СУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ



Суды мемлекеттік есепке алуды жүргізу. Су объектілерін пайдалану мүмкіндіктерін түгендеу және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жүйесі.
Орындаған: Исмагулова Лунара

Суды мемлекеттік есепке алуды жүргізу
Су объектілерiнiң мемлекеттiк мониторингi қоршаған орта мен табиғи ресурстар мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының су қорын құрайтын барлық су объектiлерiнде жүзеге асырылады. Су объектілерінің мемлекеттік мониторингi жер бетi суларының мониторингінен, сондай-ақ жер қойнауы мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын жер асты суларының мониторингiнен тұрады. Жер бетi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық әрi сапалық көрсеткiштерiн жүйелi түрде айқындау және тiркеу болып табылады. Олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан азаматтар, өнеркәсiп, құрылыс, көлiк, ауыл шаруашылығы ұйымдары және өзге де ұйымдар пайдаланатын бүкiл су мемлекеттiк есепке алынуы тиiс.

Су объектілерiнің мемлекеттiк мониторингi, суды мемлекеттiк есепке алу мен оны пайдалануды:

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер бетi су объектiлерінің мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу, суды мемлекеттiк есепке алу және оны пайдалану бөлiгінде:

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган жер бетi су объектiлерінің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, суды есепке алу және оны пайдалану бөлiгiнде:

Су пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
1) жер үстi сулары бойынша су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлетті орган және жер асты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілейтін тәртiппен және мерзiмдерде су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын суларды бастапқы есепке алуды жүргiзедi; 2) су жинау және су ағызу құрылыстарын су шығысы мен деңгейiн өлшеу құралдарымен жабдықтайды, сондай-ақ өздiгінен ағып жатқан ұңғымаларда реттеушi құрылғылар орнатады және белгіленген тәртiппен стандарттау, метрология және сертификаттау мемлекеттiк органдарында оларды салыстырып тексеру әрi аттестаттауды қамтамасыз етедi; 3) өз зертханаларында немесе мемлекеттiк аттестатталған басқа кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердің зертханаларында ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етедi; 4) ластаушы заттардың авариялық ағызылуы туралы, сондай-ақ су объектілерiнен су жинау және оларға су ағызудың белгiленген режимiнiң бұзылуы туралы шұғыл ақпаратты су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы жep асты сулары бойынша) уәкілетті органдарға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға бередi.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz