Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені


Slide 1

Бос уақыт деген не?

Мұғалімнің аты-жөні:Жанерке Мақсатқызы

Slide 2

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінмен танысады. Жаңа мағлұмат алады. Ережені еске түсіреді. Тапсырмаларды орындау барысында энциклопедиядан қажетті мәліметтерді ала біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ережені жаттығу орындау барысында қолданады. Сұрақ қойып, диалог құрастыра алады. Ашық сұрақтар құрастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады: «Бес сөйлем» тәсілі арқылы ой тұжырымдай алады.

Бағалау критерийлері

-Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

-Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді

-Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.

-Оқылым стратегияларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Диалог/жазылымға арналған қажетті сөз тіркестері: уақытты басқару, жоспар құру, уақыттың жаулары, тиімді пайдалану, уақытты қадірлеу. ұрланған уақыт, баға жетпес құндылық, уақыт шығындамау, уақыт бірліктері, уақыт мәселесі,

Slide 3

«Ой қозғау» әдісі

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

Елу жылда ел жаңа.

Адамды заманы билейді.

Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

Мақал-мәтелдердің мәнін ашып, тақырыпты анықтайық

Slide 4

Мозаика әдісі

1-топ

Қолөнер

2-топ

Спортпен шұғылдану

3-топ

Үй жануарларын асырау

Slide 5

.

«Миға шабуыл» әдісі.

Бос уақытта немен айналысуға болады?

Күніне неше сағат компьютердің алдында отырасың?

Сол уақытың өзіңе тиімді ме?

Slide 6

Бос уақытта қандай іспен айналысуға болады?

Көпшілік қауым қолы қалт еткен кезді, яғни бос уақытын қалай өткізуді білмей жатады. Психолог-ғалымдардың айтуы бойынша, адам бос уақытын өзі қадағалап, оны қалай өткізу керектігін өзі шешуі қажет. «Немен айналысуға болады?!» деген сұраққа психолог-мамандар: «Жаныңызға жай сыйлайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз» деп жауап айтып, кеңес береді. Ал сол ермек істі қалай табуға болады? Ермек істер әртүрлі болып келеді. Олардың барлығы тек уақытты тиімді өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай ермек іспен айналысуға болады?!

Қолөнер. Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын іс -тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т. с. с. қолөнермен айналысуға болады.

Гүл өсіру. Көп жандар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Әрине, жер үйде тұратын болсаңыз, бақшаға гүл еккенге, оны жайқалтып өсіргенге не жетсін?! Ал көп қабатты үйде гүлдерді аса еге алмаймыз. Алайда, балконда шағын бау-бақша жасап алуға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерінің дәнін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.

Коллекция жинау. Әдеби кітаптар, күй табақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, сияқты дүниелерді жиыстырып, өзіңіздің коллекцияңызды толықтырыңыз.

Үй жануарларын асырау. Аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа, т. б. қалаған үй жануарларын асыраңыз. Үй жануарыңызға күтім көрсетіп, бос уақытыңызды оны асыраумен өткізіңіз.

Спортпен шұғылдану. Фитнес-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол, ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, секіртпемен жаттығулар жасаңыз.

Қандай ермек іспен айналыссаңыз да, ол әуелі сізге ләззат әкелу керектігін ұмытпаңыз. Ермек істер жаныңызға рақат сыйлап қана қоймай, бос уақытыңыздың қызықты өтуіне жол беруі керек.

Slide 7

«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі.

Оқушылар маңызды ақпараттарды қатыстыра отырып, сағат тілінің бағытымен мәтіннің жалпы мазмұнын әңгімелейді, нақты ақпараттарды ажыратады.

Slide 8

Тыңдалым тапсырмасы

Тыңдалым барысында тірек сөздерді жазып алыңыздар

Slide 9

Сөзжұмбақ «Әріптерді қосып оқыңдар»

Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не?

Slide 10

Жасырынған жұмбақ шумақ:

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық.

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық.

(Шешуі: кітап)

Slide 11

«Ребус» ойыны

,, ,,

,

,, ,,

,,

,, ,, ,,

,, ,,

ЫҚПАЛ

Slide 12

Ықпал және оның түрлері

Ықпал - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздармен дауыссыздар үндеседі. Оның түрлері: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

Ілгерінді ықпал -алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.

Кейінді ықпал- ілгерінді ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі. Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регресивті ықпалына ұшырайды. : тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы) . Кейінді ықпал күрделі сөздердің (әсіресе кіріккен, біріккен түбірлердің) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел) .


Ұқсас жұмыстар
Адасқан буындар арқылы тақырыпты табу
Сызғыш өлеңін жатқа айт
ҚАЛА МЕН АУЫЛДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
Бос уақыт мәдениеттілігі теориясы
Уақыттың маңызы
Өнімділік - таңдалған мақсат бойынша оның дұрыс орындалуы өнімді қорытынды беру қадамы
Оқиғаның шиеленісі
ЖЕКЕ ЖОБА ЖАДЫНЫ БАСҚАРУ
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Дене шынықтыру сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz