Дарынды және талантты балаларды анықтау, оқыту және дамыту: мектептегі педагогикалық жүйе мен әдістемелік тәсілдер


Slide 1

Талантты және дарынды балаларды оқыту

6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 2 курс

Төлеубек Шағала

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Slide 2

Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т. б. ) балалар.

Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т. б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.

Slide 3

Дарынды дегеніміз барлық салада қабілеттілігі жоғары балалар деп санаймын. Дарынды балалармен жұмыс кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Дарындылықты дамытудағы басты мақсат еліміздің зияткерлік қорын құру үшін азаматтың ең талантты тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру. Дарынды балаларды дамытудағы міндеттерім оқушыларымның ақыл ой қабілетін жетілдіру, шығармашылық жеке дарындылығын дамыту, тәрбиелеуде жан -жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету. Мектептің мақсаты жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру. Дарынды және талантты балаларды оқыту, тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін педагогикалық психиологиялық жағдайларды жақсарту керек.

Slide 4

Педагогикалық үдерісте балалардың дарындарын ашуда қалыпты орта жасаудың әсері ерекше. Оқушы мүмкіншіліктерін дамыту оны зерттеу жұмысына қызықтыру аясында өтеді. Зерттеу қызметі білім жүйелігінің барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. «Жалпы мектептік саясатта» бастауыш буын оқушыларының жасы ғылыми-зерттеу қызметіне енгізудің бастапқы кезеңі болып табылады. Дәл осы кіші мектеп жасында бірқатар құнды көзқарастар, тұлғалық қасиеттер мен қарым-қатынастар қалыптасады. Бастапқыда - бұл қоршаған орта, еңбекке баулу сабақтарында, сабақтан тыс уақыттарда ұжымдық шығармашылық формасында өткізілетін шығармашылық тапсырмалар түрін қамтиды.

Slide 5

«Кеңейтілген» мектеп тәсілі бойынша орта буындағы дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу жүйесіне балалардың дамуына жағдай жасау, есею кезінде үнемі оларға қолдау көрсету, олардың табиғи қабілеттерін барынша сақтауға және дамытуға бағытталған құрамдастар енгізіледі.

Slide 6

Мұғалімдер жүргізетін жұмыс түрлері және оқыту формалары.

Жеке жұмыс:кітаптар, журналдар оқу, реферат дайындау, түрлі тақырыптық байқауларға қатысу, тақырыптық жобалар бойынша зерттеу жүргізу.

Топтық жұмыс: жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пән үйірмелері, қолданбалы, таңдау курстары, пәндік қолданбалы өнер көрмелері, өлкетану, эскурциялар, лагерьлер, шеберлік сыныптары, шығармашылық зертханалар.

Көпшілік: олимпиадалар (пәндік, қашықтық) ғылыми-практикалық конференция, көрмелер, семинарлар, фестивалдар.

Slide 7

Мәселелерді шешу жолдары:

Дарынды және талантты балалармен жұмыс жасау жоспарын құру, бағдараламалар әзірлеу, түзету, жетілдіру

Жаңа педагогикалық технологияларлы күнделікті сабаққа енгізу

Сабақтары ұйымдастыру және өткізу

Сабақ нәтижелігін талдау

Жеке жұмысты ұйымдастыру.

Психологиялық-педагогикалық монитроинг жасау

Бала қызметінің өнімін эксперттік бағалау

Оқушы жетістіктерін талдау мониторингі

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Назарларыңызға рақмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Талантты және дарынды балаларды оқыту: анықтау әдістері мен дамытудың педагогикалық негіздері
Дарынды балаларды анықтау және дамыту: әдістемелік және ұйымдастырушылық тәсілдер
Дарынды және талантты балаларды анықтау және оқыту әдістемелері
Экстернат: дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен дамыту әдістері
Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау бағдарламасы
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: мектеп педагогикасындағы әдістемелік және психодиагностикалық тәсілдер
Дарынды балаларды анықтау және дамыту: теориялық негіздер мен диагностика әдістері
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс: мұғалім ұсынатын тапсырмалар мен анықтау әдістері
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: диалогтік оқыту мен диагностика
Дарындылық: анықтама, түрлері және мектепте дарынды балаларды анықтау мен дамыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz