Тұқымы түкті


Slide 1

Талшықты дақылдар

Тексерген:

Алматы, 2021

Slide 2

Мақсаты: Талшықты дақылдарының түрлерін, халық шаруашылығындағы маңызын және мақта дақылын өсіру технологиясын қарастыру.

Slide 3

Жоспары:

Кіріспе

Талшықты дақылдардың өкілдері.

Мақта өсімдігі, өсіп даму ерекшеліктері, таралуы, өнімі, себу ерекшеліктері, суару жүйесі, ауыспалы егістегі орны, сорттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 4

Кіріспе

Талшықты өсімдіктер - тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Ең көп тараған талшықты дақылдарға мақта, зығыр және сора өсімдіктері жатады. Бұл өсімдіктер тоқыма өндірісі шикізатының 95% қамтамасыз етеді. Бұл өсімдіктердің тұқымдары құрамында тамаққа және техникалық мақсатқа пайдаланылатын майлар бар. Қазақстанда негізінен мақта өсімдігі өсіріледі.

Slide 5

Олардың ішіндегі негізгі тұқымдастары:

Мальвалар (мақта, кенеп, бұйда кендір)

Зығыр

Жөкелер (жұт, жөке)

Тұттықтар

Қалақайлықтар (қалақай, рами)

Бұршақтар (кроталярия) және басқалар.

Slide 6

Кроталярия

Қалақай

Жұт

Slide 7

Зығыр (Lіnum) - зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар. Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 - 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры - шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі - қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т. б.

Slide 8 Slide 9

Мақта (Cossypіum), қоза-құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б. з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика, Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды.

Мақтаның биіктігі 1-1, 5 м. 1-2 негізгі бұтақтан 10-15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90-130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3-5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20-40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі.

Slide 10

Хлопчатник: 1 - цветок; 2 - лист; 3 - незрелая коробочка (3а - в разрезе) ; 4 - раскрывшаяся коробочка; 5 - летучка и семя; 6 - створки коробочки; 7 - типы ветвления: 7а - предельное, 7б - непредельное с укороченными междоузлиями, 7в - непредельное с междоузлиями средней длины, 7г - непредельное с длинными междоузлиями.

Slide 11

Мақта - жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10- 12C-та өне бастайды, 25-30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауарайына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.

Slide 12

Мақтаның өсіп-даму ерекшеліктері.

Қолайлы ылғалдылық және температуралық жағдайда сепкеннен 5-күннен кейін жер бетіне тұқым жарнақтары көктеп шығады, ал одан 8-10 күннен соң бірінші нағыз жапырақ пайда болады. 7-8 нағыз жапырақ пайда болған кезде 4-5 жапырақтың қолтығынан бірінші бітегүлі бар жеміс бұтағы дамиды. Бұл кезең шанақтану кезеңі деп аталады. Бірінші жапырак пайда болғаннан шанақтануға дейін 20-30 күн өтеді.

Slide 13

Алғашқы гүл бүрі пайда болғаннан соң өсуін тоқтатса, оны «шекті» өнім бұтағы, ал гүл бүрі бұтақтың ұзаруына қарай одан әрі көбейе берсе оны «шексіз» өнім бұтағы деп атайды. Тозаңданған мақта гүлінен қауашақтың (жемісінің) дамуы басталады. Мақта қауашағы жұмыртқа тәріздес, ұшы үшкірленген, беті кейде тегіс, кейде ойлы болып келеді. Қауашақтың әр ұясында 5-10 тұқымы болады. 1000 тұқымның массасы - 90-150 г. Мексикалық мақта тұқымы қысқа түктермен және ұзынша келген талшықтармен қапталады. Жалаңаш түқымды мақта түрлерінде қысқа түктер болмайды. Кептірілген бір қауашақтың массасы сортына және өскен орта жағдайына байланысты 2-10 г аралығында болады.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Мақта көп жылдық, биіктігі - 100-150 см жететін жартылай бұталы өсімдік. Ауа райы қоңыржай елдерде бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі (Сурет 47) . Тамыр жүйесі жақсы дамыған, 2, 5-3 м тереңдікке бойлайтын, жан-жагына 1, 5-2 м шашыраған діңгекті болады. Сабағының төменгі жағында түгі болады, ағаш сияқты бұтақтанады. Бұтақтарының екі түрі болады: бұтақтың басы өсу бүршігі және жапырағымен аяқталатын өсу бұтағы (моноподиалды) және бұтақ басында, ұзын бойында гүлдер, қауашақтар орналасқан жемісті бұтақ (симподиалды) . Жемісті бұтақтар вегетация кезеңі аяқталғанға дейін пайда бола береді.

Slide 17

Хлопчатник обыкновенный: 1 - общий вид растения в фазе созревания плодов; 2 - отрезок цветущего побега; 3 - зрелая коробочка; 4 - семя, покрытое волокнами.

