КӨКШЕТАУ СӘКЕН


Slide 1

«КӨКШЕТАУ » СӘКЕН СИФУЛИН

Slide 2

СӘКЕН СИФУЛИН

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының I-ші ауылында туған.

2

Slide 3

СӘКЕН СИФУЛЛИН

3

Бір жылдан соң Ақмолаға ақтар келіп, сол жердегі кеңес үкіметін құлатады. Сейфуллин тұтқындалып, түрмеге қамалады. Одан кейін атаман Анненковтың "өлім пойызымен" Колчак түрмесіне жеткізіледі. Осының бәрін "Тар жол, тайғақ кешу" романында жазған. Ол кезде түрмеден қашып кетеді 1937 жылы 24 қыркүйекте Сәкен Сейфуллин тұтқындалады. Ал екі жылдан кейін оны НКВД-ның қабырғасы алдында атып тастайды. Әкесі Сейфолланы да алып кетеді. Інісі Мәлік те бір күннің ішінде жоғалып кетті.

Жаппай ату жазалары бәсеңдегенде "халық жауларының әйелдерін лагерьлерге жібереді" деген әңгіме тарады. Ол қауесет рас болып шығады. Гүлбаһрамды Ақмола лагеріне жібереді. Ол Аянды бірге алып барады. Поезда Аян қатты ауырып қалады. Вагонда дәрі-дәрмек те болған жоқ. Қанша арпалысқанымен еш дәрмен болмай, сәби үзіліп кетеді. Гүлбаһрам Көкшетаудан түсіп, баласын жер қойнына тапсырады. Қуғында жүрсе де, Сәкеннің жеке заттарын ақ дастарқанның ішіне салып, беліне байлап жүреді.

1957 жылы Сәкен Сейфуллин ақталды. Сол кезде ақ дастарқан қонақтарға алғаш рет жайылды.

Slide 4 Slide 5

5

1926 жылы Сәкен Сейфуллин жол жүріп келе жатып, Нілді болыстық комитетінің төрағасы, ақын Қайып Айнабековтың үйіне түсіп, біраз уақыт қонақ болады. Ал жолға шыққанда Қайып оған Қызылжарда оқып жатқан немере қарындасы Гүлбаһрамға сәлемдеме беріп жібереді. Сәкен Гүлбаһрамды тауып алып, сәлемдемені тапсырады. Осы жүздесуде ол қара көз, бұраң бел бойжеткенге ғашық болып қалады. Содан көп ұзамай, екеуі қосылады. Оны Гүлбаһрам да өзінің естелігінде жазды.

"Сөйтіп, 1926 жылғы желтоқсанда келіп, сол үйдің ошағына пұт болдым. Өзім жаңа тұрмыстың жөн-жобасын үйреніп, жан жарымның ойынан шығу қамымен жүрген соң, солай ойладым ба, әлде, көп жылдан бергі сүрбойдақтықтан ба, әйтеуір, Сәкен басқа уақыттың бәрін үйде, жазу үстелінің басында өткізді. Ол "истпарт" деген мекемеден Қызылорданың халық ағарту институтының директоры болып ауысқанда пәтерімізге көп папканы құшақтап келгені есімде. Сәкен Ташкентегі қазақ педагогика институтының директорлығына ауысты. Өзі лекция оқып жүрді", - дейді Гүлбаһрам.

Сәкен мен Гүлбаһрамның кездесуі

Slide 6

ШЫҒАРМАЛАРЫ :

1914 жылы алғашқы өлеңдер жинағы-«Өткен күндер» жарық көрді.

«Асығып тез аттандық» шығармасы -С. Сейфуллиннің шығармашылығының күрт бетбұрыс басы болған туындысы.

Поэтикасы символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образдар бар. Олар: асау тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сыр сандық, толқын.

М. Әуезов: «Төңкерісшіл драманың басы-Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» мен «Бақыт жолына» пьесасы.

Поэзиялық туындылары:

«Кел жігіттер» (қазақ әдебиетінде ең алғашқы төңкерістік жыр деп есептеледі. )

«Жас қазақ марсельезасы» (1919)

«Жұмыскерлерге»

«Жолдастар» т. б.

Slide 7

Драмалары:

«Қызыл сұңқарлар» (1920)

«Асау тұлпар» (1922, Орынбор)

«Домбыра» (1924)

«Аққудың айырылуы» (1925)

«Экспресс» (1926, Қызылорда)

«Социалистан» (1927)

«Тұрмыс толқынында» (1928)

«Советстан», «Көкшетау» (1925, 4 бөлім, 47 тараудан тұрады. )

«Альбатрос» (1933, қызықты поэтикалық формасымен оқшауланатын ірі туындысы. )

«Қызыл ат» (1933-1934, Голощекин саясатын «әкерелеу жайлы. Ақын мен аттың айтысына құрылған. )

«Бақыт жолында» (1935)

Повестері:

«Жер қазғандар» (1928)

«Айша» (1922)

«Біздің тұрмыс»

«Сол жылдарда»

«Жемістер» (1935)

«Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романында М. Тәтімов, С. Шәріповтердің бастарынан кешкен оқиғаларды (1916-1919) қосалқы эпизодтар арқылы суреттеген.

Әндері: «Біздің жақта», «Тау ішінде», «Көкшетау»

Slide 8

Сәкен Сейфуллин туралы ой-пікірлер

Тұла бойы тұнып тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған. Сәкен қазақ совет әдебиетінің негізін бірден-бір қалаушы, көшбасшысы болды. Тарих оған жүктеген міндетті ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихқа зорлық жүрмейді

« Ғабит Мүсірепов »

«Өлімге жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.

«Қазақты көргің келсе, міне, осы деп» деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын».

« Сырбай Мәуленов »


Ұқсас жұмыстар
Сәкен Жүнісов атыдығы
Сейфуллиннің шығармалары
Сәкен өлеңдерін еске түсіру
Сәкен Сейфуллин
Ілияс Жансүгіровтің туған жылы
Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
Менен сұрақ, сізден жылдам жауап
Ақан Сері
Ой шақыру стратегиясы
Сөз жасам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz