ШҚО кластері




Презентация қосу
ШҚО кластері

Мирзакаримова А.Н.
ФТ 3-1
Жаксыбаева Д.К.
Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету жəне сатумен,
сондай-ақ туризм индустриясымен жəне рекреациялық қызметтермен сабақтас
қызметпен айналысатын өзара байланысқан кəсіпорындар мен ұйымдардың бір
шектелген аумақ аясында шоғырлануы. Туристік кластерді құрудың мақсаты –
синергетикалық əсер есебінен туристік нарықта аумақтың бəсекеге қабілеттілігін
арттыру, оның ішінде: кластерге кіретін кəсіпорындар мен ұйымдар жұмысының
тиімділігін арттыру; инновацияларды ынталандыру жəне жаңа туристік
бағыттарды дамыту. Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын
айқындайды жəне өңірдің оң имиджін қалыптастыруға əсерін тигізеді. Бұл жалпы
алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бəсекеге қабілетті
туристік өнімдерді құрады. Қазақстанда бес туристік кластерін құру мүмкіндігі
бар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан жəне Батыс
Қазақстан. Туристік кластердің құрылуы мен дамуының негізгі мəселелері ретінде
қазіргі таңда келесілерді көрсетуге болады:
Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан кластерін қарастыру.

Шығыс Қазақстан кластері Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және
шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады,
мұнда 6 маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:

«Бұқтырма» су қоймасы;

Ертіс өзені – Зайсан көлі;

Қатонқарағай МҰТП;

Марқакөл көлі мен Қалжыр шатқалы;

Риддер – Анатау мен Иванов таулары;

Семей қаласы.
Бұқтырма су қоймасы Өскемен қаласының маңындағы Ертіс өзенінің бойында
орналасқан. Ол 1960 жылы құрылған, содан бері ШҚО тұрғындары мен қонақтары
арасында сүйікті орынға айналған.
Су айдыны 5940 км2, ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының
көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ
Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынан Серебрянск қаласына дейін), Бұқтырма,
Нарын өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде
көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді. Қыркүйек айынан
сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м-ге жетсе,
маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы.
Ертіс - республикамыздағы ең үлкен өзен. Ұзындығы - 4248 км. Оның
Қазақстандағы ұзындығы - 1700 км. Моңғол Алтайынан басталып, Қазақстанның
шығысынан өтеді де, Ресей аймағындағы Обь өзеніне келіп құяды. Негізгі суды
Алтай, Сауыр тауының өзендерінен алады. Ертіс «иір өзен, иір су» деген мағынаны
білдіреді. Өзен суы күздің соңғы айларынан көктемге дейін қатып жатады. Жылы
кездерде кеме қатынасына мүмкіншілік болады. Ертіс қалаларды, өндірісті, кейбір
егінді алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Ертіс - Қарағанды каналы тартылған.
Зайсан көлі — Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік
Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста
жатқан тұщы көл. Көл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте.
Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КМҰТП) Шығыс Қазақстан
облысында Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы Оңтүстік
Алтайда орын алып, көптеген жоталары бар, теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары
көтеріледі. Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шегіне: Листвяга
және Катунский жоталарының оңтүстік макробеткейі (Мұзтау тауының оңтүстік
және шығыс беткейлері)атыс бөлігі, Қазақстан шегіндегі Укок биік таулы үстіртінің
батыс бөлігі және Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтай) және Сарымсақты жоталары
кірді. 2001 жылы 17 шілдедегі № 970 қаулысына сәйкес құрылды. Парктың ауданы
643477 га құрайды
Шығыс Қазақстандағы өзінің керемет пейзаждарымен ерекшеленетін, әсіресе күн
батқан немесе таң атқан кезде, таңғажайып әдемі орын - Марқакөл көлі.
Туристердің арасында кристалды таза, мөлдір сулармен танымалдылыққа ие
болды. Көл тұщы сулардың қатарында және бүгін күні аталмыш табиғат
қорығының ең маңызды бөлігі болып табылады. Марқакөлдің көркем жағалау
аймақтары бай флора мен фауна әлемін қамтиды. Жергілікті ландшафттарға 700-
ден астам өсімдік түрлері өсітін шабындықтар, таулы ормандар, тайга жатады, ал
фауна өкілдерінен қоңыр аюлар, қар барыстары, құнулар, жабайы қабандар,
қасқырлар, бұғылар және басқа да ғажайып жануарлар бар. Көлдің қысы өте қатал,
ал жаз мезгілдері әрдайым жылы әрі қолайлы.
Болашақта бұл кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін, оның ішінде Алакөл
мемлекеттік табиғи қорығын, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын қамти отырып
кеңеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан кластері «Табиғаттың ғажайып әлемі» ретінде
сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болады.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Семей қаласының демографиялық жағдайын зерттеу
Дария” демалыс үйі
Әлеуметтік қолдау арқылы әлеуметтік - экономикалық дамыту
Қазақстанда туризмнің даму перспективасы
Гендердің тандемды кластері
Қой шаруашылығын өндірістік негізде дамытудың еліміздегі ұтымды мысалдары
Нанотехнологияға кіріспе. Наноматериалдар және оларды алу технологиялары
Бір жұмыртқалы егіздер Екі жұмыртқалы егіздер
Ойын терезесіндегі фигуралар
Транспорт
Пәндер