Нөлдік форма
Презентация қосу
Нөлдік форма. Қосымшалардың
ашық, жасырын келуі
Орындаған: Сағымбаева М
Қазақ тілі мен әдебиеті 201 топ
Тексерген: Жұбаева О
Жоспар:
І. “Нөлдік форма” терминінің шығу
тарихы, анықтамасы,зерттелуі
ІІ. Ы.Маманов қазақ
грамматикасындағы нөлдік форма
туралы.
ІІІ. Қ.Қасабек:Тілдің грамматикалық
жүйесіндегі нөльдік морфема
ІҮ. Қорытынды
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. “Нөлдік форма” терминінің шығу
тарихы, анықтамасы,зерттелуі
Нөлдік форма — белгілі бір сөз табының түрлену жүйесіндегі арнайы
грамматикалық мағынасы бар, бірақ арнайы көрсеткіш тұлғасы жоқ
ерекше құбылыс. Нөлдік форма сөз байланыстырушы қосымшалар
(жалға- улар) жүйесінде болады. Арнайы грамматикалық форма болмаса
да, сөздің байланысы арқылы белгілі грамматикалық мағынаның бар
екендігі байқалып отыр. Қазақ тіліндегі нөлдік формалар: септік
жүйесіндегі атау септік және ілік пен табыс септіктердің жасырын түрі,
жіктелу жүйесінде 3-жақ тұлғасы, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы
түрі болып табылады да, сол түрлену жүйесіндегі (септік, жіктік,
бұйрық рай) басқа түрлеріне (басқа септіктер ішінде, 1-2 жақтағы жіктік
жалғауға, бұйрық райдың басқа жақ және көпше түрлеріне) қарама-
қайшылық мәнде болады.
Нөлдік морфема – грамматикалық құрылыстан қомақты орын алатын, функционалдық
жұмсалымы әртүрлі, семантикалық құрылымы жағынан қолданыста үлкен қызмет
атқаратын тілдік бірлік.
1960 жылдардан бастап нөлдік форма теориясы ғылыми айналымға түсті. Орыс
ғалымдары Ю.С.Маслов, П.С.Кузнецов, И.П.Иванова, А.М.Пешковский т.б. ғалымдар
нөлдік форма туралы пікірлерін ортаға салып, әртүрлі терминдер ұсынды.
Нөлдік морфема теориясы ғылымнан орын алғанға дейін қазақ тілінде нөлдік
морфемаға қатысты құбылыстарды ғалымдар байқап, оны әр түрлі атап келген.
Мысалы, Ш.Х.Сарыбаев "Табыс жалғауының тасалануы", Ә.Төлеуов "Кейбір
көрсеткіштердің тасалануы, тасаланбауы", А.Ысқақов 1964 жылғы "Қазіргі қазақ
тілі. Морфология" оқулығында септік жалғауларының жалғанып, жалғанбай
қолданылуын ашық, жасырын қолданылуы деп
атаған.
Ол осы аталған оқу құралында былай деп жазған: "Ілік жалғауы жасырын түрде
де, ашық түрде де келеді. Мәселен, ауылдың малы - ауыл малы болып бірде ілік
жалғаудың көрсеткіші түсіп, бірде түспей келуі оның грамматикалық және стильдік
ерекшелігіне байланысты екенін айтқан.. Мұнда ғалым ілік септіктің қосымшасыз
қолданылуын жасырын келуі деп, оған жасырын деген термин қолданған, қосымшалы
қолданылуына ашық деген термин қолданған.
Нөлдік форма, нөлдік морфема мәселелері қазақ тіл білімінде кеш көтерілді.
Қазақ тіл білімінде нөлдік морфема мәселесін зерттеушілер ретінде
Ы.Маманов, С.Исаев, Н.Оралбаева, Ж.Балтабаева, А.Омарова сияқты
ғалымдарды атауға болады.
А.Омарова нөлдік морфеманы зерттеуші ғалымдардың анықтаған,
көрсеткен белгілерін талдап, жинақтай келе нөлдік морфеманың
белгілерін үш топқа бөліп қарастырады.
Грамматик Сөзжасам
Ортақ
алық дық
белгілері
белгілері белгілері
1)тұрақты нөлдік
морфема; 2)
ауыспалы нөлдік
морфема.
Нөлдік морфема тілдік таңба
болғандықтан, оның тілдік бірлік
атаулының бәріне ортақ белгілері бар.
Олар:
1) дыбыстық құрамнан тұратын сыртқы
бейнесінің жоқтығы;
2) сыртқы дыбыстық бейнесі болмаса да
мағынасының бары.
Тілдің грамматикалық жүйесінде сөздің түрлі нөлдік формада
қолданылуы, кейіннен пайда болған құбылыс емес, көне дәуірден бері
қалыптасып, дамып келе жатқан тілдік құбылысқа тән екені, көне дәуір
ескерткіштері тіліннен алынған мына сөйлемдерден анық көрінеді.
Мысалы:Іле суын кечтіміз (М.Қ) -деген сөйлемде «Іле» сөзі ілік септіктің
жасырын (ашығы - Іленің), Таш тоқытдым (К.Т.) сөйлемінде «таш» сөзі
табыс септіктің жасырын (ашығы - тасты), Хінддін Герім бардыңыз (Б.Н.)
деген сөйлемде «Хінддін» сөзі шығыс септіктің жасырын (ашығы –
Хінддіннен), «Герім» сөзі барыс септігінің жасырын формаларында (ашық
түрі – Герімге) тұрғанынан грамматикалық септіктерде де, көлемдік
септіктерде де нөлдік морфеманың «жасырын» келуі, сөздің сыртқы нөлдік
формасы жағынан атау тұлғаға ұқсағанымен әуелден екеуі бір емес екенін
көрсетеді.
ІІ. Ы.Маманов қазақ грамматикасындағы
нөлдік форма туралы.
Ы.Маманов еңбектерінде нөлдік формаға ілік, барыс, табыс септіктерінің
жасырын формалары мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрін жатқызылады. Ал
атау септікті бұл қатарда қарамайды. Н.Оралбаева мен С.Исаев еңбектерінде
атау септік нөлдік форманың ең бірінші элементі болып табылады. Бұл
ғалымдар септіктердің жасырын формаларын, тәуелдік жалғау (біздің ауыл),
жіктік жалғаудың үшінші жағын, 2-жақ жекеше, бұйрық рай формасын нөлдік
форма деп анықтайды.
Кейінгі ғылыми зерттеулерде нөлдік форма грамматиканың шеңберінен шығып,
кең аяда қарастырыла бастады. А.Қ.Омарова «Қазақ тіліндегі нөлдік
морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі» атты докторлық
диссертациясында бұл ұғымның сөзжасамға да қатысты тілдік құбылыс екенін
дәлелдейді. Зерттеуші аталған еңбекте нөлдік морфеманың семантикалық-
функционалдылық ерекшеліктерін ашу мақсатында нөлдік морфеманы
грамматикалық нөлдік морфема (септік жалғаулары мен т.б. грамматикалық
формалар) және сөзжасамдық нөлдік морфема деп саралап алады. Бұл тілдік
бірліктер диссертацияда функционалды-семантикалық аспектіден сипатталады .
Септік жалғауларының ашық және жасырын келуін (нөлдік форманы) бірнеше
жылдар бойы түркі тіл білімін зертеуші ғалымдар белгілілік-белгісіздік
категориясымен байланыстырып келді. Олардың бір тобы бұл категорияның
түркі тілдерінде бар екендігіне түрлі дәлелдер келтіреді. М.Балақаев «Қазіргі
қазақ тілі» оқулығында (1961) грамматикалық белгілілік не белгісіздікті
мағыналық белгілілік я белгісіздікпен бір деп санауға болмайды. Түркі тілдері,
оның ішінде қазақ тілі үшін белгілілік-белгісіздіктің грамматикалық тұлғасы
мынау дерлік дербес қосымшасы жоқ деген тұжырым жасайды. Алайда ғалым
ондай мағыналық айырмашылық қазақ тілінде мүлде жоқ деп айтуға
болмайды деген де пікір айтады.
Ы.Е.Маманов қазақ тілінде белгілілік-белгісіздік категориясы бар деп
көрсетеді. Олардың арнаулы грамматикалық көрсеткіштерін де анықтайды.
Ғалым табыс, ілік септіктерінің ашық, жасырын келу ерекшеліктерін қазақ
грамматикасындағы белгілілік-белгісіздік ұғымымен байланысты қарау керек
деген концепция ұсынады. Мысалы, ілік және табыс септіктерінің ашық келуі
белгілілікті көрсетеді. Осыған байланысты кісі есімін белгілілік деп көрсетеді
(Асанның үйі – Асан үйі деп айтылмайды). Ғалымның пайымдауынша, ілік,
табыс септіктерінің түсірілмей айтылуы – белгілілік, ал түсіріліп айтылуы –
белгісіздік ұғымының көрсеткіші болады. Сондай-ақ, бір, біреу есімдіктері
белгісіздік мағынаның көрсеткіші болып табылады деп есептейді.
Белгісіздік мағына, ұғым тіл білімінде әлі де кеңірек зерттеуді қажет етеді.
Өйткені белгісіздік ұғымын «бір», «біреу» сияқты екі-үш сөз бен табыс септіктің
жасырын түрімен ғана байланыстыру жеткіліксіз. Белгісіздік ұғымының тілдік
табиғатын ашу үшін ең алдымен сөздерді мағыналық жағынан, яғни осы
белгісіздік ұғымын білдіруі жағынан талдау жасау керек. Белгісіздік мағынаны
барлық сөз таптарына қатысты да айқындауға болады деп есептейміз. Мысалы,
зат есім болатын ағаш деген сөзде жалпылық, көптік ұғымдармен қатар,
белгісіздік ұғым болса, сын есімнің заттанған түрінде ғана белгісіздік ұғым бар
(Белсенділер алдыға шықты). Сан есімнің болжалды түрінде (екілер, бестер
шамасы) белгісіздік мағына болса, бұл ұғым есімдіктің бірнеше түріне тән.
Сөз таптарының ішінде грамматикалық категорияға бай, күрделісі – етістік
екені белгілі. Белгісіздік мағына түбір етістіктерде де кездеседі. Белгісіздік
ұғымы етсітіктің шақ формаларында (келер ме екен, барар еді), сыпат
категориясында, аналитикалық етістіктерде де кездеседі.
Жалпы алғанда бұл категория туралы мәселе жеке зерттеуді қажет етеді.
ІІІ. Қ.Қасабек:Тілдің грамматикалық
жүйесіндегі нөльдік морфема
Нөлдік морфема - тілдік таңба тұрғысынан да тілдік
бірліктер қатарында танылып жүрген, тілдің грамматикалық
жүйесінде белгілі орны бар тілдік құбылыстың бірі. Тіліміз
мұндай фактігі өте бай. Сөздің арнайы көрсеткішсіз нөлдік
тұлғада, нөлдік қосымшасыз формада тұрып, белгілі бір
грамматикалық мағынаны білдіруі қазақ тіліндегі негізгі сөз
таптары категориясында бар. Мысалы, етістіктің бұйрық
райының жекеше екінші жағының анайы түрі қазақ тілінде
әрқашан нөлдік формада қолданылады. Бұл бұйрық райдың
нөлдік формасы сыртқы тұлғасы жағынан түбір етістікпен
бірдей сияқты болғанымен, бұл екеуі екі басқа тілдік бірлік.
Бұйрық райдың нөлдік тұлғасы - грамматикалық форма болса,
етістіктің түбір тұлғасы - лексикалық бүтін.
Ілік септігінің нөлдік тұлғасы сөйлемнің бірыңғай мүшелерін
жасауда оларды түрлендіріп қолдануға мүмкіндік туғызады:
Мысалы: Әке-шеше, туған-туысқан, ғашық-жар, бала-шағаның хабары
қайсысының болсын тілінің ұшында, жүрек түбінде (М. Әуезов)
сөйлемде, ілік септігі жеті рет кездеседі. Сондықтан автор стилистикалық
мақсатпен төртеуін нөлдік (әке-шеше, туған-туысқан, ғашақ-жар, жүрек),
үшеуін қосымшалы (бала-шағаның, қайсысының, тілінің) тұлғада алған.
Ілік септігінің нөлдік тұлғада қолданылуы, не түсіріліп айтылуы,
бірыңғай анықтауыш мүшелердің әр түрлі модельде көрініс беруіне
мүмкіндік туғызып тұратыны, ал көпшілік жағдайда, сөйлемнің тек
соңғы компоненті ғана қосымшалы тұлғада, ал алдыңғы позициядағы
компоненттерінің бәрі нөлдік тұлғада келетіні көрінеді.
Сонымен қатар бірыңғай анықтауыш мүшелердің кейбір
модельдерінде ортаңғы компонент қосымшасыз, бірінші, үшінші
компоненттер қосымшалы тұлғада келеді Мысалы: Қорқыт
туралы қазақ аңызы тарихтың, дәуір, заманның бірде- бір елесін,
долбарын бермейді. (М. Әуезов).
Мұндай бірыңғай мүшелердің құрылысының әр түрлі тұлғада
келуі олардың жалғаулықты шылауларды тіркестіре
қолданылғандарында да кездеседі. Бұл кезде нөлдік тұлғадағы
бірыңғай мүшелер «мен, бен, пен» шылауының алдында келуі шарт
Мысалы: Бықсып жанған қидың, дүрілдеп жанған баялыш пен
қарағанның иісі мұрынға келеді. (Ғ. Мүсірепов).
Кейде қосымшалы және нөлдік тұлға кезектесіп келіп, ритмикалық
жұп құрайды: Керей, Матайдың, Мұрын, Сыбанның да толып
жатқан мырза, төрелері осында. (М. Әуезов).
ІҮ. Қорытынды
Қорыта айтқпанда, нөлдік форма
денегіміз – агглютинативті
тілдердегі сөйлеу процесінде
сөздің формалық көрсеткіші түсіп
қалғанимен, ол тұлға білдіретін
грамматикалық мағынаның
сақталып қалуынан және
сөздердің өзара арнайы
грамматикалық көрсеткіші
грамматикалық байланысына
негізделіп қалыптасқан,
грамматикалық мағынасы сөйлеу
кезінде ғана анықталатын форма.
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. А.Қалыбаева, Н.Оралбаева. Қазіргі қазақ тілінің
морфемалар жүйесі. Алматы,»Ғылым», 1986. – 190 б.
2. Исаев С. М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің
грамматикалық сипаты. –Алматы, «Рауан», 1998. -302 б.
3. Ысқақов А "Қазіргі қазақ тілі (морфология)"- Алматы:
Ана тілі, 1991. – 381 бет.
4. Омарова, А.Қ "Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың
функционалдық және семантикалық аспектісі", автореферат
- Алматы : Қазақ университеті,2006.-52 б.
5. Омарова, А.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі нөлдік морфема:
монография.-Алматы: Экономик' С, 2004.- 253 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz