Бұлшықет пен оның механикасы жайлы қысқаша ақпарат беріп, жалпы түсінік қалыптастыру




Презентация қосу
ҚАЗАҚ-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТ

БҰЛШЫҚ ЕТ БИОМЕХАНИКАСЫ

Тексерген: Актан Б. Р.
Орындаған: Туркменбаев Н. Т.
Пәні: Медициналық биофизика
Тобы: Стоматология 104А

Алматы 2021жыл
Тақырыптың өзектілігі: Бұлшық еттің не екендігі, және оның
түрлерімен биомеханикасын қарастыру.

Тақырыптың мақсаттары мен міндеттері:
Бұлшықет пен оның механикасы жайлы қысқаша ақпарат беріп,
жалпы түсінік қалыптастыру;
Бұлшықет биомеханикасының ерекшеліктерін сипаттау;

Тақырып бойынша қортынды жасау;
БҰЛШЫҚ ЕТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бұлшық еттер жүйесі жануарлар
организмінің кеңістіктегі қозғалысы мен
дене мүшелерініңсалыстырмалы қимыл-
қозғалыстарын іс жүзіне асыратын тірек-
қимыл аппаратының белсенді бөлігі.
БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ
Біріңғай салалы бұлшық ет.
Көлденең жолақты бұлшық ет.
Жүрек бұлшық ет.
Біріңғай салалы бұлшық ет функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді.
Кейбір қуыс органдардың қабырғаларында,мысалы, қан тамырларында,
өкпенің ауа жүретін жолдарында, қуықта, өт қабында, ас қорыту
жолдарында бір немесе екі қабатқұрайды.
Көлденең салалы бұлшық ет қаңқа еті немесе сомалық еті деп те аталады.
Бұлшық еттің бұл түрінің құрылымдық элементіклетка емес, симпласт
болып саналатын көп ядролық талшық, талшықтың пішіні цилиндр тәрізді.
Жүрек еті өзінің жиырылғыш элементтерінің құрылымы жағынан көлденең
салалы бұлшық етке ұқсас.Соңғылардікі сияқты бұлардың
миофибриллалары көлденеңнен сызылған. Сонымен бірге жүрек
етініңқұрылысында өзіне тән ерекшеліктер де бар. Оның бірі – бұлшық ет
талшығында көлденең орналасқан“аралық жолақ” деп аталатын ерекше
құрылымның болуы.
БҰЛШЫҚ ЕТ ФУНКЦИЯСЫ

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды
қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесініңбелсенді бөлігі.
Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің
тепе-теңдігін сақтайды.Кеуде қуысын құрайтын
қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет тыныс
алу қозғалысынақатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы,
көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының
барлығыбұлшықеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен
болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені
тікұстауға көмектеседі.
БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қаңқа еттері бұлшықет талшықтарынан құралған, олар бұлшықет
шоғырын түзеді.
Бір байламда 20-60 талшық бар. Бұлшық ет талшықтары -
ұзындығы 10-12 см, диаметрі 10-100 мкм цилиндр тәрізді жасушалар.
Әрбір бұлшықет талшығында қабық (сарколемма) және
цитоплазма (саркоплазма) болады.Саркоплазмада жануар клеткасының
барлық компоненттері бар және бұлшықет талшығының осі бойында
жіңішке жіпшелер - миофибриллалар бар.Әр миофибрил бұлшықет
талшығының жиырылғыш аппараты болып табылатын миозин мен
актин ақуыздарының жіптерін қамтитын протофибрилдерден тұрады.
Миофибриллалар бір-бірінен Z-мембраналар деп аталатын
септамалармен, секцияларға - саркомерлерге бөлінеді. Саркомерлердің
екі ұшында Z- мембранаға жіңішке актинді жіпшелер бекітілген, ал
ортасында қалың миозин жіпшелері орналасқан. Актин жіпшелері
миозин жіпшелерінің арасына жартылай енеді.
БҰЛЩЫҚ ЕТТЕРДІҢ ЖИЫРЫЛУЫ

Актиндік жіпшелердің қозғалуы негізгі миофибрил
ақуыздарының – миозиннің, актиннің, тропомиозиннің және
тропониннің өзара әрекеттесуі нәтижесінде іске асады.
Саркомердің қысқаруы АТФ- тың гидролизі және Са²
қатысуымен жүреді. Яғни Са² бұлшықеттердің жиырылуы
процесінің физиологиялық реттеушісі болып табылады.
Нервтік импульс мембрананың деполяризациясын туғызып
Са² эндоплазмалық ретикулумнан босап шығуына жағдай
жасайды. Са² тропонинимен байланысып оның
конформациясын өзгертеді, бұл өзгеріс әрі қарай
торпомиозинге және актинге жетеді. Миозинмен актин
әрекеттесіп, АТФ гидролизге ұшырайды. Сонан соң Са²
босайды, тропомиозин актиннің миозинмен байланысуын
тежейді. Соның арқасында бұлшықеттің жиырылуы тоқтап,
қайтадан орнына келеді. Са² цитоплазмадан қайтадан
эндоплазмалық ретикулумге енуі АТФ-аза насосы арқылы
іске асады. Ол үшін энергия жұмсалады.
Бұлшық ет жиырылуының негізгі
сипаттамалары жиырылудың бірлік қуаты
мен бұлшық ет күші арқылы өрнектеуге
болады. Сонымен қатар қысқару
жылдамдығы ; механикалық жұмыс – Рх;
пайдалы қуат Р , жылу өнімі qx, толық
жұмыс
W=Px+A
арқылы да сипатталады.
БҰЛШЫҚ ЕТ ЖИЫРЫЛУЫНЫҢ
ТҮРЛЕРІ
Түрлі бұлшықет жасушасында Са 2+ иондары
және ішкі жасушалық депо-
саркоплазматикалық ретикулумды
босатады және жиырылу белсенділігі арта
отырып жүреді.
Қаңқа бұлшықеттің жиырылуының
дамуындағы алғашқы бөгелуі 20 мс, ал
жүректе – бірнеше есеп көп ( 100 мс-ке
дейін) болады.
Жиырылу кезінде бұлшықеттің эффективті жұмысы жасалған
жұмыстың жұмсалған энергияға Е қатынасымен анықталады:

А
М .
Е
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, бұлшық ет серпімділік, тұтқырлық,
созылғыштық тәрізді механикалық және т.б. қасиеттеріне байланысты
бұлшықеттің адам ағзасында алатын ролі үлкен болып саналады. Бұлшық ет
жұмысының бұзылуы (мысалы, өкпенің, жүректің функциясы)
патологиялық өзгеріске, яғни әртүрлі аурулардың тууына себепші болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1)https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=1&id=464
2)https://baribar.kz/student/10311/bulshyq-et-ulpalary/
3)http://shkolo.ru/myishtsyi-i-ih-funktsii/
4) Көшенов Б. K69 Медициналық биофизика. Оқулық. – Алматы: Қарасай, 2011
- 224б. ISBN 978-601-7049-05-8

Ұқсас жұмыстар
Бұлшықет биомеханикасы
Көлденең жолақты жүрек бұлщықет
Рудольф Штайнер әдіснемесі
Дарынды оқушылар
Биологиялық басқару
ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ
Мектепте АКТ – ның құралдарының даму тарихы
Адамның қозғалу механикасы заңдылықтарын биомеханика
Бала тілін дамытудың әдіс - тәсілдері
Бизнес жоспардың міндеттері
Пәндер