Фонетика: салалары, сөйлеу аппараты және дыбыстардың жіктелуі

ФОНЕТИКА және оның салалары
Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп, қалыптасқан. Фонеманың мағынасы: дыбыс, үн, дауыс.
Фонетика - тіл ғылымының тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.
Фонетика
Сөйлеу аппараты деп дыбыстау мүшеренінің жиынтығын айтамыз. Дыбысталу мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, таңдай, тіс, ерін, т. б.
Сөйлеу дыбыстарының 3 аспектісі:
Дыбыстар:
ДАУЫСТЫ
ДАУЫССЫЗ
Үн басым
Буын құрайды
Кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз шығады
Күш түспей, қалпы жайдары болады
Фонациялық ауа баяу
Қысым бүкіл дыб аппаратына жалпылама түседі
Салдыр басым
Буын құрамайды
Кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады
Дыбыстау мүшелеріне күш түседі
Фонациялық ауаның шығуы күштірек
Қысым дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түседі
Дауыссыздар:
ҚАТАҢ (дауыстың қатысуынсыз жасалған күшті дыбыстар : к, қ, т, п, с)
Ұяң (дауыстың қатысуымен жасалған әлсіз дыбыстар: ғ, г, д, б, з )
Жұмсақ таңдай қалпына қарай: мұрын жолды (м, н)
ауыз жолды (б, д)
Артикуляциялық жағына қарай : шұғыл (эксплозив) (п, б, т, д, к, г, қ)
ызың (фрикатив) (в, ф, ғ, с, ш, х)
африкат : (ч, ц)
Артикуляциялық орнына қарай:
дауыстылар:
Тілдің қалпына қарай:
Жуан (а, ы, ұ, о)
Жіңішке (ә, е, і, ө, ү)
Ерін қатысына қарай:
Еріндік (ұ, ү, о, ө)
Езулік (а, ы, і, е)
Жақтың ашылуына қарай:
Ашық (а, ә)
Аралығындағы (о, ө, е)
Қысаң (ұ, ү, ы, і)