Slide 18

Біздің елімізде өндірістік маңызы бар мақтаның екі түрі өсіріледі: кәдімгі мақта немесе мексикалық - дүние жүзінде ең коп тараған мақта түрі, Орталык Америкадан шыққан. Қауашағы жарылғыш, ірі, жұмыр, жоғарғы ұшы үшкір, 3-5 ұялы, әр ұясында 5-11 тұқымы бар. Тұқымы түкті. Жоғары сапалы талшығының шығымы 35-40 мм-ға жетеді, үзындығы 35 мм дейін, жіңішкелігі - 17-20 мкм, метрлік нөмірі 4200-5500 болады.

Slide 19

Перу мақтасы немесе жіңішке талшықты мақта, шыққан жері Оңтүстік Америка. Гүлдері өте ірі, сарғыш түсті, гүл күлтесі біріккен жері қызыл таңбалы болып келеді. Қауашағы ұсақ конус тәрізді созылған, 3-4 ұялы. Әр ұяда 5-8 данадан орналасқан жалаңаш тұқым бар. Талшығы сапалы, ұзындығы 40 мм және одан да ұзын, жіңішкелігі 12-18 мкм метрлік нөмері 6000-7500, өте берік, жібек сияқты, тоқылу сапасы да жақсы. Жіңішке талшықты мақта сорттары Азиядағы - Түрікмен, Тәжік жэне Өзбек республикаларының ең жылы аудандарында ғана өсіріледі.

Slide 20

Мақтаның әр гектарынан мол өнім алу өндіріске агротехникалық шаралардың енуіне тікелей байланысты. Оған: топырақты қос қабаттап (двух ярусная вспашка) терең жырту, кең қатарлап егу, тұқымды дәл мөлшерде себетін сепкіштерді қолдану, жергілікті және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде сіңіру, арамшөптерге қарсы гербицидтерді пайдаланып, шырпу мен егін жинауды механикаландыру жатады. Казақстанда мақта Шымкент облысының суармалы жерлерінде 223, 0 мың гектарға себіледі. Әр гектардан алынатын орташа өнімі 21, 3 ц. Жетісай ауданының Абай атындағы шаруашылығында - 37, 0 ц болды. Республикада жыл сайын орта есеппен 500 мың тоннаға жақын шитті мақта өндіріледі.

Slide 21

Мақта өнімдері

1 т шитті Мақтадан 330-360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100-110 кг тағамдық, техникалық май, 30-40 кг қысқа талшық, 550-580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20- 25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400-420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т. б. құнды өнімдер алынады. Мақта - тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар - бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т. б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т. б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қолданылады.

Slide 22

Себу.

Тұқымды себуге дайындау олардың жоғары сапалыларын таңдап алып, тазалығы 97-98%, өнгіштігі 87-88%-дан кем болмауын қамтамасыз етуден басталады. Мұндай жоғары сапалы тұқым мақтаның алғашқы жиналған егістіктерінен ғана алынады. Себуге арналған тұқым, шитті мақта тазарту зауытында механикалық жолмен талшықтардан (джинирлеу), жартылай тұқым түгінен (линтерлеу) және ірілігі бойынша сұрыптауда (калибровка) толықтай тұқым түгінен (делинтирлеу) тазартылады.

Slide 23

Себу мерзімі.

Оңтүстік Қазақстан облысының ғалымдарының кепілдемелеріне сәйкес мақтаны себуді ауаның орташа тәуліктік температурасы 12-130С жеткенде бастаған дұрыс, оның үстіне көктемгі ауа-райы жағдайларын, топырақтағы ылғал қорын ескеру қажет. Облыстың оңтүстік аудандарында сортаң топырақтарында 18-сәуір, ал тұзданбаған топырақтарда - 20-сәуірден бастап себе беруге болады. Облыстың солтүстігінде - Арыс-Түркістан каналы аймағында және Шардара ауданында мақта тұқымын топырақ 12-140С қазғанда немесе сәуірдің үшінші онкүндігінде жүргізіледі. Одан ерте себілсе мақтаның көктеуі мен пісуі ұзарады, кеш себілсе қауашақтың ашылуы мен пісуі баяу жүріп, күзгі аязға дейін мақтаның жиналмауы да мүмкін. Алғашқы тұқым себуді жеңіл топырақты оңтүстік беткейлерде жақсы қызатын топырақта қысқа мерзімде аяқтайды.

Slide 24

Себу тәсілдері.


Ұқсас жұмыстар
Лалагүл
Тері шикізатының тауарлық қасиеттері
Алқалар тұқымдасы
Қара мендуана
Жатағ ан укекіре. Таралуы. Морфологиясы. Зияндылығ ы. Биологиясы. Кү ресу шаралары
Талдар тұқымдасы, Терек туысы
Құрғақ жемістер
Қиярдың пероноспорозы
Мақсыр
ТАРЫ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МОЛ ӨСІМДІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz