Қазақ тілі білімі қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы




Презентация қосу
фонетика
Қазақ тілі білімі
• қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі
кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19
ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.
Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір
ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің “Грамматика
турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского
языка” (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін
таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау
жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің
негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикогр. жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами
бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-
русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями
бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский словарь”‚ 1913; Н.И. Ильминский
“Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т.б.). Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-
қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің
мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 — 29); ә)
қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 — 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет
Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде,
мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.
Әліппе мен емле
• 19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса,
20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына
икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік
заңдылығын, тілдің фонол. ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тіл білімінің фонетика,
фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов,
Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын
дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, “Еңбекші
қазақ”, “Жаңа мектеп”, т.б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш
съезінде талқыланды.
• Грамматика Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары Қ. т. б-нің грамматика саласының қалыптасуына да
негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ
тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге
тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш,
т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде
функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға қатысты
тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды.
Фонетика‚ емле

• 1930-жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды.
Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен
жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңыдылығы, сөздердің буын
құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына
ауыстыруға байланысты “Еңбекші қазақ” газетінде бас әріпті алу
мәселелері көп талас тудырды. Жазу ауыстыруға орай әріп таңдау,
қазақтың төл дыбыстарына әріп белгілеу төңірегінде баспасөз бетінде
көптеген пікірталастар болды. Әсіресе, басқа тілдерден енген
сөздерді жазу ерекше талас тудырды. Дұрыс айту ережелеріне
ерекше мән беріліп, қазақ тілінің орфогр. сөздігі бірнеше рет жарық
көрді.
Фонетика
• Тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді.
Фонетиканың зерттеу
нысандары:
• тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы,
тілдің дыьыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері,
дыбыстардың өзара іштей жікьелуі, үндесу заңы,
дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі
дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бі-
біріне өсер етуі, буын, екпін, орфография, орфоэпия
және олардың арақытынасы, дұрыс сөййлеу, сауатты
жазудың принциптері т.б
Фонетикалық негізгі ұғымдар мен атаулар

• Жасалым фонетика- дыбыстың жасалу жолдарын анықтайтын
фонетика саласы
• Айтылым фонетика- дыбыстың нақты болмысын анықтатын
фонетика саласы
• Естілім фонетикасы- дыбыстың естілу сипатын анықтайтын
фонетика салсы.
• Ундесім фонетика- дыбыстың естілу сипатын анықтайтын сала

Фонема
• грек, рһопета дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-
бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға
көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі
типтік бірлік, ягни дыбыс типі.
• Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады.
• Фонема- сөздер мен морфемаларды құрастырып,
оларды бір-бірімен мағына және форма жағынан
ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық
единицасы.
Фонология

• Дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі; Жекелеген
тілдің фонетикасы осы мәселелерді нақты бір тілге қатысты қарастырады.
Жекелеген тілдің фонетикасы сипаттама немесе синхронды, тарихи немесе диахронды болып сараланады.
• Синхронды фонетика тілдің қазіргі жағдайындағы дыбыстарын, дыбыстық құбылыстарын, яғни дыбыстық
жүйенің статикасынзерттейді
• диахронды фонетика тілдің дыбыстық жүйесі мен ондағы құбылыстардың тарихын, уақыт пен кеңістіктегі
өзгерістерін, яғни динамикасын зерттейді.
• Қазіргі Фонетикада палатография, интонография, спектрография, т.б. әр түрлі құралдарды пайдаланатын
эксперимент тәсілдері, сондай-ақ электрондық-есептеуіш машиналар, компьютерлік бағдарламалар кеңінен
қолданылады. Сонымен бірге Фонетиканың сөз дефектологиясы, калиграфия, логопедия, сурдопедагогика,
графика мен орфография сияқты ғылымның басқа да салаларындағы қолданбалы мәні артып келеді.
Әсіресе, эксперименттік фонетика нәтижелері тілді автоматтандыру, адам сөзімен басқарылатын күрделі
электронды жүйелер, жасанды интеллект мәселелері үшін құнды.
• Фонетиканың жоғарыда аталған бағыттарының барлығы қазіргі қазақ тіл білімінде өз деңгейінде дамыған.
Фонетикалык сөз

• Фонетикалык сөз орыс фонетическое слово — екпін
түспейтін көмекші сөздермен, шылаулармен тіркесіп
келетін дербес сөз.
Фонетиканың зерттеу тәсілдері

• адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық,
артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне
қарай таптастырады;
• дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
• дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен
үндесімін;
• буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға
жіктелуінің факторын;
• сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
• сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон
жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.
Фонетикалық жазу

• Фонетиқалык жазу орыс фонетическое письмо —
дыбыстық жазу. Емле ережелерінің фонетикалык
принципіне негізден жазу, ягни сөздерді айтылуы
бойынша жазу. Казак жазуында түбір сөздердін
көпшілігі айтылуы бойынша жазы- лады.
• Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, қус, тун. Кapa
Орфография.
Фонетикалык заңдар

• Фонетикалык заңдар орыс фонетические законы —тілдін дыбыстык материясынын кызметі мен дамуынын
зандылыктары. Олар дыбыстык бірліктердін түрактылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара
алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу проиесінде болып отыратын күбылыстарды, аллофондык
түрленулерді (варианттарды), дыбыстардын сөз кұрамындағы позициялык алмасуларын тілдін дыбыстык
материясынын кызмегіндегі заңдылыктар аркылы түсіндіруге болады. Аллофондыктүрленулер көрші дыбыстардын
әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.
• Мысалы, казак тіліндегі екі дауысты дыбыстын арасындағы катан дауыссыздын ұяндауы (қап-қабы, тап-табу),
көрші дыбыстардын бір-біріне икемделуі ( ерінбеу—ерімбеу, сөзіиең — сөшіиең). Тіл дыбыстары- нын даму
зандылыктарына сай дыбыстардын калыптаскан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялык
өзгерістердін тарихи тұрактануынын нәтижесі болып табылады.
• Мысалы: соқ — согым — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз — сөйле. "Фонетикалык заңдар" уғымын тіл біліміне
жасграмматиктер енгізген. Олар Фонетикалык заңдарды бір тілдін диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын эр түрлі
кезеніндегі (синхрондык күйіндегі) дыбыстардын үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы деп есептеген.
Фонетикалык өзгерістер тұракты зандылыктар нәтижесінде болып отырады. Біркатар фонетикалык өзгерістердің
себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай — маңлай, квңіл — кеуіл, иіоқ — чоқ, Шідерті — Шідерлі,
Өлеңті— Өлеңді, Буқтырма — Бүқтарма). Фонетикалык заңдар-дыңбарлык тілдерге тән түрлері де, тек белгілі бір
туыс тілдерге тән түрлері де болады.
Зерттеу жұмыстары
• Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский 1822-1891 еңбегінде айтылды.
• 1860жылы Қазанда жарық көрген матрериалы к изучению киргизского наречия деген еңбегінде орыс графикасымен жазылған
еді. 162 беттік еңбектің 140беті қазақша- орысша сөздіктен тұрады, ал сөдіктің бас жағында автор қазақ тілі, оның дыбыстық
және граматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбектк араб жазуынмен алмачтыру
туралы алғашқы пікір айтылған.
• ілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің
дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп
аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да
қатысы бар.

Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және
әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей
қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы, жоғарыда
айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі
қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық.
Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып
табылады. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі –
конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп,
ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның
нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл
өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды.
Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде
дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.
Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек
мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық
жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық
заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.

Ұқсас жұмыстар
Жалпылама тіл білімі
Ғалымдардың фонетикаға қатысты зерттеулері
Тіл дамыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Тіл білімінің салалары
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайы
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Орта ғасыр тіл білімі
Дефектология салалары
Пәндер