Өмірлік мақсаттар, өмірлік стиль



«Мен және әлем»
Дайындаған: Исатайқызы Бибінұр

ЖОСПАРЫ:
Өнерге қатынас арқылы өзін- өзі ынталандыру
Жеке тұлға және бұқаралық мәдениет
Өмірлік мақсаттар, өмірлік стиль

Мақсаты: студенттерге әлемнің өте күрделілігін, өмір сүру жауапкершілігін түсінуге көмектесу, өмірдің мәні туралы ойлануға жетектеу, табиғатты, тіршілікті, қоршаған ортаны қадірлеуге үйрету.
Өзектілігі: Мен және әлем ұғымдарын кеңінен түсіндіру

Мен және Әлем ұғымы

Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді.
Өнер дегеніміз - өмір шындығын көркем бейнелер арқылы жеткізетін адам іс-әрекеттерінің формасы

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер
Мәдениет туралы ХХ ғасыр гуманисі Альберт Швейцер былай деген: «Мәдениет дегеніміз адам баласының және бүкіл адамзаттың алға қарыштауының жиынтығы, ал бұл қарыштау индивидтің рухани жетілуіне ықпал тигізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл қарыштау мәдениетке апармайды»


“Жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі
түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі
мына түсінікке келіп тіреледі:
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетттердің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік менінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруды.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, тәрбиесі, даралығы.

Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар:
Тұқым қуалаушылық
Ортa (биологиялық, географиялық, әлеуметтік)
Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие
Тұлғаның іс-әрекеті
Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К. Левин ілімі.

Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] -әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени құбылыстардың жиынтығы
Нақты белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны
қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-
арбаушы, бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші
акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі

ХХ-ХХӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, кәбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техника- лық қайта қүрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады . Постиндустриалды қоғам мәдениеті бүқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап түратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек түтатын үлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы

Адам өмірінің мақсаты;
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді.
Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Нақтылы мақсат - ісәрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі;
Абстрактілі мақсат - талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету.

Тұлға өзінің іс-әрекеті мен қарым-қатынасына қажетті жеке стилін калыптастырады.
Стиль-индивидтің дене күші мен психикалық жағынан неғұрлым аз мөлшерде энергия жұмсай отырып, көздеген мақсаттарына жетуіне көмектесетін іс-қылық тәсілдерінің жүйесі.
Ал, өмірлік стиль деп белгілі бір тұрақтылықпен сипатталатын мінез-құлықтық жүйені айтады. Тұлғаның өзін басқаруы осындай стиль түрінде қалыптаса отырып, саналы бақылаудан "босайды". Әрине, бұл жағдайда ерік күшінің релі мен маңыздылығын атап өтуіміз қажет.

Өмір стилі.
Адлер бойынша өмір стилі өзіне белгілердің ерекше бірігуін, тәртіп пен әдеттердің тәсілдерін қосады, олар индивидуумның өмір сүруінің қайталанбас бейнесін анықтайды.
Адлердің көзқарасы бойынша, өмір стилі 4 немесе 5 жаста берік бекиді, нәтижесінде тоталды өзгерістерге түспейді. Әрине, адамдар өзінің индивидуалды өмірлік стилін айқындаудың жаңа тәсілдерін таба бастайды, бірақ, бұл негізінде, ерте балалық шақтағы негізгі құрылымды дамыту мен жетілдіру ғана болып табылады. Осылайша қалыптасқан өмір стилі болашақтағы тәртіптің басты стержіні болады және сақталады. Басқа сөзбен біздің істейтін барлық әрекеттеріміз біздің жалғыз өмір стилі қалыптасады және бағытталады. Біздің барлық психикалық процестеріміз (м, қабылдау, ойлау және сезім) бір бүтінге ұйымдасқан және біздің өмір стилінің контекстінде мағынаға ие болады.
Адлер теориясында адамның тәртібінің барлық аспектілері оның өмір стилінен шығады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz