Белсенді туристік саяхаттардың отандық және шетелдік жіктелуі: таулық туризм мен сноубординг


Slide 1

Тақырыбы:Белсенді туристік саяхаттың отандық және шетелдік жіктелуі.

Орындаған:Махмутжан Аружан,

Тілеубекқызы МЕРУЕРТ

Slide 2

Таудағы туризм

Slide 3

Альпинизм

Альпинизм - спорттың тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілу түрі. Бүгінде альпинизм саяхаттаудан гөрі спорттың бір түріне айналып кеткен. Тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілуге жыл сайын мыңдаған адам қатысады. Атауы Еуропа құрлығындағы «Альпі» тауынан шыққан.

XIX ғасырдың басы шыңдарды бағындыру кезеңі деп есептеледі. Спорт түрі ретінде альпинизм Англия жерінен бастау алып, кеңінен дамыды.

Альпинизм тарихы 1786 жылы Ж. Бальма мен Ф. Паккараның Альпі тауындағы Монблан шыңын бағындыру сәтінен басталады.

Қазақстанда альпинизмнің дамуы 20 ғасырдың 30-жылдарынан басталады. Тұңғыш рет 1930 жылы 17 шілдеде қазақстандық альпинистер Іле Алатауының Кіші Алматы шыңына (4376 м) көтерілді.

Slide 4

Еліміздің альпинистері 1982 жылы КСРО командасы құрамында Эверест шыңына (8848 м) шықты. Ал 1991 жылы альпинист Қазыбек Уәлиевтің

жетекшілігімен Қазақстан альпинистері Гималайдағы Дхаулагири (8176 м) шыңын бағындырды.

Жалпы, альпинистер үшін жер бетіндегі ең биік шыңдарға шығу арман болғанымен, аса биікте адам денсаулығына үлкен зиян тигізетін факторлар көп. Таудың қысымы мен ауаның жетіспеушілігі альпинистердің ажалына себеп болып жатады. Шыңға өрмелеген альпинистер кеткен жағынан қайтып оралмаса, биікке шықты деп есептелмейді екен. Себебі альпинистер шыңға шыққанын қандай да бір дерекпен (сурет, бейнежазба) дәлелдеу керек.

Slide 5

Сноуборд

Сноубордкросс (ағылш. snowboardcross) - ұзындығы 2000 метрге дейінгі трассамен еркін сырғанап түсу (және ені 30 метрден кем емес) . Бір мезгілде 4-6 адам қатысады. Спортсмендер секірістер, айналымдар жасайды, бөгеттерден өтеді және т. б. Фристайл (ағылш. freestyle еркін стиль) трюк жасау арқылы сырғанайтын жарыс дисциплинасы. Трюктары секіру, айналу, сальто, грэп және т. б. тұрады. Хафпайп - нағыз қардан жасалған арнайы еңіс астауда сырғанау (ағылш. half-pipe - жартылай труба) . Бұл астау скейтбордист пен роллерлер сырғанайтын алаңға ұқсайды. Биг эйр (ағылш. big air, үлкен кеңістік) - арнайы трамплиннан секіру. Келесі фазалардан тұрады: екпін, секіру және қону. Секіру ұзақ және көзтартарлық болу керек. Секіру амплитудасы, трюкты орындау, қонудың тазалығы мен нақтылығы бағаланады.

Slide 6

Сайыстың мақсаты

Сноубордистер не арнайы құрастырылған хафпайпта, не қарлы тау бөктерінде жарысады. Хайфпайппен жарысқа қатысушылар мақсаты - бес төрешінің алдында акробатикалық айла-тәсілдерді орындаған уақытта өз тақтайында қалу.

Сноубордкроста жарысқа қатысушыларға бірін-бірі итеруге немесе қарсыластарды трассадан итеріп жіберуге тыйым салынады.

Сноубординг (ағылшынша snowboarding, snow - қар және board - тақтай) - сноубордпен тау бөктерінен шапшаң сырғанап түсетін, арнайы трассада акробатикалық элементтерді орындаудан тұратын спорт түрі. Сноуборд - жиегінде екі аяққа арналған бекіткіштер орнатылған тақта.


Ұқсас жұмыстар
Белсенді туристік саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: тәуекелдер, себептері және алдын алу шаралары
Туристік сақтандыру: шетелдік және отандық нарықтар, экономикалық мәні, классификациясы және көрсеткіштері
Белсенді және белсенді емес туризм: ұғымы, түрлері және Қазақстандағы жағдай
Туризм индустриясының сипаттамасы мен ерекшеліктері: Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру
Қазақстандағы туризм түрлері мен Қызылорда облысының туристік-рекреациялық ресурстары
Туризм индустриясын дамыту: даму факторлары, тұтынушы мінез-құлқы және туристік қызметтердің рөлі
Басқару психологиясының даму бағыттары: шетелдік және отандық аспектілері
Қазақстанда туризм қатынастарын құқықтық реттеу: туристік қызмет негіздері және туроператорлық лицензиялау талаптары
Қазақстан туристік-экскурсиялық басқармасының қалыптасуы мен туризм саласының дамуы (1927-2005)
Психологияның даму тарихы: шетелдік, отандық және қазақстандық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz