Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы



Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы

4- топша
Абулхан Ұлболсын
Акимгалиева Гауһар
Бұлбұл Сара
Нұрхан Айдана
Жексембаева Гүлім
Жауғаштиева Кәусарай

Қазақтардың петициялық қозғалысы
Петициялық қозғалыстың басталуы
Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі алуан түрлі петициялар (өтініш-талаптар) жолдау болды. Ондай петициялар 1902-1907 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары алғашқы кезде дін қызметкерлері болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түсті. Бірінші орыс революциясы жылдарында петициялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды. Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, , Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры ЫЫ Николайдың атына да жолданды. Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқаралыдан және басқа да жерлерден жөнелтіліп жатты.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс елеулі түрде етек алды. Қазақ халқы өзінің өмірлік маңызы бар шұғыл проблемаларын петициялар жолдау арқылы шешуге тырысып көрді. Ол петицияларда жер, дін және халыққа білім беру саласындағы алуан турлі талаптар қойылды.

Қарқаралы петициясы

Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т. б. белсене ат салысты.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»
Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.

Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».
Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.
1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының ХХ ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.

Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар
Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау ұсынылды. Бұл қызметтеріне кірісер кезде олардың бәрі де ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қиянат жасамауға уәде етуге тиісті болды. Шаруа бастықтарының орнына бітістіруші судьялар қызметін енгізу талап етілді. Петиция авторларының пікірі бойынша, бұл қызметке жеткілікті дәрежеде сауаты мен білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс еді. Сайлау науқаны кезінде мүдделі топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбір шаралар ұсынылды. Біріншіден, шектен тыс әділетсіздігі, немесе өзіне қолайлы белгілі бір кандидаттың сайлануына мүдделі екені белгілі болған әкімшілік өкілдері қызметінен аластатылуы тиіс делінді. Екіншіден, әкімшіліктің ондай аласталған өкілдері уездің мүлде өзге болыстарынан шақырылған адамдармен алмастырылуы тиіс болды. Үшіншіден, өздерінің жағымсыз қылықтары әшкереленген адамдарды жаңа сайлауға жібермеу талап етілді. Сондай-ақ қазақ халқы өкілдерінің Ресей империясынын заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға сайлануы да талап етіп қойылды.

Қазақ зиялыларының 1905 жылы Петербургтегі министрлерге дін және жер мәселесі жөнінде жазған хаттары «Дін үшін. Жер үшін» деген атпен жинақ болып жарық көрді.
Жинақтағы бірінші хатта қазақтың діни таным-түсінігінің тарихы тереңде, діни жоралғылардың орындалуының ерекшеліктерінің үлгісі бар екендігі және жасалған қысымның себебінен бағынбаушылық орын алып жатқандығы, проблемалардың бейбіт түрде шешілуін, сауаттылықтың арттырылуын қалап, өз басына діни басқарма болуы керектігі айтылады. Бұл - сол кезеңдегі саяси ахуалды жан-жақты талдап, мәселені оң шешуге тырысқан ұмтылыс. Дінді сақтау арқылы жерді сақтауға, жерді сақтау арқылы отаршылдыққа тойтарыс беруге талпыныс екендігі анық байқалады. Бұл хатты ғалымдар бұрын да көріп, түрлі еңбектерінде қолданған. Бірақ араб әліпбиінде жазылған хат толық аударылып, арнайы жинақ ретінде шығарылған жоқ еді.

Хатта: «Енді бұл заманда қазаққа дін жөнінен болған қысым және кемшіліктер шектен асты. Яғни қазақ балаларының мұсылманша оқып жүрген мектеп-медреселерін әкімдер жапты. Жамағат болып намаз оқитұғын мешіт пен ғибадатханаларды жапты. Һәм неке, туған балалар, өлген кісілер және талақтар туралы және метрике жазудан моллаларды тыйды. Һәм шариғаттың басқа да істерінен моллаларды тыйды», деп, патша өкіметі кезіндегі қысымшылықтар анық көрсетіледі. Сондай-ақ сол кездегі қазақ халқының саны алты миллиондай екендігі айтылады. Мұны да құнды дерек деуге болады.
Аталмыш құжаттың негізгі мазмұны - сол кезеңдегі Орал және Торғай облыстары қазақтарының патша үкіметіне, орталық министрлерге жазған өтініш, талап-тілегі. 1905 жылы Ресейдегі ақпандағы рескрептиваға қол қою, сәуірдегі дін мәселесіне берілген жеңілдіктер осы қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өмірге жаңа өзгерістер алып келді. Әлихан Бөкейханов өзінің «Қазақтар» деген мақаласында былай деп жазды: «1905 жылы қазақ даласының жазғытұрғы съездері болды. Сол съездердегі негізгі мәселелері шешу үшін қазақтар ең алдымен орталық билікке, патша үкіметіне петициялар жазуды бастайды». Мұндай петициялар сол кезеңде Жетісуда, Қарқаралыда, Батыс өңірінде Оралда жазылды. Бұл жинақтың басты мақсаты - 1905 жылы елдің игі жақсыларының, дін қызметіндегі ишан-қазірет, қазылардың патша үкіметіне жазған талап-тілектері.

Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде - сол кездегі патша үкіметінің өкілі, граф Игнатьевке жер, дін мәселелері туралы жазған талап-тілектері, екіншісі - Жерге орналастыру жөніндегі бас басқармаға жазылған жер мәселесі. Яғни бұл петицияда екі түрлі мәселе көтерілді: дін және жер мәселелері. Петиция авторларының сол кездегі Батыс өлкедегі Орал және Торғай облыстарындағы патша үкіметінің қоғамдық-саяси, мәдени, діни, рухани, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жүзеге асырып жатқан отаршылдық саясатын ашық түрде әшкерелеп, сынға алады.
Мұнда тек 1905 жыл емес, мәселен, бірінші бөлімге тоқталар болсақ, дін мәселесіне, сонау қазақ даласындағы ислам дінінің 1731 жылғы қазақ даласының Ресейдің қол астына қараған күнінен бастап 1905 жылға дейінгі аралықтағы дін мәселесіне жүйелі, сауатты түрде тоқталып өтеді. Тіпті сонау Алтын Орда ханының Өзбек ханның тұсында, одан бұрын да қазақ халқының ислам дінін ұстанғаны айтылады. Мәселен, Өзбек ханы - Алтын орданы 1312-1342 жылдар билеген, Алтын Орданы ислам мемлекеті деп жариялаған хан. 1905 жылы сол кезеңдегі алты облысқа қараған үш жүздің қазақтарының ислам дінін ұстанатындығы толығымен жазылған. Сондай-ақ 1788 жылы Ресей империясының арнайы Орынбор діни басқармасының 1868 жылы реформадағы уақытша ережеге дейін мүфтиятта, Уфа қаласындағы діни басқармасында қазақтардың діни істерін қарап келгендігін жазады. Кейін, 1868 жылғы уақытша ережеге сәйкес, патша үкіметі қазақ даласын Орынбор мүфтиятынан айырғандығын (алып тастағанын), сол кезден бастап қазақ даласындағы дін мәселесінде патша үкіметінің отарлау саясатын қатты сынға алады. Орынбор мүфтиятынан айырғаннан кейін, керісінше, қазақ даласында мешіт-медіреселердің ашылуы, мұсылман дінінің дамуы қарқынды түрде жүзеге асқандығы сипатталады. Одан кейін Орынбор мүфтиятының қарамағына қосу немесе сол 1905 жылғы өтініш-талаптарын айтады. Осы өтініш-талаптарында егер Орынбор мүфтиятына қоспаса, арнайы қазақ мұсылман духовное собраниесін құру, яғни қазақ діни басқармасының басқару құрылымының ішкі тетіктерін анық көрсетеді.

Екінші бөлім жер мәселесіне арналған. Аталмыш петиция авторлары 1731 жылы қазақ даласының Әбілхайыр ханның тұсында Ресейдің қоластына қарағаннан бастап жер мәселелері бойынша жүргізілген аграрлық саясатты сынға алады. 1868 жылғы уақытша ережеге сәйкес, қазақ жерінің Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Одан кейін Орал, Торғай облыстарына орыс шаруаларын қоныстандыру қарқынды жүргізіліп, негізінен шаруашылыққа қолайлы, құнарлы да құйқалы жерлерді соларға тартып алып бергендігін ашық жазады. Бұл көшпелі қазақтардың шаруашылығына кедергі келтіргендігін заңның баптары арқылы көрсетіп, «қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзінікі» деген документ берілсін" деген нақты талап қояды. Шын мәнісінде, аталған екі бөлімде көрсетілген өтініш, талап-тілектер - сол кезеңдегі қазақ халқының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелері, яғни бабаларымыздың жанайқайы. Петицияны жазған авторларға келетін болсақ, екі бөлімнің де астына белгілі заңгер Бақытжан Қаратаев бастаған 22 адамның аты-жөні көрсетіліп, қолы қойылған. Оның ішінде 17 қазірет бар. Авторлар Петербургке дейін барып, ІІ Николай патшамен кездескен, естелік суретке түскен. Бұл жинақ - өлке тарихына, қала берді қазақ тарихына қосылған тың дерек, құнды құжат.

… Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады… Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды (Дулатов М. Ш. А., 1991. 221-б. ) .
Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді:
Діни мәселелер
Қазақтар петииияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ қазақтар мешіттер мен медреселер салуына еркіндік берілуін, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын өтініш ретінде ұсынды. Меккеге қажылыққа емін-еркін барып келуді, қазақ ауылдарына христиан дінін таратушы миссионерлердің баруына тыйым салуды талап етті. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының басқа дінді қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды.
Петицияларда әр болыста діни алым-салықтарды жинайтын арнаулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкірттердің оқуына жұмсау көзделді.

Қазақ тілі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz