Ұлттық тәрбие, Этникалық тәрбие




Презентация қосу
Тақырыбы:Тәрбие,Ұлттық тәрбие,Этникалық тәрбие.

Орындаған:Сағынбаева Шұғыла
Тексерген:Молдабекқызы Гүлзира
Жоспар
І.Кіріспе
1.Тәрбие түрлері
ІІ.Негізгі бөлім
1.Жаһандану үдерісінің ұлттық тәрбиеге әсері.
2.Қазақстанда ұлттық тәрбиенің өзекті мәселесі.
3.Ұлттық сана сезімнің мән мағынасы.
4.Мен,Біз,Бірге – зияткер және бәсекеге қабілетті ұлтпыз.
ІІІ.Қорытынды бөлім
Тәрбие түрлері
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу
мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.Тәрбиеші және тәрбиеленушілерБесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен
тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.
Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру
болып табылады.
Ұлттық тәрбие – Ұлы тәрбиеЖас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін
алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз
жөн». Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени
мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға
қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;- жас ұрпақ санасына туған
халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;- ана тілі мен дінін , оның
тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;- жас ұрпақ бойында жанашырлық,
сенімділік, намысшылдық,азаматтық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана
басты мақсатқа жетеміз.
Жаһандану үдерісінің ұлттық тәрбиеге әсері
Жаһанданудың, оның ішінде, тілдік жаһанданудың байыбына барсақ, оның мәні бір ғана тілге тіреліп тұрмағанды­ғын
аңғарар едік, егер мәселе тіл төңірегінде ғана болса, ол қазіргіден де оңайырақ соғар еді. Мәселе – өзге тілдің
үстемдігінде емес, қандастарымыздың ана тіліне, отан­дастарымыздың мемлекеттік тілімізге немқұрайдылығында,
сондықтан да дү­ниеге өзгелердің көзқарасымен қарауында. Ширатыңқырап айтсақ, мәселенің мәні – қоғамға, тұрмысқа,
болып жатқан дүние жаңалықтарына өзгелердің ойымен, пайымымен, дайын қорытындыларымен қарау. Яғни өзімізге
қаратып айтсақ, бүгін қазақ баласының, әсіресе қалалық оқығандары айналаға, әлемге өзгелердің көзімен қарап, қазақша
емес, басқаша ойлайтын болды. Дүниеде себепсіз нәрсе болмайды десек, мұндай көзқарастың төркіні күнделікті өмір
салтынан, тұрмысымыздан, әрбірден соң қолданатын затымыздан, киетін киімімізден, ішетін асымыздан. Оған
теледидарды, ғаламторды, елімізді жаулап алған өзгетілді ақпарат құралдарын қосыңыз. Сонда өзгермегенде қайтеміз?!
Өзгелердің дайын үлгілерін пайдалану, заттарын қолдану санамызға әсер етпей қоймайды. Сөйтіп, бүгінгі жаһандану
заманында мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі, шынтуайтында, АҚШ-тың, Ұлыбританияның немесе Ресейдің нұсқауымен
емес, қазақтың өзінің көзқарасының өзгергенінен өркендей алмай жатқаны бүгінгі күннің ақиқаты. Ұлттық жаңғыру
деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар.Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің
көкжиегін кеңейту.Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Қазір
салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Ұлттық
тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілі...Ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы жан-жақты
дамыған білімді шәкірт тәрбиелеу;
Қазақстанда ұлттық тәрбиенің өзекті мәселесі
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық
салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен
аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып,
болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор,
сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар
тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани
мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби,
музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп
жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне , ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге,
құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні
үлкен. Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-
дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет.
Ұлттық сана сезімнің мән мағынасы

Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың
білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады.
Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта
қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың
рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани
дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің
өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.
«Мен,Біз,Бірге – зияткер және бәсекеге қабілетті ұлтпыз»

Мұндай көзқарас тұрғысынан зерделегенде, этникалық барабарлық (МЕН) пен азаматтық барабарлықтан (БІЗ)
бәсекеге қабілетті зияткер ұлтқа (БАРШАМЫЗ) бағыт алған қозғалыс Қазақстан Мемлекеті болашақ маманының
ұлттық сана-сезімін, ұлттық рухын, азаматтығын, патриоттығы мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың
негізгі даму векторы болып табылады. Бұл – Қазақстанның өркениетті даму жолы. Бұл – еліміз тәуелсіздік алған
күннен бергі уақытта жарияланған барлық стратегиялық азақстан халқы...» деген сөздермен басталатын НегізгіБiз,
ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Заңының кіріспесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстан осында
өмір сүретін барша адамдардың, түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің отанына айналды. Оларды ортақ тарихи тағдыр
біріктіреді. Мемлекет құрушы этностың рухани дүниесі мен ділін түсінуге, тілі мен салт-дәстүрін, тарихы мен
тұтастай ұлттық мәдениетін білуге негізделген өзара сыйластық сезімінен артық еш нәрсе де әртүрлі ұлт
өкілдерінің басын біріктіре алмайды.ұлттық жобалардың, Мемлекетбасшысының Қазақстан халқына
Жолдауларының негізгі өзегіне айналған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының даму жолы.
Қорытынды
Мектеп тәрбиесінен өтпеген бала – суарылмай тұрған гүл
сияқты,барлық әсем түсінен айырылып қалады.
Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбеинің
күшімен ғана ақылға келтіруге болады.Сондықтан тәрбиеге
әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.

Ұқсас жұмыстар
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары
Тәрбие түрлеріне сипаттама
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Тәрбиенің мақсаты
Қазақ халқындағы азаматтық патриоттық тәрбиенің ерекшелігі
Қазақ этнопедогогикасының зерттеу әдістер
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
Тұлғаның рухани және дене қалыптастыру
Пәндер