Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы қайшылықтар




Презентация қосу
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы қайшылықтар

Орындаған: Шукакова Мөлдір
Тобы 102 топ
Қабылдаған: Мирболатов Сәкен
• “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында
Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске
қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті
өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына
бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде
өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия
өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада
электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып,
орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық
кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды.
• Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние
жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау
және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа
қарқыны 12%-ке жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он
бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін
250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске
қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен
осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы
жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы
қарқынды дами аоған жоқ.
• Республика өнеркәсібінің
жартысына жуығы одақтық
министрліктің қарамағында болды.
Одақтық ведомстволар
республиканың шикізат
ресурстарын өздеріне тасып алып,
аса зор пайда тапты. Бірақ, олар
Қазақстан бюджетіне
инфрақұрылымды дамытуға қаржы
жұмсамады. Олар өз қарауындағы
кәсіпорындар арқылы жылына 15
млрд. сом жалпы табыс алып
отырса да, республикалық
бюджетке бар болғаны 31 млн. сом
немесе 1 проценттен аз қаржы
аударды.
Міне, осындай және тағы да басқа себептерге
байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін
өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық
көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар
орындалмады. Өндірісті жоспарлауда
кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар
кешігіп іске қосылды.
• Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың
жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының
әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом,
1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға
жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі
мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі
заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік
мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.
• Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте
негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты
атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың
едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары
ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін
өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан
республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі
өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің,
комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор
жігерленген рухта есеп беріп отырды.
80 жылдары

• 80-ші жылдардың басында жүргізілген сансыз көп қайта құрулар,
эксперименттер, бағаның, интеграция мен мамандандырудың
жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауыл шаруашылығының берекесін
кетірді.
• Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкімшілік
бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа ұшырады. Істің
жағдайын жаңа шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу
елеулі нәтиже бермеді. ХХ ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында
Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра
істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа
айлық табысы едәуір өсті.

Ұқсас жұмыстар
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Өскемен қаласының экономикалық мәдени дамуы
Саяси саладағы белгілері
Тәрбие әлеуметтік құбылыс
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Тұлғаның қалыптасуы
ҚР ҮРДІС АЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕРІ
Конфликтті зерттеуге социологиялық көзқарас
Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында
Қазақстанның тұңғы президенті
Пәндер