Кредиттік оқыту жүйесі




Презентация қосу
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ
ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

Дайындағандар
«6М021300-Лингвистика» мамандығының магистранттары:
ХАСИЛАН ФАРИЗА
ТӨКЕНОВА ӘСЕМ
Кредиттік оқыту
жүйесі
Еліміздегі жоғары оқу орындарында
эксперимент ретінде енгізілген КРЕДИТТІК
ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – заман талаптарына
сәйкес болашақ маман бойында толыққанды
білім қалыптастыруға, өздігінен жұмыс
істеу және білім алу дағдыларын дамытуға
жағдай жасайтын жаңа оқыту жүйесі.
Қазақстан Республикасының әлемдік
білім беру жүйесіне ену үрдісі 2003
жылдан бастап еліміздің оқу
орындарында және
магистратурасында кредиттік оқыту
технологиясының ендірілуінен
басталды.
Болон процесіне қосылу еліміздің ұлттық
білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер
жасауға әкелді. Бұл заң арқылы
қазақстандық білім берудің жаңа
мүмкіндіктері ашылды:
Адамдарға өздері қалаған жерде білім алу
мүмкіндігін беру;
Кез келген ұлттық білім беру жүйесімен
сәйкес келуі;
Жоғары білім берудің формалары мен
бағдарламаларының барлық түрлерінде
қолдануы (күндізгі, кешкі, қашықтан
оқыту, сыртқы);
Халықаралық сынақ ауысымын жасау
мүмкіндігі;
Дипломдардың жалпыевропалық
Болон үрдісінің мазмұны төмендегідей мақсаттардан
тұрады:
- жаппай қабылданатын және салыстыруға келетін ғылыми
дәрежелер жүйесін бекіту;
- айқын, ашық, салыстыруға келетін, дипломдарға қосымшалар
(бітірушілердің еңбекке орналасуын қамтамасыз ету және жоғары
білім беру жүйесінің бәсекелестігін арттыру үшін) берілетін
дәрежелердің жүйесін қолдану;
- жоғары білім беру жүйесінің екі сатылы: базалық және
дипломнан кейінгі (градуалды және постградуалды) жүйесін
ендіру; бірінші сатыны аяқтаған соң алатын дәреже еуропаның
еңбек рыногінде біліктіліктің жеткілікті деңгейі болып танылады;
- студенттердің икемділігін арттыру құралы ретінде ECTS-тің
аналогы болып табылатын кредиттер жүйесін қабылдау.
Қабылдайтын оқу орны таныған жағдайда кредиттер жоғары
білімнің барлық сатысында (үздіксіз білімді қоса) әрекет етеді;
- икемділікті ынталандыру және студенттер мен оқытушылардың,
зерттеушілер мен білім беру менеджерлерінің еркін ауысуына
жағдай жасау;
- салыстыруға келетін өлшемдер мен әдіснамаларды жасау
мақсатында сапаны қамтамасыз ету (бақылау) саласында
ЖОО басқаруда студенттердің рөлін арттыру, оқыту сапасын
бақылауға студенттерді қатыстыру;
Жоғары білімді, әсіресе, білім беру бағдарламаларын жобалау,
ғылыми зерттеулер және басқа да салаларда еуропалық
өлшеуді күшейту;
Әлеуметтік ынтымақтастықты арттыру және ЖОО-ның оны
күшейтуге жауаптылығы;
Ғылым мен білім берудің ықпалдасуын күшейту;
Еуропаның әлемге ашықтығы, өмір бойы оқу мәселесіне көңіл
бөлудің артуы .
Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту
жүйесінен ерекшеліктері:
дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім
беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде шешім
қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық
әрекет пен өздігінен танып-білуді және
кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;
білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы
көп еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға
тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі
және таңдау курстарының көптігі;
студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
«студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект»
болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және
қосалқы рөл атқаруы;
студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда
көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;
оқу үрдісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу
үрдісін қажетті әдістемелік материалдармен (баспа және
электронды) қамтамасыз ету қажеттігі;
әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін
білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың
жекелендіруі;
студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның
оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін СӨЖ және оқытушы
жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы
(ОСӨЖ) болып бөлінуі;
игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың
болмауы;
оқу уәждемесінің артуы, шетелде оқу мүмкіндігі,
академиялық мойындау кепілдігі;
оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;
білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі
бағалаудан өзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің
енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару
механизмінің болуы, бағалау жатады .
Кредиттік жүйенің басты
ерекшелігіне – әр пән бойынша
студенттер мен
оқытушылардың еңбегін
бағалауға сынақ бірлігінің
(немесе кредиттер жүйесінің)
енгізілуі жатады. Оқу пәндерін
студенттердің меңгеруін
бағалау үшін міндетті түрде
балдық-рейтингтік жүйе
А.Чучалин мен О.Боев
кредиттік жүйенің мәнін
білім беру
бағдарламаларының
мазмұнын сандық бағалау
жүйесі ретінде, ал
рейтингтік жүйені оны
игерудің сапасын сандық
бағалау жүйесі ретінде
түсіндіреді.
Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру
траекториясының таңдамалылығы және білім
ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде
өз бетінше білім алу және білімді
шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға
бағытталған білім беру жүйесі.
Кредиттік оқыту жүйесі сабақты
жекелей жоспарлау негізінде
өздігінен білім алудың және
жекелендіру арқылы білімді
шығармашылықпен игеру арқылы
оқу үрдісін ұйымдастырудың
ерекше тәсілі болып табылады.
Ол әлемдік стандартқа сай білім
беруді қамтамасыз етуге,
барынша сапалы білім беру
арқылы біліктілігі жоғары және
еңбек нарығында бәсекелестікке
төтеп бере алатын мамандарды
даярлауға мүмкіндік береді.
Әлемдегі жоғары оқу орындарында қолданылып
жүрген кредиттік жүйенің үлгілері бірнеше
типке бөлінеді:
1) кредиттерді жинақтауға бағдарланған
кредиттік
жүйелер, мысалы USCS;
2) кредиттерді бір мезгілде ауыстыруға және
жинақтауға бағдарланған аралас типті кредиттік
жүйелер,
мысалы CATS;
3) академиялық икемділікті қамтамасыз ету үшін
кредиттерді ауыстыруға бағытталған кредитік
жүйелер,
мысалы ECTS.
USCS жүйесінде кредит (кредит-сағат немесе кредит
бірлік) – оқу уақытына негізделген өлшем. Кредит-сағат
жоғары білім беруде сабақ кестесін құруға, үлгерімнің орташа
балын (GPA–Grade Point Average) есептеуге, кафедралардың,
оқытушылар мен студенттердің жүктемесін анықтауға және
тағы осы сияқты университеттегі түрлі әрекеттерді реттеуге
қолданылады. Мысалы, бакалавриатта 1 кредит-сағат
студенттің семестр бойы апталық аудиториялық жұмысының 1
академиялық сағатына тең, ал дәрістік және практикалық
сабақтардың әрбір академия-
лық сағатына 2 сағат СӨЖ беріледі. Сонда бір кредитпен
өлшенетін пәнге аптасына 1 аудиториялық сағат және 2
сағаттық СӨЖ, семестрде (15 аптада) 45 сағат беріледі.
Магистратура, докторантурада өздік жұмыстың үлесі
бұдан да артады. Мысалы, орта есеппен семестрде әрқайсысы
3 кредитпен өлшенетін бес пәннен студенттің қалыпты
жүктемесі 15 кредит-сағат болса, студент апта сайын 15 сағат
аудиторияда және 30 сағат өздігінен жұмыс істейді, ал
магистрант 9-12 сағат аудиторияда, 27-36 сағат өздік жұмыс
жасайды.
САТ жүйесіндегі "кредит ұғымы" оқу нәтижесіне жетудің сандық
көрсеткішін білдіреді, оқудың нәтижесі екі параметр арқылы: кредиттер
саны және оқу деңгейімен
анықталады. Кредитердің саны оқу нәтижесіне жетуге қажетті шартты
оқу уақытындағы оқу көлемімен анықталады. Оқудың нәтижелері – оқу
үрдісін аяқтаған соң студенттің нені білуі, түсінуі және жасай білуі
туралы ережелер. Деңгей – оқу кезеңіндегі студентке қойылатын
талаптар. Кредиттер жүйесінде оқытудың 8 түрлі деңгейі және соған
сәйкес біліктіліктері бар. Бұл деңгейлер оқу жылдарына сәйкес келе
бермейді, мысалы 2-ші оқу жылында студент 3-ші немесе 4-ші деңгейдің
пәндерін оқуы
мүмкін. Жоғары білімді маманның біліктілігін анықтаудың 4 түрлі өлшемі
бар: біліктілікке қойылатын кредиттердің ең аз саны; әр біліктіліктің
қамтитын деңгейлерінің ауқымы; ең жоғарғы кредит деңгейдегі
ұсынылатынкредиттер саны және ең төменгі деңгейдің ұсынылған
еңжоғары кредит саны.
САТ жүйесінде 1 академиялық жылда 120 кредит(бакалавритта 3
жыл оқиды, 360 кредит) жиналады, ал бір британдық кредит 10 шартты
оқу сағатына тең. Шартты
оқу сағаты (уақыты) деп орта есеппен оқыту нәтижесіне жетуге кететін
сағат санын айтады, оған аудиториялық сабақтар, негізгі практикалық
ECTS жүйесіндегі кредит – студенттің жүктемесінің
салыстырмалы түрдегі мәні, студенттің жүктемесін
сипаттайтын пәндер бірлігіне сәйкес келетін сандық
мән. Ол ЖОО-дағы жылдық академиялық оқуды толық
аяқтау үшін әрбір курстағы жасалуы тиіс
жұмыстардың көлемі, яғни дәрістер, практикалық
жұмыстар, семинарлар, СӨЖ (зертханадағы, үйдегі,
кітапханадағы), емтихандар, басқа да бақылау
түрлері. Кредиттер орындалған жұмыс көлемін
анықтаса, грейдтер алынған білім мен дағдының
сапасын анықтайды. Бакалавр дәрежесін алу үшін
студент 3-4 жыл оқып, 180-240 кредит (1 жылда – 60
кредит) жинайды. Еуропа ЖОО-ның төрттен үші
кредиттерді жинақтау жүйесін қолданады. Бұл ECTS-
тің еуропалық білім кеңістігін құрудың негізгі құралы
екенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру
ұйымдарында білім алушылардың және профессор-
оқытушылар құрамының икемділігін қамтамасыз ету,
сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
берудің барлық деңгейлері мен сатыларының
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мамандарды үш
деңгейде даярлау: «бакалавр» – «магистр» –
«доктор» біртұтас кредиттік оқытудың жүйесі
бойынша жүргізіледі.
Кредиттік оқыту жүйесі мәселелерін
зерттеушілер оның Қазақстанда XX ғасырдың
90-шы жылдарының ортасынан бастап
қалыптаса бастағанын көрсетеді. Бұл оқыту
жүйесін зерттеу және игеру барысында оның
төмендегідей артықшылықтары:
– оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
бірыңғайлау арқылы студенттердің икемділігін
арттыру;
– студенттер мен жұмыс берушілердің оқу
жоспарларын жасауы;
– оқыту формалары мен әдістерін таңдауда;
– халықаралық аккредитацияда белсенді түрде
қатыса алуы айқын болды.
Кредиттік оқыту жүйесінің тәжірибелерін зерттеп,
технологиясын және оның әдістемелік қамтамасыз
етілуін жасауды алғаш бастаған еліміздің жоғары оқу
орындарының қатарында:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
(ҚазҰУ)
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университеті (ҚазЭУ)
Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА)
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті (ТарМУ)
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті (ҚарМУ)
Қазақстан менеджмент, экономика және құқық
институты
Қазақ-Американдық университеті
МИРАС Университеті
Қазақстан-Америка еркін университеті
С.Демирель атындағы Қазақ-Түрік университеті
Халықаралық бизнес академиясы сияқты бірнеше
мемлекеттік емес оқу орындары болды.
Кредитік жүйеге ауысуға байланысты кездескен
кемшіліктер мен қиындықтарға қарамастан
Қазақстанның ЖОО-дағы реформалау үрдісін,
университеттік білім берудің ұлттық және әлемдік
дамуының бағыттарын зерттеу барысында мынандай оң
беталыстар айқындалды:
– қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайлар үздіксіз
білім берудің өзіндік құндылық идеясын, студенттердің
және оқытушылардың ұдайы өз білімін жетілдіруін
талап етеді;
– білім беру мазмұнының таңдамалы және көпдеңгейлі
болуы;
– қоғам сұранысы мен әлемдік білім жүйесіне ену
талаптарына сәйкес жаңа мамандықтардың, жаңа оқу
пәндерінің енгізілуі;
– барлық мамандықтардың білім беру стандарттарының,
типтік оқу бағдарламаларының кредиттік оқыту
жүйесіне байланысты жаңаруы;
– барлық оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік
кешендердің жаңаруы;
– ақпараттық қоғам жағдайында білім беру үрдісінде
аудиториялық жүктеменің қысқаруы, студенттің өздік
жұмысының үлесінің артуы;
– студенттің оқуға уәждемесінің артуы және оқытудағы
негізгі салмақтың оқытудан білім берудегі студенттің
өзіндік әрекеті түріндегі оқуға ауысуы;
– оқытушының рөлінің өзгеруі және СӨЖ маңызының
артуына байланысты оқытушы құзіреттілігіне талаптың
жоғарылауы;
– оқытуда интерактивті әдістердің, жаңа педагогикалық
және ақпараттық технологиялардың кеңінен қолдануы;
– пәнаралық байланыстың маңызының артуы.
Әлемнің жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген
кредиттік оқыту жүйесінің функциясы тек білім ауқымын кредиттер
түрінде есепке алу ғана емес, ол:
Білім сапасын қамтамасыз ету құралы, өйткені, кредит-сағат
– студенттің оқу жұмысын өлшеудің негізгі бірлігі және оның
нақты білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарын
орындағанының көрсеткіші;
СӨЖ ұйымдастырудың құралы, өйткені, ол студенттерді
семестр бойы оқуға мәжбүрлейді, өз бетінше жұмыс істеуін
ынталандырады, әрі оқу курсы бойынша жинаған бағаның
60-80% ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен
тұрады;
Студенттердің тәртібіне, тәрбиесіне әсер етудің құралы,
өйткені, ол студенттерді аудиториялық сабақтарды
босатпауға, өздік жұмыстарды уақытында тапсыруға
мәжбүрлейді;
Оқыту әдістемесін бағалаудың құралы, өйткені, ол
оқытушының оқу үрдісінде түрлі әдістерді, СӨЖ түрлері мен
формаларын тиімді және үйлесімді қолдануының нәтижесін
көрсетеді;
Сонымен бірге, ол оқу орнына түрлі қаржылық,
ұйымдастырушылық, технологиялық проблемаларды шешуге
де мол мүмкіндіктер береді.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу
үрдісінде білім алушының өздік жұмысына
жаңаша көзқарас

СӨЖ – жоғары оқу орнының оқыту үрдісінде
студенттердің өзіндік әрекетін ұйымдастыру
мен басқарудың ерекше бір құралы. Олай
болса, кредиттік оқыту жүйесінің жоғары
мектепте ендірілуі және СӨЖ-дің үлесінің
артуы оны белсендіруге баса көңіл аудартады.
Жаңа оқыту технологиясының ендірілуіне
сәйкес ЖОО-дағы оқу-тәрбие үрдісін жаңаша
ұйымдастыру, оқыту технологиясын және
оның әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін
өзгерту қажет болды
Педагогикалық әдебиеттерде
өздік жұмыс түрлерін әр түрлі
тұрғыдан анықтап,
төмендегідей жіктейді:
ұйымдастыру түрлері байланысты: ұжымдық,
топтық, жеке-дара жұмыс.
мақсатқа бағытталу сипатына
байланысты: теориялық және
практикалық.
логикалық бағыттылығына байланысты:
фактілерді бақылау және ұғымның белгілерін
айрық-шалау, құбылыстар арасындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтату;
өз бетімен игерген оқу материалындағы
ұғымдарды анықтату және игергендерді
жинақтау; кейбір типтес құбылыстарды
айрықшалау; фактілер арасындағы байланысты
іс-әрекеттің сипаты бойынша:
анықтату.
репродуктивті, реконструктивті-
вариативті, жартылай ізденісті және
зерттеушілік (шығармашылық) өздік
жұмыс;
танымдық үрдістегі қолдану орнына байланысты: жаңа
білімді қабылдау және игеру үшін арналған; алынған
білімнің негізіндегі өздік жұмыстар; бекітуге
бағытталған; білімі мен білігін жүйелеп, жалпылауға
бағытталған; қайталау мен білім, білік және дағдыны
тексеруге арналған өздік жұмыс түрлері.
оқытушы ұйымдастыратын СӨЖ-ді өткізілу уақыты мен
орнына, оқытушы тарапынан жасалынатын
жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау
тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай
түрлерге бөлуге болады: негізгі аудиториялық сабақ
(дәріс, семинар, зертханалық жұмыс) үстінде
жүргізілетін өздік жұмыстар; жоспар бойынша
жүргізілетін консультациялар, шығарма шылық
байланыстар, сынақтар мен емтихандар түрінде оқытушы
жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстар; оқу және
шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын
орындаудағы
студенттің өз аудиториядан
бетімен жұмыстысістеу студенттің өздік
(дербестілік)
жұмыстары.
деңгейіне байланысты: еліктеу, жаттықтыру,
шығармашылық, зерттеу өздік жұмыстары.
аудиториялық СӨЖ түрлері: конспектілеу, алдыңғы үлгі
бойынша өзі жазу, дәлелдеу (мысалы, теореманы),
дәрістің логикалық карта-сұлбасын жасау, оқытушы
сауалына жауап беру, пікірталасқа қатысу, проблемалық
сұрақтарға жауап даярлау. Аудиториялық СӨЖ оқу
жоспары және оқу пәнінің бағдарламасы арқылы
анықталып, оқу кестесімен реттеледі, оқытушының
тікелей жетекшілігімен дәрісте, семинарда, зертханалық
жұмыстарды, коллоквиумдарда және т.б. жүргізіледі.
өздік жұмысқа оқытушының қатысуына байланысты:
оқытушының жетекшілігімен және оның тікелей
қатысуынсыз ұйымдастырылатын студенттің,
магистранттың, докторанттың өздік жұмыстары (СӨЖ
және ОСӨЖ, МӨЖ және ОМӨЖ; ДӨЖ және ОДӨЖ,
БӨЖ және ОБӨЖ);
білім көздері мен оқытушы тарапынан бақылаудың
дәрежесіне байланысты: оқулықтармен, оқу
әдебиеттерімен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс;
есептер шығару, жаттығулар орындау, шығарма жазу
және сипаттама беру, қадағалау және басқа да
жұмыстар.
ЖОО-дағы оқу үрдісінің құрылымына байланысты:
міндетті (оқу сабағының үрдісіндегі және сабаққа
дайындалудағы) және қосымша өздік жұмыстар
(студенттің жеке қызығушылығы мен бейіміне қарай
міндетті оқу жұмыстарынан тыс);
аудиториядан тыс орындалуы міндетті өздік жұмыс
түрлері: дәріс материалын қарау, конспектілеу,
әдебиеттерді рефераттау, рефератты оппоненттеу,
баяндама әзірлеу, кітаптар мен мақалаларға аңдатпа
жазу,59 глоссарий құрастыру, іздеу-зерттеу
сипатындағы тапсырмаларды орындау, ғылыми-
әдістемелік әдебиетті терең талдау, тәжірибе
жүргізу, коллоквиумға, практикалық және семинар
сабақтарына дайындалу, ғылыми немесе
проблемалық хабарламалар мен шолулар, жоба әдісі,
телекоммуникациялық жоба, оқыту бағдарламалары
(жеке бөлімді немесе тақырыпты игерудің кезеңмен
орындалатын оқу жоспары), шығармашылық
сипаттағы тапсырмаларды, диплом, курс
жұмыстарын орындау.
дәріс үстіндегі өздік жұмыс: дәрістің оқу жоспарын
құру, концептуалды сұлбасын сызу немесе
қадағалау, дәріс конспектісін даярлау, конспектіні
ұсынылған әдебиеттермен толықтыру, салыстыру
нәтижесінде ұқсастық мен айырмашылықты
анықтату, теореманың дәлелдемесін өздеріне
аяқтату.
семинар жұмысына қатысу: семинарда оқылатын
конспектілер мен рефераттарды дайындау,
тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап
әзірлеу.
зертханалық-практикалық сабақтар: әдістемелік
нұсқауларға сәйкес әрекет ету және нәтиже алу.
зерттеу сипатына байланысты: студенттің өздік,
бақылау, курстық, дипломдық жұмыс орындаудағы
оқу-зерттеу жұмысы және студенттің ғылыми-
зерттеу жұмысы.
бақылау жұмысында: коллоквиум, ауызша жауап
даярлау, жазбаша тапсырманы орындау, тест
сұрақтарына жауап беру, эссе жазу.
практика барысында: байқаулар мен жиналған
материалдар бойынша тапсырмаларды орындау
және т.б. .
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқыту жүйесінің мәні
1892 жылдан бастап кредиттік - сағаттық жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде
Қазақстанның жоғары мектебі дүниежүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру жетістігіне енуге ұмтылу бағытында
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ
Модульдік - кредиттік технологияны енгізу ерекшеліктері
Кредиттік оқыту
Кредиттік оқыту технологиясы
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы
Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау
Пәндер