ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕЖЕЛУІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ



АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ Арнайы психология және педагогика
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Орындаған: Төлеубек Шағала
Тексерген: Тенкебаева Арай Зайнолдиновна

Мазмұны

Арнайы психологияның басқа ғылымдармен байланысы

«Л. С. Выготский жас ерекшелік психологиясын, балалар психологиясын, педагогикалық және арнайы психологияны өзара жақындатады.
Педагогикалық психологиямен байланысы мынадан көрінеді: арнайы психология даму ауытқуы бар балалардың білім, білік, дағдыларды меңгеру ерекшеліктерін, педагогиалық әдіс заңдылықтарын, оқыту-тәрбиелеу әдісінде психиканың өзгеру механизмдерін зерттейді.


Арнайы психологияның зерттеу салалары
олигофренопсихология;
психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы;
сурдопсихология;
тифлопсихология;
тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы;
логопсихология;
мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы;
ерте жастағы балалар аутизмі бар балалар психологиясы;
мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы;

Олигофренопсихология немесе ақыл-ойы кем балалар психологиясы - ақыл-ойы кем балалардың танымдық әрекет динамикасын және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияның құрамдас бөлігі.
Психикалық дамуы тежелген балалар (жалпы мектептегі үлгермеуші балаларды осы категорияға жатқызуға болады) психологиясының мақсаты - түзету-дамыту жұмыстарының көмегімен психикалық дамудағы тежелуді жеңілдету немесе мүлдем жою.
Сурдопсихология - есту қабілетінің кемшілігі бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

Тифлопсихология - көру қабілеті зақымданған адамдардың даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторы қызметінің бұзылуына байланысты пайда болатын, ақпарат кемшілігінің орнын толтыратын компенсаторлық әдістердің қалыптасуын, бұл кемістіктің психикалық дамуға тигізетін ықпалын зерттеп қарастырады.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы, қимыл-қозғалыс дамуы қалыпты және бұзылған балалардың, жалпы психикалық даму заңдылықтарын зерттеп қарастырады, психикасының дамуындағы өзгеше ерекшеліктерді зерттейді, кемістіктің психикалық дамуға тигізетін әсерін жеңуге жағдай жасайтын компенсаторлық мүмкіндіктерді ашады, балалардың дамуына ықпал жасайтын психологиялық негіздегі коррекциялық тиімді әдістерді қарастырады.
Логопсихология - алғашқы кемістік ретінде, сөйлеуінде бұзылуы бар адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін, арнайы психология саласы.

Ерте жастағы балалардың аутизмі (ЕЖБА) бар балалар психологиясының қарастыратын мәселесі - эмоционалды-ерікте саласының бұзылуы салдарынан, әлеуметтендіру және бейімделу қиындықтарына ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық көмек беру жүйесін құрастыру.
Мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы. Бұл бөлім тұлғалық дамуында әрәрлі дисгармониялық белгілер кездесетін, балалар мен жасөспірімдерді қарастыруға арналады.
Күрделі даму кемістігі бар балалар психологиясы, екі немесе одан көп даму бұзылуы бар адамдардың психикалық дамуын зерттейтін бағыт. Бұл саланың негізгі мақсаты - күрделі бұзылулары бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттеу оларға, олардың отбасына психологиялық-педагогикалық көмек беру жолдарын қарастыру мен жүзеге асыру.

Дефектология ғылымының зерттелу тарихы

Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі
«ХVІІІ ғасырдан бастап, Ж. Эскирол, Э. Сеген, Ф. Гальтон, А. Бине, Э. Крепелин, Дж. Кэттел сияқты психиатрлар, ақыл- ойдың айқын бұзылуын зерттеуге кірісті.
Кеңес Одағы дәуірі кезіндегі ғылымда, олигофренияны жан ауруынан жеке алып қарастыру кейін, ХХ ғасырда басталды, әрі медицинада ғана емес (И. П. Кащенко, Г. И. Россолимо) 20 жылдары пайда болған дефектология ғылымында Л. С. Выготский арқылы кеңінен зерттеу қолға алынды.
К. Д. Ушинский өз еңбектерінде мектеп оқушыларының арасында, жүйкелік-психикалық ерекшеліктердің салдаорынан оқуда әлгермейтін балалардың кездесетіндігі туралы ескертеді.
ХІХ ғасырдың ортасында, дәрігерлер ақыл-ойы кем балаларды психиатриялық аурухананың басқа пациенттерінен бөлек қарастыпа бастады.
1929 ж. Мәскеуде балалар әйлері мен арнайы мектептердің ғылыми-практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға болып саналды.
1930 ж. басында Л. В. Занков арнайы психологияның теориялық негіздерін жасады, ол ақыл-ойы кем балалардың есте сақтау қабілетін зерттей бастады. Л. В. Занков Россия тарихында ең алғаш рет өз лабораториясындағы ғалымдардың материалдары негізінде «Очерки психологии умственно отсталого ребенка» (1935) кітабын жарыққа шығарды.


Психикалық дамудың тежелуінің зерттелу тарихы
50-60 жж. Л. С. Выготскийдің шәкірті М. С. Певзнердің басшылығымен, үлгермеушілік мәселесінің түпкілікті себебі анықтала бастады. Кешенді клиникалық-психологиялық-педагогикалық тексерулер үлгермеуші оқушыларға психикалық дамудың тежелуі деген (ПДТ) тұжырымдама берді.
1960 ж. Кеңес Одағында Ғылым академиясының дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтында, М. С. Певзнер мен Т. А. Власованың жетекшілігімен жүргізілген кешенді зерттеулер екі жақты қажеттіліктен туындады: біріншіден, жалпы мектептердегі үлгермеушілік мәселесімен күресу болса, екіншіден, танымдық әрекеттің клиникалық бұзылуын әрі қарай тереңірек зерттеу қажет болды.

Есту бұзылуының зерттелу тарихы
Есту қабілеті бұзылған адамдардың мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиясы алғаш рет ХІХ ғ. 20-жылдары Л. С. Выготскийдің басшылығымен арнайы психологиялық мәселелер жүйелі түрде қарастырылды.
Оның шәкірттері Л. В. Занков пен И. М. Соловьев өз әріптестерімен бірге, есту қабілеті бұзылған балалардың қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты зерттеуге кіріседі. Бұл зерттеулердің нәтижелері, 1940 ж. сурдопсихология бойынша алғаш жарияланған «Очерки психологии глухонемого ребенка» монографиясында беріледі.

Көру бұзылуының зерттелу тарихы
Тифлопсихологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы соқырларды арнайы мектептерде оқытуды ұйымдастыру ісімен байланысты.
«Алғашқы арнайы мектеп В. Гаюидің бастамасымен Парижде 1784 жылы ашылды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында бәкіл әлемде, барлығы 150-ге тарта соқырларға арналған мектептер ашылды.
Соқырлар психологиясына талдау жасауға деген алғашқы ұмтылысты, біз француз материализмінің негізін қалаушы Д. Дидроның «Көретін адамдарға уағыз ретінде соқырлар туралы жазбалар» (1749) еңбегінен табамыз.
М. Сизеранның «Зағип адам зағиптар туралы» монографиясы, 70 жылдардағы елеулі еңбектердің бірі болып саналады.
«Соқыр балалардың танымдық әрекеттерінде өзіндік ерекшеліктердің болатынын А. И. Скребицкий, А. Щербина анықтаған.

Сөйлеу бұзылуының зерттелу тарихы
«Тілдік патологиясы бар балаларды зерттеп қарастыру ісі, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қолға алынды. Отандық әдебиеттерде 1920 ж. баланың сөйлеуі қалыптасқанға дейінгі кезде, мидың органикалық зақымдануы салдарынан пайда болатын, ауыр тілдік жетілмеуді белгілену үшін, «алалия» термині енгізілді (Д. В. Фельдбергер), ал шетелдерде бұл патология «даму афазиясы», «сөйлеудің конституциональды тежелуі», «туа біткен афазия» деп аталды (А. Л. Бентон, Ф. Жияр, Ф. Кохер т. б. ) .
«Сөйлеуі бұзылған балалардың психикалық кемшіліктерін зерттеудегі алғашқы еңбектер Р. Е. Левинаның еншісінде шықты. Автор мектеп жасындағы сөйлемейтін алалик балалардың 4 тобын қарастырады.
сөйлеу дамуының бұзылуы, фонемалық қабылдаудың бұзылуымен ұласқан;
сөйлеудің бұзылуымен қатар кеңістіктік мағлұматтары бұзылған;
көру арқылы қабылдау қабілеттерінде бұзылу бар;
сөйлеу қабілеті мен түрткі - қажеттілік саласы бұзылған (психикалық белсенділікте) .

Қимыл-қозғалыстың бұзылуының зерттелу тарихы
В. Литтл алғаш рет, қимыл-құрсақішілік және тууда, сал ауруына ұшыраған балалардың қозғалыс бұзылуының клиникалық сипаттамасын жасады, сонымен бірге, олардың тіл мүкістіктері мен жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне сипаттама берді.
«Ресейде ХІХ ғасырдың басында, қимыл-қозғалыстың бұзылуы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек беру мәселесімен Г. И. Турнер айналысты. Ол зақымданған аяқ-қолдарға ортопедиялық коррекция жасауға талпынды. Оның басшылығымен еңбек шеберханасы ашылды, онда қимыл-қозғалысында бұзылуы бар ұл балаларды кәсіп түрлеріне үйретті.

Аутизмнің зерттелу тарихы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz