РӨЛДІК ОЙЫН ӘДІСІ




Презентация қосу
РӨЛДІК ОЙЫН ӘДІСІ
Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі
бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын
меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер
арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Бұл әдістің артықшылығы:
әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында
көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай
шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің
салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.
Рөлдік ойынның мәні:
а) болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін
дамытады
ә) қажетті сөздерді неғүрлым көп меңгерсем,
дүрыс жауап берсем деген ойды туғызады;
б) ойын барысында тілдік қатынастар ерекше
маңызға ие болады;
в) сөйлеу мәдениетін дамытуға өз септігін тигізеді
Рөлдік ойынның барысы.
• Рөлдік ойындар дәстүр бойынша микроэтюдтар мен
макроэтюдтарға бөлінеді. Микроэтюд бойынша ойыншылар
төрт адамнан аспауы керек. Ал макроэтюдта ойынға бес
адамнан бүкіл топқа дейін қатысуы мүмкін. Рөлдік ойындар
бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге негізделеді.
Мәселен, білімгерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын
дұрыстау, әлеуметтік теңсіздікті жою т.б.. Рөлдік ойындарда
міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік
қатынастары қальштасады.
• Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері
хақ. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін,
мамандыққа қатысты терминдерді қолдана білу деңгейлерін
дамытады. Сөйтіп, ойын - дұрыс сауатгы сөйлеу, тыңдап түсіну
деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін
құралдың бірі болып табылады. Ол білімгерлерді шет тілінде
сөйлету құралы. Сабақ сөйлеу әрекетіне негізделуі керек.
Қазақ тілін оқытудағы рөлдік
ойындардың орны.
• Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың
пайдасы зор.Ойын —оқушылардың тілді
үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік
ойындарда барлық оқушыларға бірдей рөл тиеді
де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа
түсіп,сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп,
бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият
тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал
мұғалім тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары:

• Ойын оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет.
Сонымен қоса, ең бастысы оқушылар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап
алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді
шығады.
• Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
• Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға
ойнайтын болады.
• Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса
ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
• Кейде мұғалімнің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына
болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай
болсын.
• Ойын барысында мұғалім оқушының қатесін бірден түзетпейді, тек
білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай
қателермен жұмыс істейді.
Рөлдерді бөлу
Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл,
адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Оқушы өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын
шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті
жоқ, себебі оқушы өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол
үшін уақыт беру керек.

• Рөлдерді мұғалім бөледі, кейде оқушылардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ
тілін өзі қаншалықты біледі, соған орай өздеріде рөлді тез тандайды. Өткізген ойынға
қорытынды жасаған кезде мұғалім дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай
болғаны жөн. Өйткені, оқушының ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын
айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.

• Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған
жөн. Артынан оқушылармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір
тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда мұғалім ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған
қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте
сақтайды.
Қорытынды
• Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоциональды және тиімді
жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи дұрыс тәсіл.
Ойын кезінде бала өзінің нақты өмір тынысын, шынайы
табиғатын танытады. Бұл оқушының оқиғаға деген ынтасын
арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады. Ойын –
шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін
қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог
Д.Б.Элкониннің айтқанын еске алсақ: «Ойын – баланы ешкім,
ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге,
кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін
зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама
жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға
үйретеді».
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Оқытудың компьютерлік технологиялары
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспары
Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі
Тренинг ждүргізуші
Белсенді оқыту әдістерінің жіктелуі
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы
Балалардың дәрігер мамандығы жайлы білімдерін кеңейту
Сюжеттік-рольдік ойындар
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР
Пәндер