Ата - анамен жұмыс түрлері




Презентация қосу
Ата -анамен жұмыс
түрлері
Орындаған:
Токмуханбетова Айғаным
Ата-аналармен жүргізілетін
жұмыс түрлері.

1. Жанұяға бару. Баланың жанұясына бару кезінде міндетті
түрде мұғалім өзінің алдына мақсат қою керек. Мысалы:
жанұясымен танысу, жанұядағы қарым-қатынасын зерттеу, үй
тапсырмасын орындауын тексеру және т.б. Жанұяға бармас
бұрын баратындығын ескерту қажет.

• 2. Дәріс - бұл ата-аналармен тәрбие үрдісін ұйымдастырылуының
жолындағы жұмыс түрі. Дәріс жүргізуші - лектор әрі педагог, әрі
тәрбиеші. Ол ата-аналардың мәліметтері мен жағдайын білуі
керек.Мұғалім өз дәрісінде баланың тәртібі, психикалық дамуы,
жанұядағы тәрбиенің тәртібі туралы тақырыптарды қамтуы тиіс.
Дәрістің тақырыбы ата-ана үшін өзекті және қызықты болуы
керек. Мыс: «Мектеп оқушыларының күн тәртібі», «Өзін-өзі
тәрбиелеу деген не?» «Бала және махаббат»
Практикум
• Практикум – бұл бала тәрбиесі жөніндегі ата-аналардың
педагогикалық білімдерін толықтыратын жұмыстың түрі.
Практикумда мұғалім ата-аналарға қандай да бір ситуациядан
шығатын жолды табуға шақырады

• Педагогикалық диспут. Педагогикалық мәдениетті
қалыптастырудағы жұмыстың бірі. Диспуттың нәтижелі болуы,
оның дайындығының жақсы өтуіне байланысты. Диспут
тақырыбы бір ай бұрын беріледі.
Жанұя тәрбиесі
• - баланы жан-жақты дамыту мақсатындағы ата-аналар мен
жанұяның басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуі. Жанұя
тәрбиесінің мазмұны, сипаты, нәтижесі тұлғалық ресурстарға
байланысты. Тұлғалық ресурстар, бір жағынан, жанұя құрамымен
(әкесі, шешесі, атасы, әжесі, ағасы және т.б.) анықталса, екінші
жағынан, жанұядағы ересек адамдардың денсаулығының
күйімен, білімділік деңгейімен, қызығушылықтарымен,
құндылықты бағыттарымен, әлеуметтік мақсаттарымен де
белгіленеді. Жанұя тәрбиесінің маңызды сипаты ретінде ондағы
қарым-қатынас стилі танылған, яғни жанұядағы ересек
адамдардың балалармен өзара әрекеттесу тәсілдері мен сипаты.
Олар: авторитарлы (өктем), демократиялық, либералды стильдер
болуы мүмкін.
Ата-аналар жиналысын
өткізу, баяндама,
ұсыныстар жасау
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата - аналарымен жұмыс істеудің
мазмұнына ерекше назар аударып: Тек ата - аналармен бірге жалпы күш
жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты
беруі мүмкін, - дейді[2]. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік
ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда
педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне
қарамастан ата - аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте
жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен
мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың
өзара қарым - қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу
технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен
қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп
демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш -
мұғалім - оқушы - ата - анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым -
қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым - қатынасты реттеп отыратын
әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектептің ата -
аналармен жұмысының
кейбір дәстүрлі түрлері өзінің
маңызын жоюда
ата - аналар жиналысы, ата - аналар лекториясы мен университеттері , ата
- аналардың ашық күні, ата - аналардың жұмыс орындарымен байланыс ,
баланың отбасына бару т.с.с. Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде
мұғалімдер мен оқушылар ата - аналармен оқушылар өзара байланыссыз
жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата -
аналармен ынтымақтастық қарым - қатынасына кері әсерін тигізуде .
Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір - біріне айтар ақыл кеңесі ауадай
қажет болып отыр. Сондықтан да ата - аналар балаларды тәрбиелеу
ісінде мектеп пен қарым - қатынас, тікелей байланыс жасауды басты
міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын
тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу - тәрбие
жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу - тәрбие процесінің
мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен
мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді
Мектептің ата - аналармен жүргізетін
жұмысының ерекшелігі
• Мектептің ата - аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың
байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді . Бұл тұрақтылықты ең
алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы
тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі , соның жұмысына байланысты.
Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде
мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің
осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата - аналар және балалардың
өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол
үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі
шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет
орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек
пен қолдау, бір - біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне
айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек
етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны
оқушылардың ата - аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа
сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата - аналармен қоян - қолтық
жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс[4]. Ол үшін,
жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан -
жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Сынып жетекшісінің ата - аналармен
жұмыс істеу қажеттіліг неде:
• - баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді
шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп
жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында
тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын
ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды
жүзеге асырудың болуында;
- баланың жан - жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және
нәтижелі ұйымдастыруда;
- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата - аналармен
жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;
- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан - жақты жақсы танып білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір
жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;
- сынып жетекшісі, оқушылар және ата - аналардың жағымды көңіл күйін өзара
жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым - қатынасын орнықтыруда.
Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға
негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстағы
педагогтың негізгі міндеттері

• Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат отбасының, оның мүшелерінің
өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін отбасының жеке басқа ықпалын,ата-ананың
педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне
ортақтастыруды көздейді.

• 2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз
ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамғасайбелгілі-бірмінез-
құлықнормаларынбалаға үйрету, жаттықтырудың жүйелігін, тұрақтылығын қамтамасыз
ету.Сол сыныптағы дәрісберетінмұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру .

• 3.Аға -аналарұжымынқұру.Бұлкүрделі,әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет.Бұл
бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі
қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды
міндеттейді.

• Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып
отыру. Ол үшін ата-аналардың жағдай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру . Бұл
бағытта баспасөз бетіерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер
жетілдіру универсиіетгерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыии-практикалық,
конференцияларда, ана-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау .
Ата-аналарменатқаратын
жұмыстарында
сыныпжетекшісінің қызметі
• Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс .

• Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен
таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы
мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогакалық көзқарасын баяндайды . Оның
мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен ,
тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру
жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сынып сабақ беретін пән мұғалімдерін
мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады . Мұғалімдер өздері
жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй
тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата -анатарды
таныстырады.

• Ата-анатрмен педатогогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын
ұйымдастыру. Сынып жіекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және
психологяялық бімімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез -
құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүкіейді . Қазіргі мектеп
жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда . Бұл олардың
педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады .
Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата -аналардың
психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар
аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата -аналардың оған деген сұранысы
күннен-күнге артуда.
Назарларынызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Баланың отбасына бару
Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестік
Үйде оқытуға жауапты мамандарда және пән мұғалімдерінде болу тиіс құжаттар
Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты
Бар ізгілік бір өзіңнен басталады жайлы ақпарат
Бар ізгілік бір өзіңнен басталады!
Ата - ана және қоғамдық жұмыс
Ата - анамен
Отбасы тәрбиесінің негізі
Психолог және мұғалімдер ұжымы
Пәндер