БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ



Бала тілін дамытудағы жұмыстар
Орындаған: Токмуханбетова Айғаным

БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ
Тіл - қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім. Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов . . . ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов : . . . өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек . . . Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бай ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз дейді. Сүйемін туған тілді, ана тілім Бесікте жатқанда- ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді ана тілі - ана әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып, сырлы сөз маржанына құлағын үйретіп, құйма құлақ тыңдармандыққа баулитыны ешбір дәлелдеуді қажет етпесе керек.

Баланың мектепке дейінгі кезі- оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі, сондықтан да бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет.
Бұған ата- аналар да ерте бастан көңіл бөлуі қажет. Баланың жағымды мінез- құлық әрекеттері 3-4 жасқа дейін- ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды. Сондай- ақ оның физиологиялық, психологиялық жақтары да жедел дамып жетіледі. Осыған орай түрлі қимыл- әрекеті күрделене түседі. Күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген баланың ынтасы артады. Ата- аналар балаларын әр түрлі іске үйрету арқылы олардың өз бетінше іс тындыруын да қалыс қалдырмайды. Бұл болашақ шәкірттердің оқуға зерек, ой еңбегіне белсенді болуға, өз ісін жақсы ұйымдастыра білуге тәрбиелеу үшін қажет. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыстар мен ересектердің іс- әрекеті беріп отырулары қажет. Кейде баламен көшеге, арнайы серуенге шыққанда кезіккен нәрселерді түсіндіріп айтып беру, үйге келген соң сол көрген- білгенін есіне сақтауға үйрету пайдалы. Бұлай ету баламен ата- ана арасындағы мейірбандықты нығайтады. Бала қорықпай еркін сөйлейтін болады

Байқаусызда бір теріс әрекет жасай қалса, жасырмай айтуға әдеттенеді.
Жалпы сезім мүшелерінің, ақыл- ойдың, сөздің дамуы бір- бірімен тығыз байланысты екендігін психологтар әлдеқашан дәлелдеген. Баланың өз қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуына (есту, сөйлеу мүшелерінің) байланысты психологиялық процестері де ( ой қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу т. б. ) жақтарының дамуына әсер етеді. 1, 5-2 жастағы бала таныс адамдармен тіл арқылы қарым- қатынас жасайды. Естіген- білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға тырысады. Өз ойын сөзбен білдірудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені, күнделікті ойын, тамақтану, киіну- шешіну, қимыл- әрекеттері кезінде ол да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.

Баланың тілін дамыту әдістері:
баламен әңгімелесу; күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу, көрген- білген туралы әңгімелеп беруге үйретіп отыру, сөздік тапсырмалар орындату, түсінгені бойынша оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
1. Затты бақылатып көрсету; 2. Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып жауап алу; 3. Сол бақылаған оқиғалар туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген- білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатсаңыз қозылы қой, бұзаулы сиыр немесе балалы мысық. Осылардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір- бірінен айырмашылығы, ұқсаса жақтары туралы бала салыстыра айтуға тиісті. Соңынан мақал- мәтел айтып, жұмбақ шештіру, сөз мәнісін сұрап, түсініп айтуға үйрету. Сол жануарларды суреттен танып көрсету, мүсіндеу, жануарлар айтысы т. б. ойындар ойнату тәріздес жұмыс жүргізу.

Осы жастағы балалардың байқалатын ерекшелік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz