КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР, БҰЙЫМДАР




Презентация қосу
КЕРАМИКАЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАР, БҰЙЫМДАР

Орындаған: Сабидуллаева М.
С-18-1
Тексерген: аға оқытушы Смайлова А.
Керамикалық бұйымдар немесе керамика (гректің “керамос” – балшық
деген сөзі) – табиғи саз-балшықтан немесе оны минералдық не
органикалық қосымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу,
қалыптастыру, кептіру жəне күйдіру арқылы алатын жасанды тас
бұйымдар.
Керамикалық бұйымдарды өндіру мынадай негізгі процестерден
тұрады: балшықты карьерден қазып алу, массаны дайындау, оны бұйым
формасына келтіріп қалыптау, кептіру жəне күйдіру.
Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа
бөлінеді:
кеуекті
тығыз.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар қолданылатын орнына
байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
қабырғалық бұйымдар (кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар деп
аталатын қуыс керамикалық тастар мен олардан істелінген панельдер);
үйдің сыртқы қабырғалары мен ішкі жағын өңдеуге арналған
тыстаулық бұйымдар (беттік кірпіш, кіші өлшемді плиталар,
глазурьлендірілген плиткалар мен олардың фасонды бөлшектері
бірқалыпқа келтірілген бөлшектер) – карниздер (ернеулер, жақтаулар),
т.б.;
арнайы міндет атқаратын бұйымдар, материалдар; сантехникалық
бұйымдар (жуынатын столдар, қолжуғыштар), ванна, унитаз, от пен
қышқылға төзімді бұйымдар, жеңіл бетонның толтырғыштары
(керамзит, аглопорит), т.б.
Шикізаттар
Саз – балшықты материалдар: каолиндер, саз-балшықтар, бентониттер.
Каолиндер тек қана дерлік каолинит минералынан (Al2O3 · 2SiO2· H2O) құралады,
бөлшектерінің (түйіршектерінің) өлшемдері көбінесе 0,01 ммден, күйдіргенде ақ түсін
(өңін) сақтайды.
Саз-балшықтар (осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартылып айтылады)
бірнеше минерал мен біршама минералдық жəне органикалық қоспалардан құралады.
Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғанда иленгіш қамыр түзеді. Ал басқа
(екінші) тобында – кальцитте, дала шпатында мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бірінші
топтағы минералды – сазды (балшықты) зат деп атайды, екіншісін – сазды емес
минералдар дейді.
Бентониттер – жоғары пластикалық негізде монтмориллониттен құралған,
балшықтарды айтады. Олардың 85-90 пайызы өте уақ 0,001 мм-ден кем бөлшектерден
тұрады.
Қосымшалар (үстемелер)
Иленгіштігі жоғары балшық қамыр түзу үшін суды көп сіңіреді де, одан
жасалған бұйым кептіргенде, күйдіргенде көлемін кішірейтеді, шытынауы да
(жарылуы) мүмкін. Болашақ бұйымды осындай ақаудан сақтау үшін, балшықтың
иленгіштігін азайтатын үстемелер пайдаланылады. Оларға – шамот, құм, жылу
электрстанциясының (ЖЭС) күлі, тез суытылып, түйіршіктелген шлактар
жатады.
Болашақ бұйымды осындай ақаудан сақтау үшін, балшықтың иленгіштігін
азайтатын үстемелер пайдаланылады. Оларға – шамот, құм, жылу
электрстанциясының (ЖЭС) күлі, тез суытылып, түйіршіктелген шлактар
жатады.
Шамот – түйірленген (0,14-2 мм) керамикалық материалдар. Ол сазды
күйдіру (бұйым күйдіру температурасына дейін), уату арқылы алынады немесе
кірпіштің қалдықтарынан (сынықтарынан) дайындалады.
Саздың иленгіштігін арттыратын заттарға пластикалығы жоғары балшықтар,
бетониттер жəне беттік əсерлі заттар (БƏЗ), мысалы сульфит – ашытқы бардасы
(САБ) жатады.
Керамикалық бұйымдардың су өткізгіштігін, тазалығын арттыру үшін,
олардың бетін глазурь немесе ангоб деп аталатын заттармен өңдейді (сырлайды).
Глазурь – бұйымның бетіне жағылғаннан соң оны күйдіргенде жоғары
температураның əсерінен балқитын шыны сияқты көп компонентті зат; глазурь
қабығының қалыңдығы – 0,1-0,2 мм. Глазурь түрлі-түсті, мөлдір, кейде күңгірт
болады. Оны күңгірттендіру үшін оның құрамына 6% қалайы тотығын қосады.
Ангоб – күйдіргенде ақ немесе басқа түс беретін балшықтан жасалған
керамика бұйымдарының бетіне жағылатын зат. Күйдіргенде ангоб
балқымайтындықтан, (оның балқу температурасы глазурьдікінен анағұрлым
жоғары), ангобтандырылған бұйымдардың беті түрлі-түсті болғанымен,
жылтырамайды.
Балшықтардың керамикалық бұйымдар өндіруге қажетті
қасиеттері
Иленгіштік – саздың қамыр күйінде сыртқы күштің əсерінен керек форманы
ажырамай (үзіліссіз), шытынамай (қуыссыз) қабылдап, оны кептірген жəне
күйдіргеннен кейін сақтау қасиетін атайды.
Шөгуі (тығыздануы немесе бұйымның отырғыштығы) – қамырды (бұйымды)
ауада кептіріп, отта күйдіргенде оның сызық өлшемдері мен көлемінің кішіреюін
айтады. Отырғыштық – бұйымның алғашқы өлшемдерінен, процент арқылы
анықталынады.
Пісуі – күйдіргенде саздың тығыздығы өсіп (жоғарыда көрсетілгендей,
құрамындағы кейбір оңай балқитын бөлшектері балқып, балқымаған
бөлшектерді өзіне ығыстыру əсерінен), тас тəрізді денеге айналуын айтады.
Күйдіру – керамикалық бұйымдарды өндірудің соңғы процесі. Күйдіру
əсерінен олардың құрылымы мен басқа да техникалық қасиеттері құралады.
Назарларыңызға
Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Керамикалық бұйымдар
Керамикалық композициялы материалды алу технологиясы
Техникалық керамика, қолдануы. Керамикалық материалдардың технологиясының заманауи күйі
Керамикалық бұйымдарды кептіру технологиясының негіздері
керемикалық материялдар-құлыс кірпіш және ыдыстар пайда болуы, дамуы және өндірісі
Соңғысы каучуктың мех
ҚҰРЫЛЫС КЕРАМИКАСЫН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ШИКІЗАТ ТУРАЛЫ
Саланы дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың әдістері мен нысандары
КҮЙДІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
Металлдар өндірісі
Пәндер