Балаларға көмек
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
СӨЖ
Тақырыбы: Балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру.
Орындаған:Ералы Балнұр
Тобы:ЖМҚБ-03-19
Қабылдаған:
Жоспар
• Кіріспе
• Балаларға көмек
• Негізгі бөлім
• Балалар емханасының негізгі міндеттері
• Балаларға емдеу,алдын-алу көмектерін
беретін
типтік мекемелер
• ЖТД қызметі
• Сәби өлімінің негізгі себептері
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Балаларға қажетті амбулаториялық-емханалық
қызмет, өте ерте жастан 17 жасқа дейінгі аралықта,
бірыңғай медициналық көмек көрсету принципі
бойынша балалар емханаларында (бөлімдерінде)
жасалады. Басқа амбулаториялық-емханалық
мекемелер (консультациялық-диагностикалық
орталықтар, жанұяны жоспарлау және репродукция
орталықтары, реабилитациялық мекемелер)
денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы сұрақтарды
шешеді, консультациялық көмек көрсетеді, терең
диагностикалық зерттеулер жүргізеді, қажетті базасы
болған жағдайда емдеу, реабилитациялық көмек
көрсетеді.
Балалар емханасының негізгі міндеттері
• Дені сау балалардың алғашқы күнінде
үздіксіз бақылау;
• Профилактикалық шараларды ұйымдастыру
және жүргізу. Бұл жұмыс барлық дені сау
балаларды медициналық бақылауға алу,
профилактикалық тексеруден өткізу,
диспансерлеу, профилактикалық егулер
жүргізу, ана сүтін жинау және сүт тарату
бөлімдерінің жұмысын тоқтаусыз жүргізу
секілді салалардан тұрады;
• Емдеу жұмысын үй жағдайында және
емханада жүргізу, ауру балаларды
ауруханаға, санаторийлерге сауықтыруға
жіберу, балаларды арнайы бала бақшаларға,
мектептерге орналастыру;
• Мектеп жасына дейінгі мекемелерде және
мектептерде емдеу-профилактикалық
жұмысты жүргізу;
• Санитарлық- эпидемиологиялық
станциялармен бірігіп, жұқпалы ауруларға
қарсы шараларды жүргізу;
• Балалардың құқығын қорғау;
Балаларға емдеу,алдын - алу көмектерін беретін
типтік мекемелер
Қалалық және облыстық балалар ауруханасы,
арнайы балалар ауруханалары ( жұқпалы,
психатриялық, туберкулездік, ортопед-
хирургиялық, қайталамалы емдеу ауруханалары),
диспансерлер, қалалық балалар емханасы,
стоматологиялық балалар емханасы, жалпы
салалы емханалар.
Емханада қолданылатын негізгі
әдіс – диспансерлік бақылау, оның
әлеуметтік – гигиеналық мақсаты-
балалардың дене бітімінің дұрыс
қалыптасуына және олардың
психикалық дамуына дұрыс
жағдай жасау, ауруды ерте
анықтау, емдеу және
қайталанбауын көздеу.
Балалар емханасының құрамында мынадай бөлмелер болады:
• Жеке кіретін есігі бар және оңашалайтын
бөлмелері бар сүзгі;
• Балалар дәрігері мен басқа мамандардың
кабинеттері;
• Балалар мен профилактикалық жұмыс
жүргізу кабинеті;
• Денсаулықты бұрынғы қалпына келтіру
бөлімі;
• Емдеу- диагностикалық кабинеттер;
• Тіркеу орны, күту, киім шешетін және де
басқа қосымша кабинеттер;
• Әкімшілік – шаруашылық кабинеті;
Ұйымдастырушылық шаралардың ең
маңызды түрінің бірі – ол дені сау
балалар бөлімін ашу. Бұл бөлімнің негізгі
мақсаты:
• әр жанұяда салауатты өмір сүруді
насихаттау;
• ата-аналарды дені сау баланы тәрбиелеу
негіздеріне үйрету;
• ата-аналар арасында тазалықты сақтауға
санитарлық ағарту жұмысын жүргізу;
• аурудың алдын алу және баланың өсіп,
дамуындағы өзгерістерді қадағалап
отыруға үйрету.
Емхананың құрамындағы негізгі бөлімнің
біреуі- тіркеу орны. Бұл-жерде балаларды
қабылдауды реттеп, жәрдем көрсетудің
түрін анықтап отырады. Қабылданатын
балалардың құрамы профилактикалық
тексеруден өтетіндерден, диспансерлік
тіркеуге алынатындардан және бұрыннан
емделіп жүргендерден тұрады.
ЖТД қызметі
• Патронаждық, профилактикалық
жұмыс( патронаж, перзентханадан
шыққаннан 3 күннен кейінгі қарау),
балаларды профилактикалық қарау
• Ата –анамен бала арасындағы
санитарлық – ағартушылық жұмыс
• Эпидемияға қарсы жұмыс ( егу шаралары,
жұқпалы ауруларды анықтау және тіркеу,
жұқпалы аймақты бақылау, жұқпалы
ауруларды өршуін алдын алу)
• Емдеу жұмысы жедел аурулары бар
балаларды үйде емдеу және асқынуы,
созылмалы ауруы бар балаларды
емханада емдеу
ЖТД-нің іс әрекеті
• Емханадағы жедел және жұқпалы
ауруларды анықтау
• Балаларды диспансерлік
бақылаудың әсері
• Үйдегі жиілігі
• Белсенді жастағы балалардың
салмағын бағалау
Бір жасқа дейінгі дені сау балалардың
диспансерлік бақылау кестесі
• Мамандардың қарау жиілігі – педиатр алғашқы айда – 3 рет,
келесі айда айына бір рет, хирург, офтальмолог, невропатолог,
ЛОР алғашқы жылында
• Профилактикалық қарау, күн тәртібіне бақылау жасау, баланы
тамақтандыру, массаж жасау, рахиттың алдын алу, анемия,
созылмалы аурулардан, хромосомды ақаулардан, жұқпалы
аурулардан алдын алу шараларын жүргізу
• Объективті қарауда баланың салмағына, бойына көңіл аудару
• Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия – айына 1 рет, ЖҚА
және ЖЗА – жылына 1 рет
• Негізгі объективті және қосымша зерттеу арқылы дәрігер
денсаулық жағыдайына, физиологиялық және жүйке-психикалық
дамуына баға береді. Сонымен қатар функциялық және
органикалық қалыптыдан ауытқуларды, қауіп – қатер топтарын
анықтайды. Аурудың дамуына қарай кешенді алдын алу және
сауығу шараларын тағайындайды.
2 жастағы балаларды диспансерлік
бақылау сызбасы.
• Мамандар қарау жиілігі: педиатр тоқсанына 1 рет, стоматолог көрсеткішіне
қарай;
• Алдын-ала бақылау кезінде: күн тәртібі, тамақтану, шынықтыру жаттығулар
жасауы, мешелдік алдын алу, мектепке дейінгі мекемелерге дайындау бақылауй
жүргізіледі;
• Обьективті тексеріс кезінде: бойы, салмағы массасы динамикасына, тіс
формуласы, тістеу жағдайы, психоматорлы дамуын бағалау, өзін ұстауы, тері
жабындылары, сүйекбұлшықеттік жүйесін, ішкі мүшелер жағдайын тексереді;
• Қосымша зерттеу әдістері: анторпометрия тоқсанына 1 рет, клиникалық қан
талдауы, зәр талдауы , нәжісін глист жұмыртқасына тексеру жылына 1 рет.
Диспансеризация нәтижесіне қарай бала жағдайына комплексті баға беріледі
және алдын алу мен сауықтыру шаралары жүргізіледі.
• Негізгі алдын алу мен сауықтыру шаралары : 1 жасқа дейінгі балалардағы
сияқты және мектепке дейінгі мекемелерге дайындау;
• Диспасеризация критерилері: психоматорлы және физикалық даму
көрсеткіштері, клиникалық зерттеулер нәтижесі және ауру жиілігі, балалар
мекемесіне уйрену дәрежесі.
3 жастағы балалардың диспансерлік
бақылауы
• Мамандардың қарау жиілігі: педиатр 6 айда 1 рет; офтальмолог, невропатолог,
стоматолог, хирург, ортопед, оториноларинголог жылына 1 рет.
• Алдын – алу шараларында мынаған көңіл аудару керек: күн тәртібін бақылау,
тамақтануы, тәрбиесі.
• Обьективті тексеру кезінде: дене салмағына, бойына, тістеріне,
жүйкепсихологиялық, физикалық дамуына, терісінің жағдайына,
лимфатүйіндеріне, ауыз қуысына, омыртқа бағанына, жалпақ табанның бар
немесе жоқ болуына, жалпы ішкі ағзалардың жағдайына көңіл бөлу керек.
• Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия, есту және көру қабілетін, қан, зәр,
анализі, үлкен дәретті құрт жұмыртқаларына тексеру.
• Диспансеризация нәтижесінде денсаулыққа жалпы баға береді, сонымен қатар
алдын алу және сауықтыру шараларын іске асырады.
• Негізгі алдын алу және сауықтыру шараларына мыналар кіреді: тәрбиелеу,
жасына сәйкес тамақтану және күнтізбе, гимнастика, шынықтыру және басқа
физикалық тәрбилеу.
• Диспансеризация тиімділігінің өлшемдері: физикалық және жүйке – психикалық
дамуы, клиникалық зерттеулер, аурушылдық жилігі.
Балалар мен жасөспірімдерге медициналық
көмек мына тәртіпте беріледі:
• Амбулаторлы поликлиникалық көмек
• Біріншілік медико-санитарлық көмек
• Кеңестік-диагностикалық көмек
• Стационарлы көмек
• Жедел медициналық көмек
• Санитарлы авиация
• Төтенше жағдайдағы медициналық көмек
• Медициналық реабилитация
• Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім
• Дәстүрлі медицина
• Халық емі
Қазақстан Республикасындағы сәби
өлімінің негізгі себептері:
Перинатальді кезеңде пайда болатын жағдай: туа
пайда болған ақаулар, респираторлы ауру және
пневмония; Қазақстандағы балалар мүгедектігінің
құрылымы:
1. Жүйке жүйесі аурулары
2. Тума ақаулар (деформация және хромосомды
бұзылыс)
3. Психикалық бұзылыс.
Қорытынды
Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек
ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін балаларды
алдын алуға, аурушаңдықтың, балалар
мүгедектігінің, нәрестелік және балалар өлімінің
деңгейін төмендетуге бағытталған қолжетімді және
сапалы бастапқы медициналық-санитарлық, білікті
және мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету
мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға
амбулаториялық-емханалық көмек перзентханадан
шыққан күннен бастап 14 жасты қоса алғанда:
қалалық балалар емханасында, емхананың балалар
бөлімшесін-де,орталық аудандық аурухананың
балалар консультациясында,,ауылдық учаскелік
ауруханаларда, ауылдық дәрігерлік амбулатория-
ларда, отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда,
фельдшерлік-акушерлік пункттерде және
фельдшерлік пункттерде жүзеге асырылады.
Пайдаланыдған әдебиеттер
• Бөлешов, М. Ә. Қоғамдық денсаулық
және денсаулықты сақтау: оқулық / М. Ә.
Бөлешов. - Алматы : Эверо, 2015. - 244
бет с.
• Кэмпбелл, А. Медициналық этика : оқу
құралы: ағылшын тілінен ауд. / А.
Кэмпбелл, Г. Джиллет, Г Джонс ; ред. Ю.
М. Лопухин. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
- 368 бет. с.
• Рыманов, Д. М. Денсаулық сақтауды
басқару этикасы : оқу-әдістемелік кешен
= Этика управления в здравоохранении :
учебно-методическиий комплекс / -
Алматы : Эверо, 2015. - 164 бет.
• Медик, В. А. Общественное здоровье и
здравоохранение : рук. к практическим
занятиям. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2012. -
400 с.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz