Музей ісі дамуы




Презентация қосу
Музей ісі дамуы
Мирзакаримова А.Н.
ФТ 3-1
Кадырбекова Д.С.
«Музей» ұғымы алғашқыда ежелгі Грекиядан өз бастауын алады. Грек
философтарының ерекше салтанатпен безендіріліп, жиын жасауға арналған сәнді
ғимараттары антика дәуірінде «мусейсон» немесе «музалар храмы» деп аталған.
Музейсон қазіргі түсінікпен храмдарды емес, құрбан болғандарды және көбіне тау
шатқалында, бұлақ жағалауларында қайтқандарды көрсете білді. Музалар басында
бұлақ бастаулары негізінде қалыптасты. Кейінірек оларды өнер және ғылым,
творчестволық сый дарыған ретінде саналды.
Соның бір мысалы ретінде Феспиялық қасиетті музаны айтуға болады. Геликан
тауының баурайында орналасқан жан-жағын қоршаған құдай мүсіндері болған.
Ол қоғамдағы адамзат пен табиғаттың алғашқы пайда болуын, тарихи
ескерткішті зерттейтін, жинақтап сақтайтын ғылыми-ағарту мекемелері болған.
Музейлердің қорында ең бастысы заттық және бейнелеу, өнер туындылары
қамтылған. Сонымен қатар, жазбаша деректер (тарихи құндылығы бар
қолжазбалар мен кітаптар) сақталады.
Музей алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын
қазыналық қор ретінде қалыптасты. Музейдің қалыптасуына көне замандардағы
коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция –
шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсіндірді. Коллекциялау
ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи
музейлер 16 – 18 ғасырларда пайда болды. Музейдің қалыптасуы ұлттық сана-
сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820
жылы Германияда өнер мұражайлары құрылды. 1811 жылы Ресейде – Феодосияда,
1825 жылы Одессада, 1828 жылы Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-
тарихи музейлер құрылды. 19 ғасырда этнографиялық зерттеулердің дамуы
нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып,олар ғылыми -зерттеу
орталықтарына айналды.
Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (халықтану музейі,
1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық
аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891),
қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта
(1910), Арнхемде (Нидерланд, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты
Жалпы әлемде музейлердің қалыптасуы мен дамуы сол халықтарға тән өзіндік
ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ-ежелден еркіндік аңсаған, сол
ғасырлар бойына басына түскен сан алуан адам төзгісіз қиыншылықтарға
мойымай, ата-баба жерін, асыл мұрасын ат үстінде найза ұшымен қасық қаны
қалғанша қорғаған халық. Бойына сіңген бұл қасиеттердің құпиясы қашаннан
қазақтың ата-баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт-дәстүрін сақтап,
өсіп келе жатқан ұрпақтарына тәлім-тәрбие және үлгі-өнеге көрсетуге ерекше
көңіл бөлінуде. Әрине тәлім-тәрбие тек атадан қалған нақыл сөздермен, шебер
әрі орынды айтылған ақыл-кеңеспен, немесе жағымсыз қылықтарға тиым
салып отырумен шектелмейтіні белгілі.
Алғашқы музейлер қазақ даласында 19 ғасырдан бастап қалыптаса бастады. 1830
жылы 12 қараша күні Орынбор генерал-губернаторы граф П.П. Сухтелен
жергілікті халықты және тұрғындарын өлкенің табиғатын, тарихы мен
этнографиясын бейнелейтін жәдігерлерді губерния орталығында
ұйымдастырғалы жатқан музей үшін табыстауға шақырады. Бұл шақыру қала
тұрғындары мен жергілікті халық өкілдерінің қолдауына ие болып, нәтижесінде
ашылғалы отырған музей үшін түрлі жәдігерлер жинала бастады. Олардың
арасында ескі қару-жарақ, үй тұрмысы және этнографиялық бұйымдар, кітаптар
мен портреттер болды.
Музей коллекцияларын құру туралы бастама ХІХ ғасырдың 30-жылдары қолға
алынды. Оның негізі Орынбордағы Неплюев әскери училищесінде «Орынбор
өлкесіндегі Музеум» деген атпен ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі
– белгілі тіл маманы, «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы Владимир Даль. Әр
жылдарда музей қорының құрамы Жетісу облысы (1929 ж.) мен республикалық
атеизм музейінің (1941 ж.) коллекцияларымен толығып отырды. Музей 1904-1907 жж.
Алматы қаласындағы вернендік белгілі архитектор А.П. Зенковтың жобасы бойынша
салынған тамаша архитектуралық кешен – Вознесенский Кафедралды соборына
орналасты.
1920 ж. Қазақ автономиялық республикасының басшылық қаулысымен Орталық
Қазақ өлкетану музейі құрылды. Осы сәтте Орынбор губерниясы музейіндегі
коллекциялардың бір бөлігі жаңадан құрылып жатқан Орталық өлкетану музейіне
берілді. Алайда, ҚР МОМ-ның толыққанды қалыптасуы, Орталық өлкетану музейін
Қазақ Автономиялық республикасының жаңа астанасы – Алматыға көшіруімен
байланысты, 1929 жылы ғана толығымен аяқталды. 1944 жылы музей 1-категорияға
жатқызылып, өзінің қазіргі – Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейі атауына ие
болды. Бұдан кейінгі жылдары да өзінің қалыптасуы мен дамуында Мемлекеттік
орталық музей еліміздің басты мәдени-ағартушы және ғылыми мекемелерінің бірі
ретінде республиканың дамуына қомақты үлес қосты.
XIX ғасырда өз қызметін бастаған, ХХ ғасырдағы бар қиындықты бастан өткерген
Орталық музей еліміздегі өзге де музейлердің ұйымдастырылуы мен дамуына
атсалысты. Орынбор, Қызылорда, Алматы кезеңдерін басынан өткерген, өлкеміздің
археологиялық, этнографиялық және географиялық байлықтарын зерттеуде белгілі
нәтижеге қол жеткізген музей көпшілікті ел тарихымен таныстырды. Орта Азия мен
Қазақ өлкесіндегі ең үздік архитектуралық ғимарат болып есептелетін музейдің қазіргі
ғимараты 1985 жылы Ю.Ратушный, З.Мұстафина және Б.Рзағалиевтардың жобалары
бойынша салынған еді. Мұндағы көрме экспозициясы 7000 шаршы метрді құраса,
музейдің жалпы ауданы 20 мың. шаршы метрді құрайды. Музейдің қор коллекциясы
тарихи, археологиялық және этнографиялық сипаттағы 300 мыңға жуық сақтам
бірліктен тұрады. Музей экспонаттарының қатарында мәдени дәстүр мен ерте дәуірден
бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихынан көрініс беретін материалдық
мәдениеттің тамаша ескерткіштері кездеседі.
Музейдің қор жинақтарын қалыптастыруда қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнер
қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлерінің
атқарған қызметтері зор болды. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ә.Жиреншин,
Ғ.Мұстафин, К.Бадыров, Ә.Марғұлан және т.б. Мемлекеттік Орталық музейді
әр жылдары Ә.М. Жиреншин (1942-1951 жж.), С.С.Есова (1956-1973 жж.),
Р.И.Қосмамбетова (1974-1995 жж.), Г.Б.Дюсенбинова (1995-1997 жж.),
Е.Т.Жангелдин (1997-1999 жж.) сынды іскер басшылар басқарып, еліміздің бас
музейінің дамуына өзіндік үлестерін қосты. Республиканың түрлі аймақтарында
тарихи-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылып отырды. Соның
нәтижесінде қазақ халқының дәстүрі, көпұлтты Қазақстан халықтарының саяси
және әлеуметтік тарихи өмірін бейнелейтін үлкен қомақты материалдар
жинақталды.
Кеңес өкіметі орнаған кезде Қазақстан жерінде төрт ірі музей Орынбор (1831),
Орал (1859), Жетісу (1898), Семей (1883) өз жұмыстарын жалғастырды..
Алдында екі рет құлдырауды басынан кешірген Орынбор губерниялық музейін
1919 жылы көктемінде атаман Дутовтың әскері талқандап, құнды заттарын
талан-таражға салды. 1919 жылдың наурызында Семей Кеңестерінің съезі
шешімімен Семей тарихи-өлкетану музейі Орыс жағрафиялық бөлімшесінен
алынып, Семей халық ағарту бөлімінің құзырына берілді. Орал тарихи-өлкетану
музейінің жұмысы қайта жанданып, тарихи-өлкетану бағытында өз қызметін
жалғастырды.
1921жылдың 23 тамызында Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариаты
музей бөлімінің отырысында Орынбор өлкесінің музейі қорында Қырғыз (қазақ)
өлкесі, Сібір, Орынбор аймағын бейнелейтін заттар жинақталғандықтан, оны
Бүкілқырғыздық (қазақтық) тарихи-мәдени музейі етіп бекіту уақыт күттірмес
міндеттердің бірі екендігі атап көрсетілді. 1920 жылы Көкшетау және Қостанай
тарихи-өлкетану музейлерінің негізінің қалануына жергілікті оқу-ағарту
мекемелерінің үлесі зор болды. Жаңа ашылған музейлердің қорын жергілікті оқу
орындарының көрнекі құрал-жабдықтары, Колчак әскерімен бірге қашқан
жергілікті ауқатты адамдардан қалған ескі қару-жарақтар, тұрмыстық заттар,
түрлі киім-кешектер және өлкенің табиғатын бейнелейтін өсімдіктер мен
жәндіктер құрады. 1930 жылы желтоқсанда Мәскеуде өткен бүкілресейлік музей
съезі музейлерге тез арада жаңа маркстік-лениндік ілім тұрғысынан
экспозициялар құруды ұсынды. Музей құрылысындағы диалектикалық
материализм әдістеріне арналған «Диалектикалық материализм және музей
құрылысы»тақырыбындағыбаяндамасында Халық ағарту комиссариаты ғылыми
бөлімінің меңгерушісі П.К. Луппол музейді партияның идеологиялық қаруы ету
міндеттерін анықтап, экспозицияларды марксистік негізде құру керектігін
жеткізді.
1990 жылдардың аяғы 2000 жылдардың басында Қазақстанда республикалық
маңызы бар музейлер 13, мекемелік музейлер 5, облыстық музейлер 25, қалалық
музейлер 31, аудандық музейлер 47, қорық музейлер 7, сонымен қатар
мемориалдық музейлер 11 болған. Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты
музейлерге деген сұраныстар өсуде. Жаңадан бой көтеріп жатқан музейлердің
мазмұндық деңгейі, құрылымдық жүйесі өзгеше. Олардың қатарына
музейлендірілген ашық аспан аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер, саяси
қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейлер, яғи мемориалдық музейлер,
Президенттік музей, қоғамдық немесе антропологиялық музейлер жатады.
Музейлер өзінің қызметі мен бағытына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи
музейлер(жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық,этнографиялық,
нумизматикалық, т.б.), көркемөнер музейлері (көркемөнер, мүсін, қолөнер,
қолдaнбалы өнер, театр, музыка, кино, т.б. музейлер), жаратылыстанумузейлері
(биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б),
техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс
өнімдері, т.б.), кешенді музейлер (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б.
бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері),
мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі
адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер). Соның ішінде
мемориалдық музейлер деп үздік тарихи оқиғаларға, мемлекеттік, қоғамдық және
әскери саяси қайраткерлерге, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерінің өмір
жолдарына арналған музейлерді айтамыз. Мемориалды музейлер - адамға немесе
маңызды тарихи оқиғаға қатысты музейлар, сонымен қатар мемориалдық тұлғамен
немесе оқиғамен қатысты орны бар музейлер. Бұл байланыс мемориал музейі үшiн
анықтаушы фактор және экспозициялық мәдениеттi-бiлiм беретiн қызметтiң
анықталу және интерпретация байланысына бағытталған. Ең бастысы
мемориалдық музейде сол мемориалдық тұлғаның заттары комплектке алына
отырып жасалады.
Мемориалдық музейлер мемлекетпен қорғалатын ұмытылмас кешендердiң
базаларында әдетте былай жасалады: оқиғалар болған аумақтар, үй-жайлар
және атақты қайраткерлердiң қызметі мен өмiріне қатысты пәтерлер -
мемориалдық музей заттарының коллекциялары болып есептеледі.
Еліміздің мәдени-саяси дамуында мемориалдық музейлердің орны ерекше зор.
Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде
маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың,
Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет
Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері.
Қазақстандағы мемориалдық музейлер саласын мәдениет және өнер
қайраткерлері, мемориалдық музейлері және қоғам қайраткерлерінің
мемориалдық музейлері деп екіге бөлуге болады.
Республикамыздағы музейлер бағытының ең басты міндеті - мәдени және
рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту және қолдау болып табылады.

Өткен жылдардың тәжірибесі мен жаңа қоғамдық-саяси ахуал мәдени және
рухани өміріміз іспеттес, негізгі ұстанымы ашық, ғылыми және халықтың
көпшілік бөлігіне жаңа музейлерді құруға негізделеді.

«Бүкіл әлемде жаһандандыру үрдісі қарқынды жүргізіліп жатқан бүгінгі таңда
Қазақстан музей ісіне түбегейлі өзгеріс жасап, халықаралық байланыстарын
жандандыру қажет екендігін өмір талап етіп отыр. Жақын және алыс
шетелдердің жетекші музейлерімен көрмелер мен мамандарды тәжірибеден
өткізу, халықаралық музей форумына қатысу, зерттеу, жинау және ғалыми-
ақпараттық салалары біріккен жобаларды жүзеге асыру әлемдік мәдениеттің
жетістіктерін игеруге зор мүмкіндік беретіні анық».
Музей пәні-әлеуметтік жағдаймен байланысты заңдылықтарды және музейлер
жүйесін, арнайы мамандандырылуға сәйкес деректерді, сондай-ақ, қоғамдағы
және табиғаттағы дамуын зерттейді.
Музей тарихи қоғамдық институт ретінде музей жүйесін және әлеуметтік
талаптар мен түрлі салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музейдегі
зерттеу-музей заттарының-коммуникативті жүйелерін (сақтау режимі,
консервациялау, реставрациялау тәсілдері) толық анықтау болып табылады.
Аталмыш жағдай музей заттарын зерттеп, жүйелеуде маңызды рөл атқарады.
Музейлердің қызметі негізінен ғылыми-зерттеу, қор сақтау, экспозиция және
көрмелер ұйымдастыру, экскурсия ұйымдастыру бағыттарында жүргізіледі.
Айталық, көркемсурет музейлерінде осы бағыттар қалай жүзеге асырылатынын
алайық. Көркемсурет музейлерінің қоры өскелең ұрпаққа мұра болып қаларлық
өнер туындыларымен толықтырып отырады. Қазақстан халқының көркемсурет
шығармасындағы ескерткіштері, бейнелеу, қолданбалы өнерінің туындыларын
сақтау және ғылыми іс-сапарлар, экспедиция арқасында жинақтайды. Сонымен
қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мемлекет сараптау комиссиясының
келісімімен сатып алынады. Аталмыш музейлер қоры мемлекеттің меншігі болып
табылады. Туындылардың сақталуы мен есепке алынуы қор сақтаушы
қызметкерлердің жұмысынан көрінеді. Арнайы қалыпты сақтауға сәйкес қор
сақтау бөлімдерінде сақталады. Тұрақты түрде қор бөлімдеріне инвентаризациялар
жүргізіледі. Сондай-ақ, музейлер жылжымалы және тұрақты көрмелер өткізіп
тұрады.
Музей экспозициясы ғылыми концепцияға сәйкес, қорда жинақталған
коллекциялар негізінде құралады. Экспозицияның тақырыптық бағыты бөлімдер
мен хронологиялық шеңберді қамтиды.
Ғылыми зерттеу бағытында қорда сақтаулы жәдігерлерді әлемдік өнер
мәдениетінің дамуымен салыстыра отырып зерттеулер жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеулер негізінде тақырыптық-экспозициялық жоспар
құрастырылады, өткізілген көрмелердің каталогтары, жинақтары
шығарылады. Сондай-ақ, қордағы жәдігерлердің ғылыми сипаттамалары
жазылады.
Экскурсия ұйымдастыру және жүргізу бағытына келушілерді көркемсурет
өнерінің шығу тарихы және дамуымен таныстырады.
Музейлер далалық зерттеулер мен жүйелі бақылау барысында әлеуметтік
тәсілдерді қолданады. Мәселен, консервация, реставрация жасау үшін
салыстырмалы талдау (анализ), типология және химиялық талдаулар
жүргізеді.
Музей құрылымына-музей ісінің теориясы, тарихы (музей тарихнамасы),
деректану, ғылыми зерттеудегі ғылыми әдістер жатады. Обьективті тұрғыдан
алсақ, музей басқа ғылымдармен байланысты. Музейлерге тән салалар (тарих,
археология, этнография, әдебиеттану, жануартану, өнертану, геология, өнертану
және т.б.) арнайы және қосалқы ғылыми пәндермен тығыз байланысты.
Музейдің дамуы музей тәжірибесінде және арнайы ғылыми әдебиеттерде
(монографияларда, мерзімді баспасөздерде және т.б.) көрсетілген. Дүние
жүзінде 70-ші жылдардың басында 100-ден аса музейге арналған журналдар
жарық көрді. Оның ішінде ЮНЕСКО-да Халықаралық музейлер кеңесі
шығарған журналдар: «The museums journal» (Ұлыбритания), «Museum news»
(АҚШ), «Musees de France» (Франция) және т.б. Сол кездерде бұрынғы КСРО-
да «Советтік музей», «Музейное дело в СССР» және т.б. түрлері де жарық
көрген.
Жоғарыда аталған журналдардан бұрынғы Одақтағы республика музейлерінің
жоспарлары мен атқарған жұмыстары жайлы білуге болатын.
Қазіргі таңда, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында Ресейден
кейінгі кәсіби басылымы бар Қазақстанның «Қазақстан музейлері» журналын
музей мамандары қуана қарсы алды десе де болады.
2002 жылдың желтоқсан айынан бастап, Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен Қазақстан
Республикасы Президенттік мәдениет орталығы көненің көзіндей, тарихтың
өзіндей болған жәдігерлерді насихаттау үшін «Қазақстан музейлері» мәдени
танымдық және ғылыми-әдістемелік журналды шығара бастады.
Қазақстанда қазіргі кезеңде 200-дей мұражай жұмыс істейді. Бұл мұражайлар
сипаттары бойынша әр түрлі бағытта және деңгейде деуге болады. Республикалық
маңызы бар мұражайлар саны – 14. Барлық мұражайлар профильдері мен бағыты
бойынша ерекшеленіп, жұмыс жүргізуде. Қорық мұражайлар белгілі бір
территорияны қамти отырып, жұмыс істейді. Қазақстандағы бұл бағыттағы
мұражайлар: Мемлекеттік «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы,
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық музейі, Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық музейі, Жидебай-Бөрілі тарихи-мәдени және әдеби
мемориалдық қорық музейі, «Ұлытау» мемлекеттік тарихи-өлкетану және табиғи
қорық музейі, «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, «Таңбалы»
мемлекеттік қорығы. Осы салада Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет
орталығының музейі, Қазақстан Республикасының орталық музейі, Қазақстан
Республикасының Археология музейі, Ықылас атындағы Республикалық музыка
аспаптар музейі, мемориалдық тағы басқа да мұражайлар тарихи-мәдени
ескерткіштерді насихаттау, білім беру, тәрбиелеу, ағарту саласында үлкен
жұмыстар жүргізуде. Солардың ішінде облыстық маңызы бар мұражайлар әр
облыс аумағында өлкенің тарихын, заттай мәдениет ескерткіштерін сақтау, қорғау,
көрсету, насихаттау, жариялау жұмыстарын жүргізеді. 27 облыстық мұражайлар,
42 қалалық мұражайлар, 55 аудандық музейлер сонымен қатар мекемелік музейлер
жұмыс істейді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экскурсиялық істің дамуы мен қалыптасуы
МУЗЫКА АСПАПТАР МУЗЕЙІ
Мұражай және туризм
Жамбыл Жабаев туралы
Абай Құнанбай
Қыл қобыз Көкше руынан шыққан Шақар бақсының қобызы
Әлия Модағұлова
Атырау облысы
Биологиядағы катастрофизм мен креационизмнің табиғи - ғылыми мазмұны және олардың пайда болуы
Қостанай қаласы
Пәндер