БЕТОНДАР ЖƏНЕ БЕТОНТАНУ




Презентация қосу
БЕТОНДАР ЖƏНЕ БЕТОНТАНУ

Орындаған: Сабидуллаева М.
С-18-1
Тексерген: аға оқытушы Смайлова А.
Бетондар – байланыстырғыш затқа (ол бетон көлемінің 10-15%-і)
белгілі мөлшерлерде (85-90%) толтырғыштар мен су қосқанда қоспаның
қатаю нəтижесінде алынатын жасанды тас.

Бетондану – бетондардың құрылымы мен қасиеттері жөніндегі
қолданбалы ғылымды атайды.
• Бетон құрамы ондағы толтырғыш түйірлерінің арасындағы қуыстардың
1 цемент таспен толтырылған дəрежесіне байланысты үш түрге бөлінеді.

• Бірінші құрылымда – толтырғыш қуыстары арасында цемент қамыры, ал
қатайғаннан соң цемент тасы көп; мұндай құрылымда толтырғыштар цемент
2 қамырында «жүзеді».

• Екінші құрылымда – керісінше цемент аз, яғни толтырғыш түйірлері бəрі
бірдей цемент таспен қоршалынбайды.
• Үшінші құрылымда – бетонның қажетті беріктігі, цементті ең аз
салыстырмалы мөлшерде қосқанда қамтамасыз етіледі.
Орташа тығыздығына қарай бетондар:

ерекше ауыр – бір текше метрде 2600 кг артық,

ауыр – 2100-2600 кг аралығында,

жеңілденген – 1600-1100 кг аралығында,

жеңіл – 1200-1800 кг аралығында

ерекше жеңіл – 1200 кг-нан кем (көбінесе 500-600 кг аралығында) болып
бөлінеді.
Бетон толтырғыштары: ұсақ, ірі болып екі топқа бөлінеді.

Ұсақ толтырғыштарға – түйірлерінің диаметрі 0,14-5 мм
аралығындағы құм (көбінесе кварцті, сирегірек дала шпатты, əк
тасты) жатады. Құм түйірлерінің беттік ауданы, олардың ірілігіне
байланысты.

Ірі толтырғыштарына түйірлерінің диаметрі 5-70 мм (кейде 150)
аралығындағы жарықшақ (жарылған немесе малта құм) тастар жатады.
Бұлар мөлшері 5-10, 10-20, 20-40 жəне 40-70 мм аралығындағы
фракцияларға бөлінеді.
Ірілік модулі бойынша құмдар:

орташа (Мі = 2,0 ұсақ (Мі = 1,5-
ірі (Мі = 2,5-3,5)
- 2,5) 2,0)

Тесіктерінің диаметрі 0,63 мм елеуіштегі ірі құмның толық қалдығы
А0,63 = 50-75% аралығында болады.

Құм құрамында əр мөлшерлі түйірлер болуы тиіс, құм түйірлерінің
мөлшері – оны стаңдартты елеуіштер жиынтығынан өткізу арқылы
анықталынады.
• Жарықшақ тастардың беті малта тастармен салыстырғанда кедірбұдырлы келеді де,
цементпен берірек байланысады. Сондықтан олар маркасы көбінесе 300 жəне одан да
1 жоғары бетондар өндіруде қолданылады.

• Жарықшақ пен малта тастардың құрамында əр мөлшерлі түйірлер болса, олар жақсы
құрам деп есептелінеді. Өйткені мұндай түйірлер арасындағы қуыстардың көлемі аз
болады да, олардан бетон алу үшін цемент аз кетеді (шығындалады). Бұл тастардың
қуыстарының көлемі 45%-тен аспауы керек.

• Уақ толтырғышты – құмды сыңарындай жарықшақ немесе малта тастарды да
стандартты елеуіштердің жинағынан өткізіп, оның нəтижесін суреттің принципімен
3 салынған графика арқылы көрсетеміз.

• Ауыр бетон толтырғыштарының беріктігі – олардан жасалған бетондардың
беріктігінен жоғары болуы керек. Малта тастардікі 1,3-1,5 есе, ал жарықшақ тастардікі
маркасы 300 бен одан жоғары бетондар үшін 2 еседен кем емес, төмен маркалы бетондар
үшін – 1,5 еседен кем емес болуы тиіс.
Толтырғыштардың зиянды қосымшаларына балшық, тұнба мен тозаң
(шаң) жатады. Уақ толтырғышта, яғни құмда бұлардың мөлшері 3 %-
тен, ал жарылған немесе малта тастардың құрамында 1-3 %-тен
аспауы керек.

Байланыстырғыш зат жəне су ретінде портландцемент пен оның
түрлері (тез қатаятын, т.б.) жəне кəдімгі ішетін су қолданылады.
Маркасы 200-400 бетондар үшін негізінде 300-500 маркалы цементтер
пайдаланылады.

Қосымшалар (үстемелер) бетонның қасиеттерін шартқа сай реттеу
мен цементтің шығынын азайту үшін қолданылады.
Назарларыңызға
Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Бетон және бетонтану
Бетон толтырғыштары
Бетон толтырғыштарының түрлері
Қиыршықтас пен шағал тастарды өндірудің жолдары
Ұялы бетондарды автоклавта өңдеу
Табиғи және жасанды бетон толтырғыштары
Бетон толтырғыштары туралы
Полимербетондардың түрлері мен жіктелуі
Бетондаудың жаңа технологиялары
Қиыршық тас
Пәндер