Шаңғы жарыстары




Презентация қосу
Шаңғы
спортының
тарихы мен
қауіпсіздіқ
ережесі
Тарихы-1
Шаңғы спорты алғаш рет неолит дәуірінде
солтүстікті мекен еткен тайпалар арасында пайда
болды. Археологтар адамзат 4-4,5 мың жыл
бұрын шаңғыны пайдаланған деп есептейді.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға
қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі
тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші
шаңғы Псков облысының шекарасында табылды,
яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып
есептеледі. Оған шамамен 4300 жыл болған. Оны
А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.
Тарихы-2
Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық
монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ.,
Авел Диакон 770 жылы жазылған. 7 ғасырдың аяғында
тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жасады.
Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар
бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған. Бірінші шаңғы
сөзі 12 ғасырда Русьқа жатады. Митрополит Никифор Киев
князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін
қолданған. Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің
армиясында қолданылды. Біріншіден шаңғы тебуге
Норвеждіктер көңіл бөлген.
Шаңғы спорт түрлері
Биатлон
Тау шаңғысы спорты
Шаңғы жарыстары
Шаңғыда бағдарлау спорты
Шаңғымен трамплиннен секіру
Фристайл
Могул
Тау шаңғысы спорты

Тау Шаңғы Спорты – шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы
спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді.
Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі.
Жарыс жолының қашықт. 500 – 700 м, көлбеулігі – 100 – 200 м.
Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады.
Олардың арасы – 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі
рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже
шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 – 500 м,
ұзындығы 800 – 2000 м, қақпаның ені – 8 м, олардың арасы 15 – 20
м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.
Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 – 1000 м, ұзындығы
2000 – 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 – 100 километрге жетеді.
Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын
А.Лунн құрастырған.
Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы - белгілі қашықтықтағы арнайы
дайындалған трасса бойынша белгілі бәр спортшылар
санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша)
шаңғымен жарысу спорты.
Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу
Норвегияда 1767 жылы өтті. Осыны үлгі етіп жарыс
Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық
Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында - 20 ғасыр
басында әлемнің көп елдерінде шаңғы клубтары пайда бола
бастады. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты
федерациясы (FIS) құрылды.
Шаңғымен жаттыққанда
ұстанатын ережелер
а) шаңғымен бірінің артынан бірі еріп келе жатқанда 3-4 м-лік, ал биіктен
түскенде 30 м-лік ара қашықтықты сақтау керек;
ә) биіктен түскенде таяқтарды алға шығармаған дұрыс, өйткені құлаған
жағдайда оған арандап қалу қаупі бар;
б) беткейден түскеннен кейін оның етегіне тоқтап тұруға болмайды. Себебі
арттағы биіктен түсіп келе жатқан шаңғышы соқтығысуы мүмкін;
в) ұжым болып жорық, серуенге шыққанда, қандайбір себеппен жолдан
шығып қалатындар болады, олар бұл туралы жолдастарын хабардар еткені
жөн;
Шаңғымен жаттыққанда
ұстанатын ережелер
г) егер жолдасыңды қуып жетсең, оның шаңғысының өкшесін баспа,
қатарласып озып кет немесе жолды босатуды сұра;
ғ)сөреден шыққанда бірден жоғары шапшаңдықпен жүгірмей,
шапшаңдықты біртіндеп өсірген дұрыс;
д) тас жолдардан өтерде, міндетті түрде шаңғыны шешіп, көтеріп алып өту
керек;
е) ауа райы суық кезде өз шама-шарқына, көніл күйіне назар аударған
жөн.Терінің кейбір жері бозарғаны байқалса, ыстық-суықты сезінбейтіндей
жағдай болса , онда үси бастаған жерге алақанды басып , ұқыпты түрде
уқалау қажет.
Маңызы
Шаңғымен жүру және жүгіру бұлшық еттерді шынықтырады
және негізгі жүйелердің нығайып, күшеюіне және дамуына әсер
етеді. Осының барлығы денсаулықтың жоғары дәрежеде
болуын және белсенді түрде ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етеді.
Шаңғы спортының үлкен әскери-қолданбалы маңызы да бар.
Шаңғы Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлерінің денесін
шынықтыру құралы ретінде өте кең пайдаланылады. Ол осы
кезге дейін тұрмыс-тіршілікте еліміздің солтүстік және шығыс
аудандарында ұзаққа созылатын қыс кезінде әр түрлі
жұмыстарды атқару кезінде өз маңызын жойған жоқ.

Ұқсас жұмыстар
Тау шаңғы
Аяқ киім гигенасы
Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары
Тау шаңғысы спорты
Спорттық бағдарлау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жүзу туралы ұғым
Ондық бөлшектер
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Спорт - денсаулық
Пәндер