Көнерген сөздер




Презентация қосу
Көнерген
сөздер
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста
жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік
қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.
Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі
және қолданылу сипатына қарай өзіндік
лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі
бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз
табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек
қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан,
алдаспан) болып бөлінеді.
КӨНЕРУ СИПАТЫ МЕН ТІЛДЕГІ ҚОЛДАНУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ
КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР

архаизмд историзмд
ер ер
Архаизмдерге әр халықтың күн көріс
тіршілігіне салт-сана тұрмысына,
әдет-ғұрпына, дүние танымына
қарай әр дәуір де өзгеріп басқаша
сөздермен ауысып отырған немесе
ескіріп біржола қалып қойған сөздер
жатады. Қазақ тілінде
архаизмдердің мынадай түрлері бар:
1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер:
торқа, мақпал, шайы, пайы, мауыты, биқасап, борлат,
лостек, ақсақ, репес, манат, дүрия, патсайы, берен, тұқаба
т. б.
2. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауьш , ас
беру, ұрын бару, құда түсу, кит кию, жылу,тілеу азық,
мертік ас, жарыс қазан, тоқым қағар, отқа салар. бесік
кұда, бас құда, жеңгетай. беташар, тасаттык, бастаңғы,
қол кесер, шашу, барымта, көрімдік, қалың мал, байғазы,
өлітірі, қырықжеті.

3 Киім-кешек, ыдыс-аяк, атауларына қатысты архаизмді:
шидем, шекпен, күпі, кебіс, сәукеле, жарғак, аба, кісе,
жаулық, қоқы, жағлан, күлапара, қол жаулық, кебеже,
шара аяқ, көбіс, сапты аяқ, түтқыш, казан қап, көнек,
асадал, талыс, шөншік . керсеп ~ астау, кебіс, т. б.

4 Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет кайым, мүңкір-
нәңкір, қазірет, біродар, зікір, жаназа, мүпти, підия,
ақирет, қажы, калпе, зекет, құшыр, сәлде, жарапазан,
әзірейіл, періште, сәресі, айт, ішірткі, ораза, иігір,
бойтұмар, әулие, әнбие, жар болу, аян беру, кітап ашу,
Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш
түрлі болады:
1. Әбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер. Бұл тәрізді архаизмдердің мән-мағынасын белгілі
деректерге сүйеніп, сұрап білу арқылы болмаса, қазіргі кезде мүлдем түсініксіз болады да, ешқандай туынды сөз жасауға
қатыспайды. Мысалы, Керекейді атпа, қонжығы жетім қалады (Мақал). Асабасы жоқ асқа жарымас (мақал). Бірдің кесірі
мыңға, Мыңның кесірі түменге (мақал). Осындағы керекей — аюдың ұрғашысы,қонжық — аюдың күшігі, асаба —
дастарқан ағасы, тамада, түмен — он мың деген ұгымды білдірсе керек. Бұл сөз-дердің мағыналары іздестіріп,сұрап білу
арқылы ғана анықталып отыр

2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған, көнерген сөздер
бүлдіршіндей (бүлдіріш, баланадай (бадана), сүйріктей (сүйрік), алпамсадай (алпамыс), еңгезердей (еңгезер), бырдай
(быр), дардай (дар), тығыршықтай (тығыршык), абажадай (абажа), добалдай (добал), қаршадай (қарша), зәредей (зәре),
шырадай (шыра), т. б.

3.Жеке сөз ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мәтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында әлі де
қолданыла беретін көнерген сөздер: торқа—жібек, жарак,—қару, күсу—жеру, қунау—сергу, қырым—алыс, сауға—араша,
кент— қала, жарлық—бұйрық, азар—өкпе, зейнет—рақат, түлен түртті — сор. Архаизмдер жеке сөз түрінде де сонымен
бірге сөздің көнерген бір мағынасы ретінде де кездсседі. Мәселен, Таныған жерде бой сыйлы.’Танымаған жерде тон
сыйлы (мақал) дегендегі тон деген сөз ертеде киім мағынасында жұмсалған болса, казіргі кезде бұл сөз бұл мағынада
мүлдем колданылмайды.
Дәуірі өтіп сол ескі заманның
езімен қоса жоғалған сөздер
историзмдер деп
аталады.Историзмдердің
көнеруі тарихи атаулардың
кұрып бітуімен біржола
жоғалуымен байланысты
болады. Историзмдерді де
бірнеше топқа бөлуге
болады:
1. Әкімшілік басқарумен байланысты туған историзмдер; хан, ханша,
ханым, ханзада, так, таж, уәзір, бек, бекзада, датка, патша аға
сұлтан, ауылнан, болыс , старшын, би, казы, атшабар шабарман
нөкер, құл,күн, орда малай, бикеш,, бәйбіше,тоқал, дуан,елубас, г б.

2. Әскери атақ пен қару-жараққа қатысты историзмдер; Садақ, жак,
жебе, қорамсак, оқшантай, сауыт, қалкан, айбалта, найза, жасақ,
қосын, шеру, сарбаз, дулыға, байрақ, адырна, қозы жауырын,
ақберен, шарайна, наркескен, кіреуке, аламан, білтелі мылтык, шиті’
мылтык, алдаспан т. б.

3. Совет тұсында пайда болған историзмдер: нарком, губком, совдеп,
рабфак, алшылар комитеті, кедейлер комитеті, партия ұясы, қызыл
эскер, қызыл отау, нәп, нәпман, косшы, өзара салық, БК(б)п, ұя
қатшы, сауатсыздықты жою (саужай). старба, қара айғыр, төраға т. б.
НАЗАРЛАРЫҢ

ЫЗҒА
РАҚМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
ДИАЛЕКТ СӨЗ КІРМЕ СӨЗ
Көнерген сөз
Лексикадан өткенді қайталау
Фразеологизмдердің ұлттық нышандары мен фразеологиялық мағына
Ілияс Жансүгіров шығармаларының лексикасы
СӨЗ ҚАЗЫНАСЫ
Кірме сөздер жайлы
Кірме сөздер туралы жалпы түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНЫҢ ҚАЛАНУЫ ЖӘНЕ БАСҚА САЛАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Пәндер