Сүлікпен емдеу


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Қарапайым физиотерапиялық іс-шаралар.

Орындаған:Ералы Балнұр

Тобы:ЖМҚБ-03-19

Қабылдаған:Ибрагимова Роза

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Физиотерапиялық шаралар

Негізгі бөлім

Суықты қолдану

Компресс

Мұзды мұйық

Жылуды қолдану

Банкалар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Физиотерапия - адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл - күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.

Slide 4

Физиотерапия не үшін қажет?

Физиотерапияның басты мақсаты - адамды емделу үдерісі кезінде және емделуден кейін қалпына келтіру.

Физиотерапиялық шаралар көмегі арқылы:

Адамның функционалдық жағдайы қалыпқа келеді;

Мидың қанмен толығуы жақсарады, сонымен бірге адамның ақыл-ой мүмкіндігі арта түседі;

Зат алмасу үдерісі жақсарады;

Тірек-қозғалыс қызметін жақсарады;

Пациенттің эмоциялық және соматикалық жағдайы нығая түседі.

Slide 5

Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.

Slide 6

Қарапайым физиопроцедураның түрлері

Мұзды мұйық;

Жылытқыш;

Қыша қағазы;

Сүлікпен емдеу.

Суықты қолдану

Компресс

Мұз көпіршігі

Жылуды қолдану

Емдік ванналар

Банкалар

Slide 7

Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары.

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.

Slide 8

Жылытқыш көрсетілімі, кері көрсетілімі, асқынулары

Жылытқыш жазық бұлшық ет-терді босатып, ішкі мүшелерге қанның толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді. Жылытқышты ауырған және көгерген жерге қойса, жылудың әсерімен ауырғаны басылады. Медицинада резеңке қалтадан жасалған және электр жастық жылытқыштары қолданылады.

Slide 9

Көрсеткіштері:

Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін

Жалпы жылыну үшін

Созылмалы гастрит және колит ауруында(ауырсынуды басу үшін)

Гипертоникалық кризде

Бүйрек ұстамасында

Гематоманы емдеу үшін

Радикулитте

Буындардың қабынуында

Тері және майлы қабаттың қабынуларында

Қарсы көрсеткіштері:

Іштің түсініксіз ауырсынуы

Жедел аппендицит

Жедел холецистит

Жедел панкреатит

Перитонит

Қан кету

Терінің зақымдануы

Іріңді жаралар

Мастит

Дене қызуы көтерілуі

Асқынулар: күйік, денеде дақ болу

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық еті, оң жақ қабырға асты.

Slide 10

Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары.

Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері. Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы.

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Қыша қағазын 10-15 минуттан кейін алыңыз (дене терісінің қыша қағазын қойған жері қызарады) .

Slide 11

Компресс-көп қабаттап орау.

Жалпы компресстің 2 түрін қарастырамыз.

Суық компресс - теріні суытып, тамырларын жіңішкертеді, бұны жарақаттың бірінші сағатында, мұрыннан қан кеткенде, дене қызуының екінші кезеңінде қолданады. Суық компрессті қою үшін бірнеше қабатты суық суға малынған дәкені сығып салатын жеріне салып 2 - 3 минут сайын ауыстырып отырады. Мұндай жағдайда екі компресспен қолданады. Біреуін салады, ал екіншісін дайындап отырады.

Көрсеткіштері: соғып алу, алғашқы тәуліктегі жарақаттану, қан кету, қызбаның екінші кезеңі.

Slide 12

Ыстық компресті - тамырларын кеңейтіп тінге қанның баруын жақсартады, сол себептен тіннің ісігі азаяды және ауру жерін басу үшін қолданады.

Көрсеткіштері: буындардың жергілікті қабынуында, гематомаларда, соққы алудың екінші тәулігінде, катаралды отитте.

Қарсы көрсеткіштер: тері бүтіндігінің бұзылуы, соққы алудың бірінші сағаттары мен тәулігінде, терідегі аллергиялық және іріңді бөртпелер, қатерлі ісіктерде.

Slide 13

Сүлікпен емдеу

Көрсеткіштері:

- гипертоникалық криз; - глаукома; - мидың қан айналымының бұзылуы; - миокардтың өліеттенуі; - бауырдың іркілуі; - геморрой; - тромбофлебит.

Қарама-қарсы көрсеткіштері:

- қан кетуге бейімділігі; - қан кету; - қан аздық; - терінің аурулары; - аллергиялық, септикалық аурулар; - гипотензия; - антикоагулянттармен емделу.

Асқынулары:

1. Сүліктің тістеп, сорған жері кейіннен қышып, ірің пайда болу мүмкін, бұл тазалық сақтамаған жағдайда болады.

2. Сүлікті қойғанда қан сорғызатын жерді білмеудің кесірінен қан кетуі мүмкін.

3. Тері астына аздап қан кетуі мүмкін.

Slide 14

Емдік ванналар

Көрсеткіштері:

жүрек-қан тамырының және жүйке жүйесі әрекеті аурулары (невроздар, вегетативті қан тамырлы дистония, гипертониялың аурулардың алғашңы сатылары) ;

тірек-қимыл аппаратының аурулары;

терінің кейбір аурулары

Қарсы көрсеткіштері:

айқын атеросклероз;

гипертониялың аурулардың 3 сатысы;

қан айналысының жеткіліксіздігі;

бас ми және коронарлық айналуының

бұзылыстары;

белсенді өкпе құрты;

жұқпалы аурулар;

қатерлі жаңа ісіктер;

қанталау, қан кету;

қан түзуші мүшелердің және қанның

аурулары.

Slide 15

Қызуы және әсер етуіне байланысты ванналардың түрлері. Қызуы бойынша ванналардың түрлері:

1. Суық ванналар (20°С дейін) -тонусты жоғарылатады, зат

олардың үзақтығы 2-3мин. алмасуды жақсартады, жүрек қан

тамыр және жүйке жүйесінің қызметін

қадағалайды.

2. Жылы ванналар (37-39°С) -ауырсынуды басады, бұлшық

ұзақтығы 5-10 минут еттің кернеуін төмендетеді,

тыныштандырады.

Ыстық ванналар (40-42°С) -тер бөлінуді жоғарылатады, ұзақтығы 5-10 минут.


Ұқсас жұмыстар
Суық компресс
Терапиялық стоматология
Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері
Жануарларды емдеудегі физиотерапия лық негіздеме
Медициналық қызмет көрсету нарығы
Электр тоғымен емдеу Электр тоғымен емдеу
Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі
Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері
МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ УПРАВЛЕНИЯ МЕМЛЕКЕТТІК ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
Медицина мекемелерінің типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz