Интеллектуалды бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және әлеуметтік-құқықтық негіздері


Slide 1

Интеллектуалды бұзылулары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Slide 2

Тақырыптарды талқылауға арналған сұрақтар:

Ақыл-есі кем балаларға әлеуметтік жеңілдіктер алудың нормативтік- құқықтық базасы.

Интеллектісі бұзылған балалармен жұмысты ұйымдастыру кезіндегі мамандандырылған ұйымдағы жергілікті актілер.

Ақыл-есі кем баланың психологиясының қалыптасуы мен дамуындағы Л. С. Выготскийдің рөлі. .

Ақыл-ой кемістігінің дәрежесі. Ақыл-ой дамуы тежелген танымдық дамудың ерекшеліктері.

Slide 3

Ақыл-есі кем балаларға әлеуметтік жеңілдіктер алудың нормативтік- құқықтық базасы.

Ақыл-есі кем тұлғаның оның жеке басының әл-ауқатын және мүдделерін қорғау үшін қажет болған жағдайларда білікті қамқоршының қызметтерін пайдалануға құқығы бар.

Ақыл-есі кем тұлға эксплуатациядан, асыра пайдаланудан және ар-намысына тиетін іс-әрекеттен қорғануға құқылы. Қандай да бір белгілі теріс іс-әрекет ету салдарынан соттық қудалауға ұшыраған жағдайда ақыл-есінің даму деңгейін толықтай ескерілуімен заңдылықты тиісті түрде жүзеге асыруға құқығы бар.

Slide 4

Интеллектісі бұзылған балалармен жұмысты ұйымдастыру кезіндегі мамандандырылған ұйымдағы жергілікті актілер

Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі Қазіргі таңда ауыр интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларға түзетушілік - дамушылық көмек көрсету мәселесіне қызығушылық артты. Осы топтағы балалардың потенциалдық мүмкіндіктерінің дамуы мен олардың қоғамдағы реабилитация сұрақтары үлкен әлеуметтік маңызды- лығына айналып жатыр. Интелектуалдық бұзылыстары тұлғаларды оқыту мен тәрбиелу, зерттеу мәселелері қазіргі таңда үлкен маңызға ие. Бұл көптеген еңбектерге байланысты: осындай балалар тобының көп туылуы, осындай балаларды тәрбиелеуде ата-ананың ниеті болмауы және т. б. жатады. Жалпы қабылданған классификация интеллектуалдық жетіспеуші- ліктің дәрежесіне байланысты олигофренияның әртүрлі формалары жүйелену негізінде құрылған, оның үш негізгі тобы анықталды: идиотия, имбецил және дебил.

Slide 5

Ақыл-есі кем баланың психологиясының қалыптасуы мен дамуындағы Л. С. Выготскийдің рөлі

Л. С. Выготскидің айтуы бойынша: адамның психикалық процесінде екі дәрежені ажыратуға болады. Біреуі ақыл, екіншісі құралдармен және көмекші тәсілдермен жабдықталған ақыл. Дәл осы практикалық іс - әрекет дәрежесін көрсетіп берген біреуі бос қол, екіншісі құралдармен және көмекші тәсілдермен жабдықталған қол. Л. С. Выготский жүргізген еңбек процесімен психика аналогиясы неғұрлым анығырақ Л. С. Выготский гепотезасы жоғарғы және элементарлы психика функция арақатынасы мәселесінің жаңа шешімдерін ұсынады.

Slide 6

Ақыл-ой кемістігінің дәрежесі. Ақыл-ой дамуы тежелген танымдық дамудың ерекшеліктері

Ақыл-ой кемістігі бар балалардың санатына бас ми қабығының диффузды органикалық зақымдануы салдарынан танымдық іс-әрекетінің және эмоционалдық-ерік өрісінің тұрақты бұзылуы бар балалар жатады. Бұзылыс белгілерінің көрініс беру дәрежесі зақымдалудың ауырлығына, оны таратпау ерекшелігіне, сондай-ақ зақымдалу уақытына байланысты. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекшелігі - жоғары психикалық функцияларынының, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы болып табылады. Ең алдымен, танымдық процестер зардап шегеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің, моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады.

Slide 7

Қорытынды

қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тэрбиеленеді. Демек, мүнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық жэне педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі.


Ұқсас жұмыстар
Оқытудағы қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және қолдау жүйесін ұйымдастыру
Ақыл-есі кем балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және коррекциялық оқыту: нормативтік-құқықтық негіздері, ұйымдық және әдістемелік аспектілері
Көру кемістігі бар балалардың психолого-педагогикалық сипаттамасы
Көруі бұзылған балалардың педагогикалық-психологиялық сипаттамасы және оқыту ерекшеліктері
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру шарттары
Босқын, мигрант және оралман балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы мен қолдау шарттары
Балалардың жас ерекшеліктері мен даму сатыларының педагогикалық-психологиялық сипаттамасы
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білімін қамтамасыз етудегі психологиялық-педагогикалық қолдау: мектепішілік модельдер мен әдістемелер
Көру, есту және сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс: ұйымдастыру және әдістемелік негіздер
Ақыл-ойы кемістігі бар балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмектің ерекшеліктері мен түзету бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz