Рекреациялық туризм және ресурстық-территориялық негіздері


Slide 1

РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮРІ

Slide 2

Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio - қайта қалпына келу деген, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004) . Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)

Slide 3

Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлеріне бөледі. Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т. б

Slide 4

Ғылыми географиялық әдебиетте «рекерациялық объект», «рекреациялық территория» және «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ) » деген терминдер қолданады. Қазіргі таңдағы анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды қасиеттерге ие ауданы бойынша шектелген кез келген орын - рекреациялық объект болып табылады, Ниагара сарқырамасы, Шардара су қоймасының плотинасы т. с. с. Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, жалпы демалуға арналған су акваториясының немесе құрлықтың учаскесі - рекреациялық территория болып табылады, ұлттық парктер, ормандар, көлдер т. б.

Slide 5

Кеңес кезеңінде, рекреациялық ресурстарды, территориялық рекреациялық жүйелердің функциолануын, құрылымын және құрамын, рекреациялық территориялардың қасиеттерін зерттейтін ғылыми бағыт ҚСРО-да ХХ ғасырдың 60-ші жылдары «рекреациялық география» деп аталды. Еуропа мен Американың көптеген елдерінде рекреациялық географияны «туризм және демалу географиясы», «бос уақытының географиясы», «демалу географиясы» деп аталады.

Slide 6

Рекреациялық іс-әрекет процесінде пайдаланатын территория мен жүйелердің объектілері негізінен табиғи және мәдени ескерткіштер болып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтар, табиғи ескерткіштер, ұлттық парктер, заказниктер туралы ережеде, ғылыми, мәдени-тануда және сауықтыру қатынаста бағалы болып табылатын бірегей (уникальный) немесе типтік табиғи объекттер, кіші-гірім урочищелер болып келетін (өзеннің, көлдің, жаға бойының, жеке бір тау жотасы), жеке объекттер (геологиялық ашылулар, үңгірлер, ерекше өсіп жатқан ағаштар, т. с. с., сонымен қатар тарихи немесе мәдени ескерткіш ретінде мойындалмаған немесе табиғи-мәдени ескертікштер құрамына кірмеген жасанды объекттер - ескі паркттер, тоғандар т. с. с. табиғи ескертіштер деп жарияланады.

Slide 7

табиғи-рекреациялық тарихи-археологиялық тәуеп ету

Зайсан, Жылаған ата, Көлсай, Шарын каньоны, Иассауи кесенесі, Отырар қалашығы, Қаратау қорығы, Сарыағаш курорты, Бурабай, Сығанақ, Есік қалашығы, Қорғалжың көлі, Бекет ата, Укашата, Үлкен Алматы көлі, Сауран, Айша бибі, Тамғалытас, Рахман бұлағы, Қарқаралы, Арыстан Баб, Ақсу Жабағылы, Күлтөбе, КарЛАГ музейі . . .


Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық және іскерлік туризм: типология, ресурстар және халықаралық тәжірибе
Қазақстандағы туризм түрлері мен Қызылорда облысының туристік-рекреациялық ресурстары
Алакөл рекреациялық зонасының жағдайы мен рекреациялық потенциалын бағалау
Ресурстық және аймақтық болжамдаудың негіздері, принциптері және классификациясы
Аймақты туристік-рекреациялық бағалау: критерийлер мен әдістемелік тәсілдер
Туризм мамандығын таңдаудың жеке және экономикалық негіздері
Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы мен даму факторлары
Қазақ хандығының құрылуы: себептері, саяси негіздері және территориялық қалыптасуы
Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары: түрлері, қорғалатын аумақтар және дамудың өзекті мәселелері
Қазақстанда туризм қатынастарын құқықтық реттеу: туристік қызмет негіздері және туроператорлық лицензиялау талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz