Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру
Презентация қосу
ҮЛГІЛІК ОҚУ
БАҒДАРЛАМАСЫНА
СИПАТТАМА
Орындаған: Токмуханбетова Айғаным
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жалпы мәдениетті
қалыптастыруға, дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық және
жеке қасиеттерін дамытуға, оқу әрекетінің алғы шартын
қалыптастыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың
денсаулықтарын нығайтуға және сақтауға бағытталған.
■ Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқыту және балалардың
қабілеттерін дамыту, балалар еліміздің зияткерлік әлеуетінің
болашағы болғандықтан қоғам үшін өте маңызды болып
табылады.
■ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту
негізінде мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын
жетілдіру және білім беру үдерісіне инновациялық әдістер мен
технологияларды ендіру.
Осы мақсатқа сәйкес жаңа технологиялар мен әдістерді қолданып,
отандық шығармалардың көлемін арттырумен мектепке дейінгі
білім беру мазмұнына бірыңғай талаптарды, жүйелілікті,
тұтастықты, сабақтастықты және үздіксіздікті қамтамасыз ететін
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.
■ Аталған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасына арналғанәдістемелік нұсқаулық Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік
стандарты (бұдан әрі – Стандарт) талаптарына сәйкес мектепке
дейінгі ұйымдардың педагогтарына әдістемелік көмек көрсетуге
арналған және Бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады.
Нұсқаулық сабақтастық, жүйелілік, бірізділік,
вариативтік, кіріктіру педагогикалық ұстанымдары,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік,
дамытушы және оқыту мақсаттарының бірлігі негізінде
жасалған.
■ Осы құралда балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп
оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық»,
«Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім
беру салаларын кіріктіру арқылы мазмұнды іске асырудың
түрлері мен әдістері берілген.
Мақсаты:
■Бағдарламаның мазмұнын әдістемелік
қолдауды және мектепке дейінгі
ұйымдарда білім беру үдерісін
ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
■ -балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім
беру салаларын кіріктіру;
■ - мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш
мектептің сабақтастық ұстанымын іске асыру;
■ - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
мен оқыту мәселелері бойынша педагогтарға
әдістемелік көмек көрсету және ата-аналарға
кеңес беру.
Әрбір жасқа арналған әдістемелік жұмыстың
бөлімдерінде білім беру салаларының мазмұны және
балалардың Бағдарлама мазмұнын игерудегі
жоспарланған күтілетін нәтиже ашылған.
■ Білім беру қызметі балаларға шамадан тыс салмақ салмай, тәрбиелік,
дамытушылық, білімдік мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қамтамасыз етуі
тиіс.
■ Сонымен бірге бағдарламалық білім беру міндеттерін шешу тек қана
ұйымдастырылған оқу қызметінің көлемінде ғана емес, сондай-ақ режимдік
сәттерді өткізу кезінде де ересек пен балалардың бірлескен әрекеті ретінде
және мектеп жасына дейінгі балалардың дербес әрекеттерінде де қамтамасыз
етіледі.
■ Білім беру үдерісін құру балалардың жастарына сәйкес түрлеріне негізделеді.
■ Жұмыс түрін педагог мектепке дейінгі ұйымның бағыттарының ерекшелігіне,
жабдықталуына (материалдық-техникалық қор), мәдени және аймақтық
ерекшеліктерге, педагогикалық үдеріске қатысушылардың тәжірибесіне,
педагогтардың шығармашылық әлеуетіне сәйкес өздігінен таңдайды.
Білім беру үдерісі келесі
бағыттар бойынша жүргізіледі:
■ 1.Дене дамуы: кешенді шынықтыру шаралары, таңертеңгі жаттығу, күннің екінші
жартысындағы жаттығулар мен қимылдық ойындар;
■ 2.Әлеуметтік-тұлғалық даму: режимдік сәттерді өткізуде жағдаяттық әңгімелесу, олардың
қажеттілігін түсіндіру; тапсырмалар арқылы еңбек дағдыларын дамыту (кезекшілік, өзіне-
өзі қызмет ету дағдылары, ересектерге көмектесу; сабаққа қажетті мүліктер мен құрал-
жабдықтарды орналастыру, жинастыру, қимылдық ойындар мен жаттығуларға арналған
құрылымдарды құрастыруға балаларды қатыстыру); режимдік сәттерді өткізуде қауіпсіз
жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру;
■ 3.Танымдық-тілдік даму: тілдік дамытушы ортаны құру (ойындарда, бақылауларда
балалармен еркін диалогтар, балалармен жағдаяттық әңгімелер, еңбек қимылдары мен
гигиеналық шараларды атау); балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыру.
■ 4.Көркем-эстетикалық даму: балалардың күнделікті тіршілігінде музыканы қолдану(ойында,
қолы бос кезінде, серуенде, бейнелеу әрекетінде); қоршаған ортадағы әртүрлі дыбыстарға,
бөлмелерді безендіруге, жабдықтардың тартымдылығына, бөлменің, заттардың,
ойыншықтардың әсемдігі мен тазалығына балалардың назарын аудару.
Дұрыс күн тәртібі – бұл балалардың күні бойғы әртүрлі
әрекет түрлері мен демалысының тиімді ұзақтығы және
жүйелі ауысуы. Күн тәртібін дұрыс құрудың негізгі
ұстанымы оның балалардың жас психофизиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкестігі болып табылады.
■ Режимдік сәттерді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ
баланың жеке ерекшеліктерін (ұйқының ұзақтығы,
талғамдарын, іс-әрекеттің қарқыны және т.б.) ескеру
қажет. Балабақшаның күн тәртібі баланың жеке
ерекшеліктеріне сәйкес жасалған болса, онда ол өзін
жайлы сезінеді, оның көңіл-күйі мен белсенділігі де
жоғары болады.
Білім беру салаларының
мазмұнын кіріктіру:
■ - тұтас үдеріс аясында білім беру салаларының
мазмұнын іске асыруды;
■ -баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және
оның әлеуметке үйлесімді енуін қамтамасыз етеді.
■ Білім беру міндеттері бағдарламалық материалды
беруде кешенді тәсілді мақсатқа бағыттап
қолданғанда тиімді шешіледі.
Назарларынызыға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz