Карев үйі - 1901 жылы көпес Каревтің Орал қаласында салдырған үйі



Орал қаласының мәдени тынығу мекемелері
Орындаған: Есенғазы Г. Б
Тексерген: Аға оқытушы, магистр Абуова Р. С

Карев үйі - 1901 жылы көпес Каревтің Орал қаласында салдырған үйі.
1919 жылдың жазында Орал қаласы қызыл әскер бөлімшелерінің қолына көшкеннен кейін Карев үйі «Еңбекшілер сарайы» деп аталады да, бұл үйге жергілікті кәсіподақ орналасады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Карев үйінің екінші және үшінші қабаты эвакуацияланып келген әскери госпитальдың баспанасына айналады. 1965-1984 жылдар аралығында ғимараттың үшінші қабатынан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің редакциялары қоныстанады. Ал екінші қабаты бүгінгі күнге дейін бұрынғы Н. Крупская (қазір Ж. Молдағалиев) атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен облыстық филармонияның құзырында. Филармония залы өзінің жоғарғы акустикасымен ерекшеленеді.

Облыстық қазақ музыкалық драма театры 1935 жылы ашылып, 1949 жылға дейін жұмыc жасайды. Содан кейін әртүрлі себептермен жабылып қалған.
Сол ұзақ үзілістен кейін 1992 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Орал қаласында қайта ашылды. 1993 жылдың 16 желтоқсанында - тұп-тура Тәуелсіздік күні облыстық қазақ драма театры М . Әуезовтың "Қарагөз" трагедиясымен шымылдығын алғаш рет ашты.
2002 жылы театр мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан жаңа ғимаратқа көшті.
2014 жылдың желтоқсан айында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры жанынан жастар театры құрылды.
2017 жылы 24 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен театрға КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттің сыйлығының лауреаты Хадиша Бөкееваның есімі берілді.

Ақынға деген ең үлкен құрмет - Орал қаласында 2015 жылы ашылған Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы дер едік. Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы ғимаратының өзі ерекше сәулетті екенін елдің бәрі айтады. Бірақ осы сыртқы сәулетке үлкен мазмұн, мағына сыйлап тұрған бір нәрсе бар. Ол - Қадыр ақынның жеке кітапханасы. Ғимараттың жалпы көлемі 3840 шаршы метрді құрайды. 150 орындық концерт залы, ақынның мемориалдық кабинеті, конференц залы, көрме залы, 1125 орындық амфитеатр, кітапхана және бар.

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағы. Аталмыш саябақтың негізі 1840 жылы әскери бақ ретінде қаланған. Кеңес дәуірінде ол С. Киров атындағы қалалық мәдениет және демалыс паркі ретінде белгілі болды. Қазіргі уақытта «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» деп өзгертілді.
Саябақта мәдени іс-шаралар өткізіліп, демалыс орындары жұмыс жасайды. Аттракциондар мен балалардың ойын алаңы жөндеуден өткізіліп отырады. Ертегілер тақырыбына композиция қойылып отырады. Шаған өзені арқылы өтетін табиғаттың әдемілігін айқындай түседі. Мейрамдар күніне орай саябақта түрлі мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастырылып отырады.

Музей - мәдени мекеме, ол өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани байлықтарды жинақтап, сақтайтын, жиналған құжаттар мен жәдігерлерді зерделеп, зерттейтін, оны келешек ұрпаққа жеткізетін, тәлім-тәрбие беретін әлеуметтік орын. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 170 жылдық тарихы бар көне музейлердің бірі. Музейдің ең басты міндеті - Ақ Жайық өлкесінің тарихымен, өркениетті мәдениетімен жастарды, жергілікті халықты, қала қонақтарын таныстыру.
Орал қаласындағы 1832 ж. негізі қаланған тарихи-мәдени мекеме. 1920 ж. қалалық реалды уч-ще мен казак-орыс өскерлері мұражайларының негізінде қайта құрылды. Мұражай залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған заттар өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениеттен мағлұмат берсе, 19 ғ. мен 20 ғ-дың бас кезінде қолданылған заттар осында ғұмыр кешкен қазақ қолөнер шеберлерінің шеберліктерін танытады. Мұнда 19 ғ-дың соңы - 20 ғ-дың бас кезіндегі Орал қаласындағы саяси, әлеум. оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған.

Жайық өзені жағасында бой көтерген биіктігі 50 метр стелланың әу бастағы атауы «Сүңгі және Ту» болған екен. Шынында да бір бөлігі сүңгіге, екінші бөлігі желбіреген туға ұқсайтын ескерткіштің тарихы төмендегідей. 1971 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына Орал өңірінен аттанған боздақтардың есімдерін мәңгі есте қалдыруға шешім қабылдайды. Нәтижесінде, аталмыш стелла 1980 жылдың 9 мамырында салтанатты жағдайда ашылады. Оның жанындағы мәңгілік алау даңқты Мамаев қорғанынан әкелінген.
Орал қаласының тағы да бір мәдени-тынығу орны Стелла саябағы. Әскери парадтар, патриоттық іс-шаралар басым өтетін мәдениет орны. Табиғаты мен тазалығымен ерекше көзге түсетін демалыс саябағы ретінде танылады.

Оралдың бесінші және жетінші ықшам аудандары арасындағы жаңа алаң "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті" алаңы деп аталды.
Бұл алаңда түрлі мәдени шаралар да, түрлі спорттық жарыстар да, халық әртістері де келіп өз концерттерін осы жерде өткізеді.
Біздің әсем де көрікті қаламызда жүгіретін адамдарға мүмкіндік жоқ. Сол себепті осы алаңда жүгіруге арналған жолақ та орнатты.
Жүгіру адам денсаулығына өте пайдалы, әрі алаңды аралап демалуға да, іс-шараларды тамашалауға да болады. Бұның адам денсаулығына пайдасы өте зор.
Орал тұрғындары үшін демалыс, ойын-сауық мекеніне айналған бұл алаңның маңызы өте зор.

Ақжайық» этноауыл ұлттық мәдени кешені - қазақ халқының материалдық, рухани байлығы - салт-дәстүр, ұлттық ойыны мен тағамдарын әлемге танытып, отандық туризмді дамыту мақсаты және ақылы қызмет түрлерін көрсету бағытында ашылып отыр. 4қыркүйекте салтанатты түрде бастау алды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz