Маркетингтік зерттеудің мақсаттары, кезеңдері және Қазақстандағы тәжірибесі


Slide 1

Маркетингтік зерттеулер

маркетингтік зерттеу деп фирманың алдында тұрған маркетингтік проблеманы (проблемалар кешенін) шешуге, міндеттерді қою, маркетингтік ақпаратты алу, оны жоспарлау мен ұйымдастыру, талдау және нәтижелері туралы есепті ұсыну процесіне мақсатты бағытталған зерттеуді түсіну керек.

Slide 2

Маркетингтік зерттеу кезеңдері (бағыттары)

Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.

Зерттеу жоспарын құру.

Ақпарат жинау

Жиналған ақпаратты талдау

Зерттеу қорытындылары туралы есеп

Slide 3

Маркетингтік зерттеулер

Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар- БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», ВІSАМ, Сиар, Cessi Каzакһstan, IGМ, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары . Бұл ұйымдар» қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Аmer- Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы - 700-800 мың.

Slide 4

Маркетингтік зерттеудің мақсаты

Маркетингтік зерттеудің мақсаты кәсіпорынның шығаратын өнімін тұтынушылар талаптарына бейімдеу жолымен, тауар өндірушінің бәсекелік рынокта (немесе оның сараланымында) бәсекелік ұстанымдарды иелену мүмкіндіктерін айқындау болып табылады.

Slide 5

Маркетингтік зерттеулердің бірінші кезеңі

бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық баяндау - табысты маркетинггің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болады. Ақпарат жинау - қымбатқа түсетін шара. Сондықтан мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе, қажетсіз шығындарға ұшыратады. Мәселелерді айқындау процедурасына мәселелер каталогын құру да кіреді.

Slide 6

Мәселелер анықталғаннан кейін мақсаттар қойылады. Егер мәселе (объект) - бұл міндеттердің жалпы қойылымы болса, онда мақсаттар - зерттеу объектісінен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылады. Мақсаттар анық құрастырылып, олардың сандық өлшемі болуы қажет.

Slide 7

Маркетингтік зерттеулердің екінші кезеңі - маркетингтік зерттеулер жоспарын әзірлеу. Бұл зерттеу сметасын анықтау, мәліметтер көздерін айқындау, оларды жинау және талдау әдістерін таңдау реттемелерінен (процедура) тұрады. Зерттеулер жоспарын әзірлеудің бірыңғай реттемесі (процедура) және оны орындаудың стандартты әдісі жоқ.

Slide 8

Үшінші кезеңде зерттеудің ақпарат алу көздері анықталады. Маркетингтік зерттеу екінші ретті ақпаратты зерттеуден басталады. Одан кейін ғана бастапқы ақпаратты жинауға көшу керек. Екінші ретті ақпараттарға мән бермейтін зерттеушілер қателеседі. Екінші ретті ақпараттарды алудың маңызды көзіне маманданған зерттеу ұйымдарының есеп берулері, фирмалар жүргізетін «күнделік жазбалары» (сатып алушылардың ай сайынғы тауар түрлерін сатып алу туралы жазбалары) жатады.

Slide 9

Маркетингтік зерттеулердің келесі кезеңінде маңызды мәліметтер мен нәтижелерді көбірек алу мақсатымен жиналған мәліметтер бағаланады және талданады.

Мәліметтерді талдаған кезде тиісті орта шамалар алынады, ең елеулі өзара байланыстарды анықтау үшін қисындасқан кестелер жасалынады, корреляция (ара қатыстылық) коэффициенттері есептеледі.

Slide 10

Маркетингтік зерттеулердің соңғы кезеңінде негізгі қорытындылар мен есеп беру дайындалады. Ол тапсырыс берушінің талабынан шығатындай болуы керек. Есеп беру кіріспе, негізгі және қорытынды болып үш бөліктен тұрады. Алғы сөз - титул парағы, мазмұны, меморандум және қысқаша аннотациядан тұрады.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Маркетингтік ақпарат жүйесі мен маркетингтік зерттеулер: ұғымдары, жіктелуі, мақсаттары және әдістері
Маркетингтік зерттеулер: әдістері, ақпарат көздері және зерттеу кезеңдері
Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдері мен әдістері
Статистика пәні мен статистикалық зерттеудің кезеңдері
Педагогикалық зерттеудің кезеңдері мен ұйымдастыру әдістері
Маркетинг пен маркетингтік зерттеулер: тұжырымдары, мақсаттары, әдістері және ақпараттық жүйелері
Қашықтықтан оқыту: заманауи формасы, мақсаттары және Қазақстандағы тәжірибесі
Қазақстан территориясын географиялық зерттеудің кезеңдері және қазақстандық географтардың үлесі
Маркетингтік ақпарат жүйесі мен маркетингтік зерттеулер: құрылымы, рөлі және әдістері
Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың теориясы, элементтері және Қазақстандағы тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz