Ветеринариялық шаралардың қаржыландыру көздері
Презентация қосу
Ветеринариялық шаралардың
қаржыландыру көздері: бюджеттік
қаржылық бөлінулер, шаруашылық
пен кәсіпорындардың қаржылары,
ветеринариялық мекемелердің
арнайы қаржылары
Орындаған:Шаймарданова Ақтоты ВМ-903
Жоспар
• Ветеринариялық шаралардың қаржыландыру көздері
• Бюджеттік қаржылық бөлінулер, шаруашылық пен
кәсіпорындардың қаржылары
• Ветеринариялық мекемелердің арнайы қаржылары
• Пайданалынған әдебиеттер
Ветеринариялық шаралардың қаржыландыру көздері
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы»
Заңында қаржыландыру көздері болып табылатын
нысандар ретінде аталғандары:
• республикалық және жергілікті бюджет қорлары;
• келісім-шарттар есебінен және ақылы қызмет
түрлерін көрсеткені үшін келіп түсетін ақшалай
қорлар;
• Қазақстан Республикасы Заңдарына қайшы
келмейтін өзге қорлар.
o Бөлінетін ақшалай қорлар мемлекеттік
ветеринариялық басқару органдары мен
мекемелерін ұстануға, еңбекақы мен
іссапарлық шығындарды өтеуге,
медикаменттер, құрал-жабдықтар мен
өзге ветеринариялық мүліктер алуға,
ветеринариялық нысандардың жөндеу
және құрылыс жұмыстарына, көлік
түрлері мен арнайы машиналарды т.б.
алуға шығындалады .
o Аталынған шығындармен қатар, мемлекет
ветеринариялық ғылым дамуына және
ғылыми зерттеулер жүргізу үшін,
ветеринария саласы мамандарының
Республикалық бюджет
Мемлекеттік ветеринариялық қызметті ұстап тұру және елдегі
ветеринариялық шаралардың өткізілуі үшін республикалық бюджет
қорларын пайдалану тәртібін республика бюджеті туралы және өзге
заңдық күші бар актілер арқылы реттеледі. Республикалық бюджет
есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметі тізімімен бекітілген аса қауіпті
жануар ауруларымен күресу және оларды профилактикалауға
бағытталынған эпизоотияға қарсы шаралар қаржыландырылады.
республикалық бюджет есебінен - Қазақстан Республикасының
мемлекеттік ветеринариялық басқару органы, көлік пен шекарадағы
мемлекеттік ветеринариялық басқару органы мен оған бағынышты
мекемелер, республикалық мемлекеттік ветеринариялық мекемелер,
ғылыми-зерттеу ветеринариялық институттары мен ветеринрия
мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындары, ҚР ІІМ
ветеринариялық полиция бөлімі;
Республикалық бюджет есебінен өткізілетін
қаржыландыру түрлері:
- мемлекеттік ветеринария мекемелерін ұстап тұру шығындары;
- мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі көлік
түрлерін дезинфекциялау жұмыстарын қосқандағы профилактика және
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау, Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша жануарлардың аса қауіпті
ауруларын диагностикалау және жою, адамадар мен жануарлар
денсаулығына аса қауіп төндіретін тәркіленіп алынған жануарларды, жануар
текті өнімдерді, шикізаттарды жою шығындары;
- жануар иелеріне тәркіленіп алынған және жойылатын ауру жануарлардың,
жануар текті өнімдер мен шикізаттардың құнын өтеу шығындары;
- ветеринарияда пайдаланылатын депонирленген микроорганизм
штаммдарының Ұлттық жинағын сақтауға жұмсалатын шығындар.
Шаруашылық қорлары
Шаруашылық қорлары есебінен келесі шаралар өткізіледі:
- ғимараттардың, ферма аумағының, жайылымдардың
дезинфекциясы, дезинсекциясы, дератизациясы, декаризациясы;
- жануарларды емдеу, витамин препараттарының, микро- және
макроэлементтердің қолданылуы;
- малшаруашылығын созылмалы инфекциялық аурулардан
сауықтыру бойынша ұйымдастыру-шаруашылық шаралары.
- ветеринариялық нысандардың құрылысы.
Ветеринариялық мекемелердің арнайы
қаржылары
Мемлекеттік ветеринариялық қызмет мекемелері мен ұйымдары сақтандыру
қорлары есебінен өндірістік ғимараттардың, ведомсволық тұрғын үйлердің
құрылысын жүргізіп, капиталды жөндеу жұмыстарын өткізе алады, осы қор
есебінен арнайы құрал-жабдықтар, автокөліктер сатып алынуы, жануар
ауруларын емдеу, профилактикалау және олармен күрес жүргізу шығындарын
өтеуге, ветеринариялық білімді насихаттау шараларын өткізе алады.
Арнайы қорлар – бұл бюджеттік мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің
есеп-шоттарына ақылы ветеринариялық қызмет түрлерін көрсеткені үшін, дәрі-
дәрмектер, профилактикалық және емдік препараттар әзірлеп, сатқаны үшін
ақшалай қорлардың келіп түсуі.
Арнайы қорлар ветеринариялық мекемелердің есеп-шоттарына Ұлттық банк
бөлімшелері арқылы түсіп, жергілікті қаржы органдарының келісімі бойынша
кіріс-шығыс тіркелетін құжат бойынша қатаң мақсаттық тұрғыда шығындалады.
Қорлардың бір бөлігі ветеринар дәрігерлеріне, фельдшерлерге, қызмет көрсетуші
адамдарға ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қосымша ақы ретінде
пайдаланыла алуы мүмкін.
Ветеринариялық шаруашылық есебіндегі мекемелер келісім негізінде орындалған
ветеринариялық жұмыстары үшін келіп түсетін, өздері әзірлеген өнімдердің сатылуы
есебінен түсетін қорлар есебінен ұсталынады. Бұл мекемелер толық шығынын өзі
өтеушілік негізінде болады, өздерінің кіріс-шығыс сметалары болады оны мекеме
жетекшілері бекітеді. Қазақстанда шаруашылық есебіндегі мекемелер ретінде облыстық
шаруашылық есебіндегі ветеринариялық-санитарлық жасақтарды және облыстық
ветеринариялық өндірістік зертханаларды атауға болады.
Әрбір ветеринариялық мекемеде ветеринариялық шараларға шығындардың
ассигновациялары сметасы болуы шарт, ол қаржылық органдармен келістірілген және
мекеме басшысы бекіткен түрде болуы керек. Шығындар сметасына келесі баптар
кіреді: еңбекақы шығыны, еңбекақы төлемдері, кеңселік шығындар, іссапар
шығындары, медикаменттер, жабдықтар, құрал-саймандар т.с.с. алу, капиталдық қаржы
бөлу, оның ішінде құрылысқа, ғимараттар мен құрылымдардың күрделі жөндеулері.
Жыл соңында ветеринариялық мекемелер белгіленген тәртіпте сметалардың
пайдаланылуы жөнінде есептер тапсырады.
Әрбір ветеринариялық мекеме бюджеттік ассигнованияларды, сондай-ақ арнайы
қорларды пайдаланғаны жөнінде бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.
Пайданалынған әдебиеттер
• https://helpiks.org/8-26531.html
• https://kodeksy-kz.com/o_veterinar
ii/35.htm
• https://stom.tilimen.org/azastan-re
spublikasini-bilim-jene-fil-v2.html?
page=3
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz