Этнолингвистикалық этюдтер



Этнолингвистикалық этюдтер

Этнолингвистикалық этюд түсінігі
«Этнолингвистикалық этюдтер» деп отырғанымыз - этнос болмысын танып-білу максаты мен «тіл әлемін» түбегейлі зерттеудің нәтижесінде әрбір негізгі мағыналық бірлікті және оған қатысты этнолингвистикалық арналарға деректерді жоғарыда айтылған сатылы қатыстық тәртібімен (негізгі - туынды - қатысты атаулар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері) берілетін түсініктемелер, анықтамалар, мағлұматтар, топшылаулар. Олар этнолингвистикалық жұмыстың түрі мен мақсатына (монография, сөздік мақала т. б. ), әр түрлі бұлақтардан жиналған информацияның мазмұнына қарай қысқа да, көлемді де болуы мүмкін.

Енді жеке мақала ретінде берілген этнолингвистикалық этюдтің үлгі-жобасы ретінде 1-2 мысал келтіріп өтейік.
Мысалы: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «итсигек» сөзіне: «буын тәрізді бұтақтары бар, биіктігі 30-100 см жапырақсыз жартылай бұта» деген анықтама беріліп, этнограф X. Арғынбаев еңбегінен «халық қыршаңқы болған жылқыны итсигек, қарандыз сияқты улы өсімдіктердің қайнатындысымен бірнеше рет жуады» деген дерек келтірілген. Демек, лингвистикалык және этнографиялық деректердің «итсигек» туралы беретін мағлұматы осымен шектеледі. Алайда «итсигек» шөбінің дәрілік қасиетін, жинап алу, қолдану тәсілін, пайдаланатын ауру түрлерін т. б. ерекшеліктерін танып-білу үшін бұл деректер жеткіліксіз, әрі тым жұпыны сияқты.

Шөп табиғатына қатысты бұлақтарды қарастырғанымызда этнолингвист ғалым А. Сейдімбековтың «итсигек» шөбі туралы арнайы этюдін кездестірдік. Оны өз сөзімізбен баяндағанда былай болады: «Итсигектің уын жинау, әдетте, ел жайлауға көшіп қонған, төлдің піскен кезінде басталады. Бұл кезде ол басқа шөптердей емес, көпке дейін күннің шыжыған ыстығы мен жаңбырдың суынан өзгермей, қан-сөлсіз куарып, сарғыш тартып, бунақ-бунақ болып, жер бетінде ербиіп, қабық-жапырақсыз қу бұта қалпында тұрып алатын көрінеді. Осылай мамыр, маусым өтіп, шілдеайы туғанда оған жан бітіп, бұтақтарында көк түйіндер пайда болып, олар бара-бара жапырақсыз көк бұтақшаларға айналады. Шілде ортадан ауғанда бұл бұтақтар қауызын ашып, түсі жуған шүберектей бес тілді гүл жарады. Міне, осы кезде ауыл жастары бойы аласа, гүлін көп салған итсигек бұталарын таңдап жүріп, үстіне шойынқазандарды төңкеріп жауып, ернеуін айналдыра сары топырақпен көміп тастайды. Осылай төңкеріліп, тұмшаланған қара қазандардың астында калған итсигек бұталары шілде мен тамыз ыстығында бусанып, қыркүйек туып, ел күзеуге жылысқанға дейін жата. береді. Содан соң баяғы ауыл жігіттері уланып қалмау үшін жел жағынан келіп, төңкерулі қазандарды аударып, казанның қабырғасы жабысқан көк шұбар түсті итсигек уын кырғышпен қырып, кепсермен шыны ыдысқа салып алады. Miнe, осылай алынған итсигек уын малшы қауымы малды ауылды қыстай мазалайтын ит-құсқа қарсы күресу үшін пайдаланады: у сеуіп тастаған өлексе жеген жабайылар сеспей қататынын олар жақсы біледі. Итсигек уы малдың қышыма ауруына да мың да бір ем»

Этнолингвистикалық этюдтердің теориялық және практикалық маңызы
Күшала- иран сөзі; «ыстық жақта өсетін улы дәнді, емдік касиеті бар өсімдік» ұл тәрізді жалпылама анықтамадан да «күшаланың» табиғатын толық тану, әрине, мүмкін емес.
Күшала туралы әр түрлі бұлақтардан біздің жинақтаған этнолингвистикалық мағлұматтарымыз мыналар: 1) күшала - көп жылдық шөп тектес «бәйшешек» атты гүлді өсімдіктің түйнек тәрізді жұмыр тамыры;
2) тамырындағы улы затқа бола оны халық дәрі ретінде (жабайы аңды, итті уландыру үшін, қымыз бен бозаға қосу үшін т. б. ) қолданып келетіндігі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz