Мұғалім туралы мәлімет


Slide 1 Slide 2

Мұғалім туралы мәлімет

Мейрам Манас Әлібекұлы

Білімі: жоғары, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Тарих және Өнер факультеті, трих мамандығы. 2015 жылы Петропавл қаласындағы «Әскери техникалық мектебінде» әскери борышымды өтеп әскери билетке ие болдым

Жұмыс орны: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты.

Атқаратын қызметі: интернатта тәрбиеші, тарих пәні мұғалімі.

Slide 3

Педагогикалық ұстаным:

«Маған айтып берсең - ұмытып қалармын,

Маған көрсетсең - есімде сақтармын,

Маған өзіме жасатсаң үйреніп алармын»

(Конфуций. )

Slide 4

Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Slide 5

Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл-күйі, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: - оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, - ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, - ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Slide 6

Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.

Ұлы педагог В. А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған.

Slide 7

Мақсатым: Тарих сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.

Slide 8

- тарих сабақтарында ойын элементтерімен танысу; - тарих бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау; - оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу; - өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру; - оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету; - оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Міндеттерім:

Slide 9

- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса; - уақытты тиімді пайдаланса; - тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады

Егер тарих сабағында

Slide 10

Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:

-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту

-жағымды ойлай білу ептілігі

-өзара әрекет етуді ұйымдастыру

- шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру

Slide 11

Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.

Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады.

Slide 12

Тарих сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.

Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын:

Slide 13

Сонымен тарих сабағын компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді: 1) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады; 2) Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады. 3) Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 4) Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Slide 14

Сонымен тарих сабағындағы ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынандай қорытындыға келдім:

1. Тарих сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі тарихты терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.

2. Қызықты тапсырмалар білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады

4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.

5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.

Slide 15

Қазақстан тарихы сабағында танымдық мақсаттарды орындау үшін келесі талаптарды сақтаған жөн:

1. Қазақстан тарихын оқытуда аудио-видеоларды пайдалану;

2. Тарихты оқытуда ойын сабақ өткізу арқылы мектеп оқушыларының білімін көтеру әдісі.

3. Тарихты окытудағы шартты көрнекілік.

4. Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.

5. Тарихи мәліметтермен, кұжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

6. Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары

Slide 16

Қолөнер бұйымдары

Тақырыпты тандау мәселем:

оқушылардың тарих пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің арттыру.

Slide 17

Тарих - сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Жаңа технологияның тиімділігі берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Оқу мен тәрбиенің бірлігі, яғни екеуі қатар қалыптасады. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.


Ұқсас жұмыстар
Мұғалім портфолиосының құрылымы
Панельдік дискуссия
Бірлестік мұғалімдерінің әдістемелік тақырыбы
Менің мәселем
Ақтөбе қаласынан
РӨЛДІК ОЙЫН ӘДІСІ
Ұнайтын пән мұғалімдері
Математикадан стандарт емес есептерді шешу. Гаусс әдісі
СЫНЫП ЖЕТЕКШІ
Шағын жинақталған мектептің ұстаз келбеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz