Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы




Презентация қосу
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫ
Қ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Орындаған:
Қабылдаған:
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ДЕГЕНІМІЗ
Фразеология термині белгілі бір тілдегі
фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген
мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді
зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады.
І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ
фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де
қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған
сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы
жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-
тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық
тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім.
Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де
анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз
байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы
сөздікте қамтылған алуан түрлі
фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза
салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын
тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я
ЭТНОФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ

Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер лексиканың ең бір негізгі саласы, тіл
байлығының көрсеткіші болып табылады. Тұрақты тіркестер өзінің
экспрессивті-эмоциялық əсерлігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер
мəнерлілік қасиетіне байланысты көркем шығармада молынан қолданылып,
олар адамның тіл байлығын арттыруға, ойын өрістетуге, көркемдік талғамын
ұштауға жəрдемін тигізеді.

Қазақ тіл білімінде, тюркологияда фразеологияның жалпы проблемалары бұл
күнде жан-жақты қарастырылуда. Жалпы тюркологияда елеулі орын алатын
бұрынғы сөздіктерде идиомдық жəне басқа тұрақты сөз тіркестері тым сирек
кездеседі. Фразеологизмдер — тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі, яғни өзінің
көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан, стиль жағынан
да оларға тəн ерекшеліктері бар. Тілімізде көкейге қонымды, көркем, тілге
орамды алуан түрлі сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-
қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мəтелдермен
бара-бар жоғары бағалап, оларды сақтап келеді. Сол сан-саналы тізбек,
қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерін жинау, топтастыру, мəн-мағынасын
ашудың қажеттілігін байқаймыз.
Этнофразеологизм белгілі бір
ұлтқа тəн, сол ұлт қолданысының
əдет-ғұрып, салт-сана,
мəдениетіне байланысты
кездесетін фразеологизмдер.
Мəселен, азан айтты, бас құда,
қалың мал, дөнен қымыз, шаңырақ
көтерді, тұсау кесті, қырқынан
шықты, үйірімен үш тоғыз, тағы
басқалары секілді
фразеологизмдер өзге ұлттарда
кездеспейді.
Біріншіден, біз фразеологияны тұтастай емес, ондағы ұлтқа тəн тұрақты сөз тіркесін бөліп
қарауды жөн көрдік. Екіншіден, этнос туралы толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында
ғана сақталады. Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазбалар мен
сəулет кесенелері, тас мүсіндері мен қашалып жазылған тас ескерткіштері арқылы да жетіп
жатады. Бірақ бұлардың бəрі — этнос басып өткен өмірдің мың да бір елесі ғана. Этностың
шынайы белгісі, бейнесі, болмысы оның тілінде ғана, тіл арқылы ұрпақ жадында ғана
сақталады екен. Этнос тілінде тек оның өзі туралы ғана емес, өзі жасап келе жатқан табиғи
ортасы мен қоғамдағы қарым- қатынастары туралы да, жан дүниесі, жүрек сыры, қуануы,
сүйінуі, ренжуі мен күлуі, түс көруі, ұққаны мен түйгені, танымы мен талғамы, барлық тағы
басқа құбылысты өзінше бағалап-бағамдауы — бəрі-бəрі, біле білсек, өз тілінде өрнегін
тауып, өзін-өзі көрсететін айна іспеттес [2; 11].

Қазақ халқы өзінің өткен тарихында талай көрші елдермен, шет жұрттармен экономикалық
əрі мəдени қарым-қатынасты басынан кешіргені мəлім. Тілімізде осыған орай туған толып
жатқан тіркестер бар. Олардың бірқыдыруы жазба əдебиеті, хиссалар арқылы, екіншілері —
сауда-саттыққа байланысты, үшіншілері — дін таратушылардың уағызымен, тағы біреулері
екі елдің күнкөріс тірлігіндегі ортақ ой-сана, дəстүр тауқіметімен түрліше ықпалдарға сай
туып отырған. Мəселен, қазақ арасына таралған Абылай аспас асу; Атымтайдай жомарт бол;
Наушаруандай əділ бол; Аплатондай ақылды; Бұланнан үлкен аң болмас; бұланайдан үлкен
тау болмас; Барар жерің Балқан тау, ода біздің көрген тау; Ұлын ырымға, қызын қырымға,
тағы басқа фразаларда өзге жұрттардың өткендегі мəшһүр адамдары, шет елдің топоним,
ел билеу, əкімшілік қалпын қабылдауға байланысты енген толып жатқан фразеологизмдер
бар. Мəселен, кейбір зерттеушілердің еңбектерінде қазақ арасындағы «тоғыз» санына
байланысты ырым-кəде, тарту-таралғы, айып-жазаның көбі монғол елінің мəдени
тіршілігінен ауысқан делінген. Осыдан келіп тілімізде бір тоғыз, үш тоғыз, бас тоғыз, аяқ
тоғыз тəрізді фразалар келіп шыққан деседі.
Сонымен, этнофразеологизм дегеніміз — этнос болмысына қатысты фразеологиялық бірліктердің
жиынтығы, синтезі. Этнофразеологизм — ұлт тілінің таусылмайтын қазынасы.

І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінен» қазақ ұлтына мейлінше жақын фразалық тіркестер
жинастырылды [3]. Сөз таптарына қатыстылығына байланысты сөз етсек, олардың ішінде мол
кездескендері зат есім, етістік жəне аз да болса одағай тіркестер.

Қазақ тілінде де, басқа түркі тілінде сияқты, фразеологизмдердің сөз табына қатыстығы жағынан
ең көбі етістік фразеологизмдер. Тұрақты етістікті сөз тіркестері өзінің семантика-грамматикалық
табиғатында жалаң жəне күрделі деп бөледі.

Жалаң етістікті фразеологизмдер үлгісіне: аза күтті, айтұяқ шалды, бақан аттар, бата қылды; бəйге
тікті, бата оқыр жəне тағы басқалары жатады.

Күрделі етістікті фразеологизмдердің вариант қатарларына мысалдар: аза күтті / аза қылды;
жаназа оқыды / жаназасын шығарды; жолын қылды / жол алды жəне тағы басқа күрделі етістіктер

— тұрақты тіркестер, яғни идиомаланған тіркестер. Мұндай іштей грамматикалық жағынан
бөлінбейтіндей болып, лексика-грамматикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей
болып орныққан бір бүтін тұлға есебінде қолданылатын етістіктің мұндай түрлерін А.Ысқақов
тұрақты тіркестер деп атаған.
Сонымен, тілімізде ойымызды бейнелі, мəнерлі етіп, айқын
жеткізуде өзінің бейнелілігімен, əсерлілігімен,
экспрессивті-эмоционалды бояуымен жəне ұлттық
сипатымен айрықша көзге түсетін
этнофразеологизмдердің маңызы ерекше құнды.
Тіліміздегі этнофразеологизмдер — ұлт тілінің көрсеткіші.
Этнофразеологизмдер ұлттық болмысымызды көрсететін
этнолингвистикалық арналар болып табылады. Осы
орайда қазақ тілінің фразеологиялық қорындағы даяр
қалпында қолданылатын тұрақты тіркестердің қалыптасу
уəждерін, шығу тарихын зерттеу, зерделеу, ұлт тілінің
байлығы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу — тілтану
ғылымындағы ең бір өзекті мəселелердің бірі десек, артық
етпес.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАҚМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Мақаланың жазылуы және оған қойылатын талаптар
Фразеологиялық тіркестер
Ғалымдардың фонетикаға қатысты зерттеулері
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Атаулар сөздігі
Миссионерлік бағыттағы қазақ фонетикасының зерттелуі
Махмұт Қашқари
М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өсу жолы туралы ақпарат
Қазақ тілінің лексикологиясы
ЛЕКСИКОЛОГИЯ
Пәндер