МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
Презентация қосу
ТҰҚЫМҚУАЛАЙТЫН ӨЗГЕРГІШТІК ПЕН
ЭВОЛЮЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА
БАЙЛАНЫС
ИСА АРУЖАН
Өзгергіштіктердің
түрлері
Тұқым Тұқым
қуаламайтын
қуалайтын
(модификациял
ық)
Онтогенетикал
Үйлесімдік Мутациялы ық
қ
КОМБИНАТИВТІК ӨЗГЕРГІШТІК
Тұқым қуалайтын немесе генотиптік өзгергіштікті екі типке бөледі: комбинативтік және
мутациялық өзгергіштік
Комбинативтік өзгергіштік
Өзгергіштіктің бұл типінде гендер өзгермейді. Гендердің генотипте бір-бірімен үйлесуі
фенотипі ұрпақтарды тудырады. Комбинативтік өзгергіштік жасушаның мейоздык
бөлінуінін I профазасында байқалатын хромосомалардың айқасуынан, ұрықтану
кезінде гаметалардың кездейсоқ кездесуінен және гомологтік хромосомалардың бір-
бірінен тәуелсіз ажырауынан пайда болады. Жыныстық көбею кезінде ата-ана гендерінің
алмасуынан жаңа белгілері мен жаңа касиеттері бар даралар түзіледі. Тұқым қуалайтын
гендердің үйлесуі ылғи да тиімді, бағалы бола бермейді. Бұл жағдайда табиғи сұрыпталу
нәтижесінде жағымсыз, зиянды белгілері бар организмдер еліп отырады.
Сұрыптаушылар жұмыстың мақсатына қарай болашақ ұрпақта гендердің жағымды
комбинациясын алу үшін будандастыруға алынатын ата-аналық формалардың
қасиеттерін іріктейді. Мысалы, қазақтың арқар-меринос қойы жабайы арқар мен биязы
жүнді меринос қойды шағылыстыру аркылы алынған. Мұнда арқардан суыққа төзімді,
сүйегі берік, тау жағдайына бейім белгілері берілсе, қойдан жүнінің, етінің сапасы
берілген. Бұл белгілер тұрақты болу үшін туыстық будандастыру жүргізеді.
МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
Мутация деп хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. Мутацияның
пайда болуы жөне қалыптасуы мутагенез деп аталады. Ал тұқым қуалайтын өзгерістерді
тудыратын факторларды мутаген деп атайды. Мутациялық процестің нәтижесінде жаңа
қасиеттерге ие болған дараларды мутанттар дейді. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды.
Олардың пайда болуы бірнеше кезеңдерді қамтитын күрделі процесс. "Мутация" деген
терминді 1901 жылы Голландия генетигі Гуго де Фриз "Мутациялық теория" деген еңбегінде
енгізді.
Ч. Дарвин "Үй жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі" атты еңбегінде
(1868) бірнеше тұқым қуалайтын өзгерістерді сипаттады. Жаңа Англияда (АҚШ) 1791 жылы
қой өсіретін анкон фермасында аяқтары қысқа, денесі ұзын еркек қозы туылады. Бұл құбылыс
ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында гендік мутацияның болуы арқылы түсіндірілді. Ч.
Дарвин бұл койларды "Жартылай кемтарлар" деп атаған. Малдардың аяқтарының қысқа
болуы және жайылым кедергілерінен өте алмауы фермерлерге ұнайды. Фермерлер сұрыптау
жұмысын жүргізу нәтижесінде анкон тұқымды қойлар пайда болды.
ГЕНДІК МУТАЦИЯЛАР
Гендік мутациялар геннің құрамының өзгеруінен туады. Генді ДНҚ-ның бір бөлігі десек, ДНҚ-
дағы азотты негіздердің орналасу ретінің бұзылуы нәтижесінде басқа нәруыздар
синтезделетінін білеміз. Олай болса, организмдердің көптеген морфологиялық, физиологиялық
және биохимиялық касиеттерінің өзгеруі осыған байланысты болады. Мысалы, өзімізге таныс
бұршақ өсімдігі тұқымының түсі сары немесе жасыл, формасы тегіс немесе бұдыр, гүлінің түсі ақ
немесе қара қошқыл, т.б. болуы. Жануарлардағы альбинизм (пигментсіздік), дрозофила
шыбынының көзінің түсі жағынан ақ, сарғыш, ақ сары болуы, сондай-ақ
адамда гемофилия, дальтонизм, фенилкетонурия, т.б. аурулардың болуы осы гендік
мутацияларға байланысты болады.
Хромосомадағы бір локустағы мутация нөтижесінде өзгерген гендер әр уақытта аллельді
болады. Мутацияның жиілігі өр түрлі аллельдерде бірдей жүрмейді. Бір аллельдік локуста
мутацияның жиілігі 10"5—10~7 болады. Бірақ организмде гендердің саны өте көп болғандықтан,
мутация да көп болады. Қазір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар гаметаларында 10%-
ға дейін табиғи өзгерістер кездесуі мүмкін.
ХРОМОСОМАЛЫҚ МУТАЦИЯЛАР
Хромосомалар құрылысының (құрылымдық) өзгеруі. Олардың екі типін ажыратады:
хромосомалық және хроматидтік мутациялар. Көптеген хромосомалық мутацияларды препарат
жасап, микроскоппен көре алады. Хромосомалық және хроматидтік мутациялардың мынадай
түрлері бар: транслокация, инверсия, жетіспеушілік (делеция) және сақина тәрізді, т.б.
Транслокация дегеніміз — екі хромосоманың немесе бір хромосоманың (екі хроматид)
хромосома материалымен өзара алмасуы.
Инверсия дегеніміз — бір хромосоманың ішкі бөлігінің 180° өзгеруі.
Сақина тәрізді хромосомалар — бұл таякша тәрізді хромосоманың сақина тәрізді болып
өзгеруі.
Жетіспеушілік (делеция) деп хромосома иықтарының бөлшектерге үзілуін айтады.
Хромосомалық мутациялар гендердің жұмысын өзгертеді. Мысалы, центромерасы бар
транслокациялық, инверсиялық мутациялар тұқым қуалайды.
ЭВОЛЮЦИЯ
Эволюция терминін алғаш М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым
Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды Эволюция
құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында байқалып, үнемі құрылысы
мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа
қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық
өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда
болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына
бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің
популяция деңгейінде пайда болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz