімтал, тура мінезді, байсалды, ерекше
сабырлы, асқан ақылды әрқашанда жақсылық істеуге тырысып тұратын адам болғаны абзал.
Медицина қызметкерінің орта және кіші буынды қызметкер әріптестері арасында сабырлы әрі
ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге болмайды.
Өзінен жасы үлкендерге «Сіз» деп және дәрігерлерге аты мен әкесінің атын атап сөйлескені
жөн.
Емдеу сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория және
стационар. Амбулаториялық типтегі мекемелерге жатады: амбулатория
Емдеу сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория жәнестационар.
Амбулаториялық типтегі мекемелерге жатады: амбулаториялар,
емханалар, медициналық-санитарлы бөлімдер, диспансерлер, консультациялар, жедел
жәрдем станциялары.
Стационарлы типтегі мекемелерге жатады: ауруханалар, клиникалар,
госпитальдар, босану үйлері, санаториялар, хоспистер. Емдеу және алдын-алу
жұмыстарының сапасын жоғарлату мақсатында емханалар амбулаториялармен
және стационарлармен бірлесіп жұмыс істейді. Бұндай жұмыстың құрылымы
дәрігерлердің біліктілігін жетілдіруге, сонымен қатар тұрғындарды
қамтамасыз етудің сапасын жақсартады.
Ауруханалар жалпы, республикалық, облыстық, шеткері, қалалық, аудандық
және селолық деп бөлінеді. Арнайы ауруханалар (онкологиялық, туберкулез
ауруларын емдейтін және т.б.) өзінің саласына байланысты қаланың шетінде
немесе қаланың сыртында, көгалды аймақтарда орналасады.
Аурухана құрылысының 3 негізгі типі бар: дұрыс, орталықтандырылған
және аралас.
Дұрыс салынған жүйеде аурухананың терриоториясында шамалы бөлек
ғимараттар салынады. Орталықтандырылған типтегі құрылыста ғимарат
жабық жер асты немесе жер асты дәліздермен біріктіріледі. Аралас типтегі
аурухаларда негізгі инфекциялық емес бөлімшелер бөлек үлкен ғимаратта, ал
инфекциялық бөлімшелер, шаруашылық құрылыстар бірнеше шамалы
ғимараттарда орналастырылады.
Аурухана аймағы үш аумаққа бөлінеді: ғимарат, шаруашылық алаңы және
қорғаныш көгал зонасы. Емдік және шаруашылық зонасына кіру жолдары
бөлек болу қажет.
Ауруханалар мынадай объектілерден
тұрады
1. Арнайы бөлімшелерден және палаталардан тұратын стационар.
2. Қосымша бөлімшелер (рентген бөлмесі, патологанатомиялық бөлме) және
зертхана.
3. Аптекалар.
4. Емханалар.
5. Асхана.
6. Кір жуатын бөлме.
7. Әкімшілік және басқа да бөлмелер
Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы, хирургиялық,
терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б) пациенттерді күтуге арналған.
Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Стационарда заманауи,
диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін пациенттерді қабылдайды және
емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық қызметтерді көрсетеді.
Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға арналған
палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден, арнайы бөлмелерден
(емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар мейірбике бөлмесі, бөлімше меңгерушінің
бөлмесінен тұрады.
Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері.
АІИ – бұл науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты
жұқтырып аллы.Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамы с а немесе ауруханадан
шыққаннан кейін соңғы үш тәулік бойында байқалса, бұл аурухана ішілік инфекция
ретінде қарастырылады.АІИ - на «госпитальды, нозокомиальды» деп те атайды.
Аурухана ішілік инфекция көзі
1.Ұзақ уақыт тасымалдаушы болған және сырқаттардың жасырын түрімен ауырып жүрген
медицина қызметкері.
2. Стационарда ұзақ уақыт емделіп жатқан науқастар. Олар өте төзімді АІИ штаммынаң
тасымалдаушысы болады.
Аурухана ішілік инфекцияларға (АІИ) пациент ауруханаға түскеннен бастап оған
жұғатын немесе көмекке келген кезде ауру симптомдарының байқалуынсыз ауруханада
жатқанда немесе шығарылған кезде байқалатын клиникалық анықталынған кез келген
ауру.
АІИ-ның басқа да атауы бар: госпитальді, нозокониальді. АІИ-ға жататын аурулардың
көпшілігі медициналық араласумен байланысты. АІИ-ның шамамен 85%-ы іріңдісептикалық
инфекция (ІСИ), 6-7%-ы вирусты гепатиттер В,С,Д: клиникалық
инфекциялар -7-8%; соның ішінде 80% жағдайда –сальмонелез.
АІИ-ның пайда болуына әсер ететін факторлар:
Организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
Штаммдары антибиотикке төзімді микроорганизмдердің таралуы ;
Пациентті күту кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтамау ;
Инвазивті манипуляциялардың (организмдегі тіннің бүтіндігін зақымдайтын) көбеюі;
Емдеу - алдын-алу мекемелерінің адамға толуы;
Құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.
Қауіп топтары:
Хирургия, урология, реанимация бөлімшелеріндегі жағдайы ауыр науқастарда, әсіресе егде жастағыларда,
балаларда және оларды
күтетін адамдар немесе оның туыстарында
инфекция жұғуының қаупі жоғары;
Медицина қызметкелері, әсіресе бірнеше рет қолданылатын, биологиялық сұйықтықтармен
былғанған және тазартудың барлық этаптарын қажет ететін құралдармен жұмыс
істейтіндер.
«Инфекциялық үрдіс» түсінігі макро- және микроорганизмдердің бірлесіп әр түрлі
сферадағы: жедел, созылмалы, жасырын, сонымен қатар тасымалдау инфекциясының
дамуын анықтайды.
Инфекцияның дамуын тудыратын негізгі жағдай ауру қоздырғышының болуы.
АІИ-ны тудыратын микроорганизмдердің негізгі түрлері корь, скарлатина, дифтерия
және басқа да балалар ауруларын, клиникалық (сальгогенез және басқа) В және С
гепатиттерін тудыратын облигатты патогенді микроорганизмдер және шартты патогенді
микрофлора: стафилококктар, жылтыр стафилококк, стрептококтер, синегной таяқшасы,
псевдолюпадтар, Гр «-» бактериялар және оның токсиндері (ішек таяқшасы, протеялар,
сальмонеллалар т.б.).Сонымен қатар саңырауқұлақ инфекциясымен ВИЧ-инфекциясымен,
цитомегаловируспен аурухана ішілік жұғу жолдары аз жағдай емес.
Емдеу бөлмелерін жинастыру түрлері
Жинаудың мына түрлері бар:
· Дымқыл жинау;
· Генеральды жинау;
· Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау.
Дымқыл жинау палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды, есіктер) сөткесіне 2 рет
жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады); жуу
ерітіндісін 1 рет қосу арқылы (10 л суға 50 г құрғақ зат), 2-ші рет бекітілген концентрациядағы
дезинфекциялақ затты қолдану арқылы.
Қорытынды дезинфекция – науқас шыққан соң, ауыстырылған соң, өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті
дезинфекция жасалады.
Қорытынды дезинфекция – науқас ауруханадан шыққаннан кейін, басқа бөлімшеге ауысқанан кейін, немесе қайтыс болғаннан
кейін, босаған палатада дымқыл жинау басталады, қорытынды дезинфекцияға сәйкес. Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау
мынадай әдіспен жүргізіледі, бөлменің төбесін, қабырғаларды, төсектерді, тумбаларды, үстелдерді және де басқа жиһаздарды
бекітілген концентрациямен дымқыл матаны дезинфекциялық ерітіндіге малып алып шаю, сүрту (кесте 2).
Қорытынды
Қорытындылай кале, емдеу-сақтандыру мэкемелерінде барлық тазалық ережелері
сақталлы тиіс. Сонамен қатар, АІИ-дің алдын алу шараларын міндетті түрде орындаллын
қадағалау. Медицина қалай дамы с а, аурулар түрлері де сол сияқты түрленіп, олардың
кездесу жиілігі доғарылайды. Сол себептен, дезинфекция жүргізген сайын олар соған
бейімделіп, төзімділік көрсетеді. Алайда дезинфекциясыз аурухана өте қауіпті жерге
айналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz