Тамыр - түйнек жемістілер, бақша дақылдары
Презентация қосу
Тамыр-түйнек жемістілер,
бақша дақылдары
Алматы 2021
Картоп, картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек (лат.Solanum tuberosum )
– алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл,150-ге жуық түрі белгілі. Отаны –
Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық негізінен,
2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия
және Аргентинада өседі. Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық
аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу
кезінде), суыққа төзімді дақыл. Биіктігі 40 – 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір
түпте 3 – 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп
тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ
температурасы 5 – 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы
температура 10 – 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал –1 – 2°С суықта жас
өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 – 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен
көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5%
қант, 1 – 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар.
Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы
жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 – 200 ц өнім түседі. К. тағам,
мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
Жер
алмұрты немесе Топинамбур (лат. Helianthus
tuberosus) – астралылар тұқымдасына жататын
тамыр жемісті көп жылдық өсімдік. Отаны
— Солтүстік Америка.
Жер алмұртыныңның сабағы,
жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ
жапырағының көлемі одан кішілеу, сабағы
жіңішке болады. Биіктігі 1-5 м. Тамыр
сабақтарынан көптеген (5 — 6, кейде 30 — 40)
ақ, сары, күлгін, қызыл түйнектер дамиды.
Олардың пішіні ұзынша, сопақша, домалақ
болады.
Құрамында протеин, фосфор, темір, С1,
В1 витаминдері бар. Түйнегі тағамға, малға жем
ретінде, спирт және фруктоза алуға
пайдаланылады. 100 кг тамыр түйнегі 25 — 27
азық өлшеміне тең, онда 1,5 кг сіңімді протеин
бар. Жер алмұртын көктемде немесе күзде егеді.
1 га-дан 200 — 250 ц түйнек, 350 — 500 ц көк
шөп алуға болады. Топинамбурда 20% инулин,
1,5—3% азотты заттар, 2—5% сахароза бар.
( Топинамбурды малға жем ретінде, 1 спирт,
инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде
қолданылады.
• Тамыр түйнектерін топырақ
астында сақтап, қажет кезде
қазып алуға болады. Жер
алмұрты мал азықтық дақыл
ретінде Қазақстанның барлық
аудандарында өсіріледі.
• Жер алмұртының 100
граммында 306 ккал бар.
Құрамында A, B1, B2, B6, C
және E дәрумендері бар.
Кұрамында кремний, калий,
әк, фосфор, темір және
цинкпен қатар фруктоза,
пектин өзегі мен
аминқышқылдары бар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz