Морфологиялық стилистика


Slide 1

Грамматикалық стилистика

Slide 2

Жоспар

Морфологиялық стилистика. Морфологиялық тұлғалардың стиль түрлеріне қатысы.

Сөз таптарының стильдік қолданысы.

зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.

сын есімнің стилистикалық қызметі.

сан есімнің стилистикалық қызметі.

есімдік сөздердің стилі.

Slide 3

Морфологиялық стилистика. Морфологиялық тұлғалардың стиль түрлеріне қатысы.

Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

Морфологиялық стилистика - сөздердің грамматикалық формаларын қолданудың стилистикалық нормаларын зерттейтін, сөйлеу бөліктерінің экспрессивтік мүмкіндіктерін (зат есім, сын есім, сан есім, есім, етістік және т. б. ) ескеретін практикалық стилистиканың бөлімі.

Қазіргі тіліміздегі бүршік, талшык, келіншек, т. б. сөздерді осы сипатында, осы күйінше тұтас ұғынамыз, оны түбір мен қосымшаға жіктеу былай тұрсын, -шік, -шық, -шек аффикстерінің біркезгі кішірейту мәнерін де байқамаймыз. Бірақ түйіншек, інішек, төбешік сөздерінің құрамында бұлардың, кішірейту мәнері айқын сезіледі.

Slide 4

Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға (мейлі ол жазба стиль болсын, әлде сөйлеу стилі формасы болсын) тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Әрине, морфологиялық тұлғаның бір ғана стиль құрамында жиі жұмсалуы оның әдеби тілдің басқа бір саласында кездеспейтіндігін дәлелдемейді. Ол тұлға басқадан гөрі сол стильде жиі қолданылып,

сол мән-мағынада біршама қалыптасқан .

Сондықтан да әдеби тілдің тек бір ғана саласында морфологиялық тұлғалардың қолданылып, басқа ыңғайда кездеспейтін түрлері аса сирек. Өйткені морфологиялық категориялар, жеке сөздердей емес, сөйлемнің субъективтік мәнеріне тікелей қатысты бола бермейді. Көбіне ойдың, хабардың объективтік мазмұнымен тікелей байланысты болып келеді. Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласында жиі қолданылуға бейім морфологиялық тұлғалар бар.

Slide 5

Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінің, басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздарының (куәліктер, ақпарлар, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздар т. б. ) тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданылмайды.

Бұл жерде әсіресе қолданылмайтындар - сын есімнің кішірейткіш мәнді жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ұзындау, сұңғақтау, үлкендеу, қисықтау т. б. ) -ғыл, -ғылтым, -ғыш, -ілдір (қызғылт, сарғыш, қызғылтым, көкшіл, көгілдір т. б. ) . Бұлардан белгілі бір мағыналық топқа жататын сөздер ғана жасалады. Соған орай бұл аффикстер арқылы жасалған сөздердің қолданылу өрісі де аса кең емес, -аң, -ең, -қай (босаң, алаң көз, сидаң жігіт т. б. ), -ша, -ше (шоқша сақал, биікше) т. б. аффиксті сын есімдер де сирек ұшырайды.

Slide 6

Сөз таптарының стильдік қолданысы.

Грамматиканың көркемдегіш-мәнерлегіштік қасиет-сапасы мен мүмкіндіктерін, олардың көркем, публицистикалық шығармалардағы шығармашылық тұрғыдан игерілу тетіктерін анықтау экспрессивтік стилистиканың міндеті болып табылады. Сөз таптарының стилистикасы сөз таптарын және сөз семантикасын зерттеу аясында да кеңінен дамыды.

Slide 7

Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.

Көркем әдебиет стилінде дерексіз зат есімдер экспрессиялық ерекше стильдік мән алғанымен оның эстетикалық қызметі көп байқала бермейді. Себебі, ол басқа стильдік құралдар немесе тәсілдер тұрғысынан талданып кетеді.

Мен ол кезде Апамның өмір тарихын, тіпті кім екенін білмей, алаңсыз шуақты күндерге марқайып маңар едім…Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз. (О. Бөкеев)

Slide 8

Сын есімнің стилистикалық қызметі.

Сын есімдер әлем, тіршілік, дүниетанымның ішкі-сыртқы бояуларын, оның сыр-сипатын, түр-түсін, қадыр-қасиетін таныту мақсатында көркемдіктің нақты сапалық белгісін көрсету үшін жұмсалады. Стилистикалық бағалау категориясы сын есім арқылы беріледі. Сын есімдер функциональдық стильдерде мынандай қызмет атқарады:

1. Түсінікті пайымдап ойлау;

2. Заттың құбылыстық сапалық мазмұнын ашу;

3. Бейнелілікті көрсету.

Ақ ала таудың алдында, Ақ ала жылқы жусайды(Шалкиіз жырау)

Қызыл алмас жан қияр, Қызыл талға қынаса (Ақтамберді жырау), осы ауыз әдеби тіл үлгілеріндегі сын есімнің осындай қасиеттері функциональдық стильдердің сапалық категориясының стильдік жағынан толығуына үлкен ықпал етті.

Көркем әдебиет стилінде сын есімдер сөйлемде тиянақты тұрып қана стильдік әсер тудырмайды, адам, өмір сипатының когнитивтік шынайылығын көрсетуде ерекше стильдік мәнге ие. Айлалы, саясатшыл, қанқой Мамай сондықтан да өз басын бәйгіге тігіп еді

(І. Есенберлин) .

Slide 9

Сан есімнің стилистикалық қызметі.

Сан есім “нақты” ғылым факторы сондықтан өзінің сан-салалы мүмкіндіктерін көрсете алады. Кез-келген заттың құбылыстың санының аумағын көлемін тіпті күшін өте нақты әрі дәл көрсету мақсатында сан есім пайдаланылады. Әсіресе, қоғамдық - әлеуметтік сапаның нақты көрсеткішін әлемдік деңгейдегі сапаның дәрежесімен салыстыру үшін үлкен маңызды “іс-әрекетімен” ерекше стильдік және прaгматикалық маңызға ие.


Ұқсас жұмыстар
Тар мағынасында - бір сөздің барлық формаларының жүйесі
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
СТИЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН КАТЕГОРИЯЛАРЫ
СӨЗДІҢ ФУНКЦИОНАЛД
Тіл біліміне кіріспе
Стилистика пәнінің зерттеу нысаны мен бағыттары
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қалыптастыру негізі
Қазақ тіл біліміндегі мәтінтанымдық көзқарастар
Көркем шығарманың тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz