Тауардың сипаттамасы және бәсекелестік артықшылықтары




Презентация қосу
Тауардың сипаттамасы
және бәсекелестік
артықшылықтары
Кіріспе
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар
аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын
барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, орын, мекеме және идея
болуы мүмкін.
Зерттеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы
сұранысын, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның
техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясатын
анықтау.
Зерттеудегі негізгі бағыттың бірі-сол тауар шығаратын фирманың
бәсекелестік қасиетін талдау, тұтынушылық сапасын салыстыру,
баға, өндірісті өзіне ұқсас бәсекелестік тудыратын фирмалардың
көрсеткіштерімен салыстыру.
Қазіргі кезде жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру
- кәсіпорынның өркендеуінде шешуші болып
табылады.
Жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке
жауап беруі керек. Бұдан екі талап шығады:
1) жаңа қажеттілікті болжау және жинақтау;
2) жаңа тауарды таңдау кезінде кәсіпорынның басты
проблемасына көңіл аудару.
Идея қабылданғаннан соң фирма жетекшілері келесі хабарламаларды зерттейді:

Конструкциялық және технологиялық
1 табыстың мүмкіндігі;

Эксперименталдық жұмысқа
2 жіберілген шығын;

Жаңа өндіріске ақша бөлу немесе
3 ескіні модернизациялау;

4 Жұмыс кезеңін аяқтау уақыты;

Жұмыс өткізуге қосымша қаржы
5 тартудың қажеттілігі;
Идея қабылданғаннан соң фирма жетекшілері келесі хабарламаларды зерттейді:

Тауардың нарыққа шыққан кездегі және одан
6 кейінгі уақыттағы нарықтағы өтуін барлау;

7 Бәсекелесушінің мінез-құлығын анықтау;

8 Тауарды қажет етуші, нарық секторы;

Бағасы және оның өту көлеміне
9 қатысы мен бәсекелестер қызметін болжау.

Қарсыластардың бәсекелес тауарының
10 пайда болу мүмкіндігі.
Тауар сипаттамасы
Тауарлы өндірісте шешуші категория - тауар болып табылады.
Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек
өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатыны:
тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын
зат болып табылады;
тауар - еңбек жұмсалған зат;
тауар сатуға арналған.
Австриялық экономикалық мектебінде тауар айырбас үшін
өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.
Экономикалық игіліктерге Карл Менгер
экономикалық қызмет нысаны немесе
нәтижесі болып табылатын және
қажеттіліктермен салыстырғанда
шектеулі мөлшерде алуға болатын
заттарды жатқызады. Бұл екі
анықтамалардың ұқсастығы - екеуінде
де тауар еңбек нәтижесі ретінде
қарастырылады.
Әр түрлі көзқарастардың болуына
қарамастан, барлық мектептер еңбек
арқылы өндірілген пайдалы өнімдердің
де, еңбекпен жұмсалған әр түрлі
қызметтердің де тауар бола алатынын
мойындайды.
Қызметтің ерекшелігі: оның заттай
формасы болмағанмен, пайдалы мәні
бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып
табылады.
Тауарлар материалдық және материалдық емес
сипатта болуы мүмкін.
Тауардың екі қасиеті бар:
- қандай да бір адамның қажеттілігін
қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;
- басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.
Тауар қандай да бір адамның қажеттілігін
қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады.
Ол тек өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың
қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну
құны болып табылады.
Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа
тауарларға айырбасталу қасиеті айырбас құны
деп аталады. «Айырбас негізінде не жатыр және
басқа бір тауарға айырбасталудың сандық
пропорциясы қалай анықталады?» деген сұрақты
алғаш Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі
экономистер оған әртүрлі жауап берді.
Еңбек –құн
теориясының
жақтаушылар
пікірінше
айырбасталынатын
тауарлардың құнын
анықтайтын еңбек
шығындары түріндегі
ортақ негіз. Шекті
пайдалылық
теориясын
қолдаушылардың
пікірінше, айырбас
негізінде пайдалылық
жатады.

Ұқсас жұмыстар
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі
Nuka-Travel туристік компаниясының маркетингтік ортасы
Бәсекелестік құқықтың негіздері
Монополиялық бәсекелестік
Бағалық бәсеке
Столпер - Самуэльсон теоремасы
Бәсеке ережелері
ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағаны жоспарлау әдістері
Маркетинг және Маркетингтік зерттеулер
Пәндер