Кіру орнынан жерасты канализациялық құбырға дейінгі жазықтық ара қашықтығы




Презентация қосу
Үйлердің ішкі су құбырлар
жүйелері
Орындаған: Сабидуллаева М.
С-18-1
Тексерген: аға оқытушы Ізбасар А.
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды ішкі су жүйелерін екі түрге айырады -шаруашылық -
ауызсу және өртке қарсы. Шартты түрде ішкі өртке қарсы су құбыры төмендегі
ғимараттарда

• 1) 12 қабат және оданда жоғары биік тұрғын үйлерде,
• 2) 4 қабат және одан жоғары қонақ үйлер, пансионаттар мен мектеп интернаттар,
• 3) Ауруханалар мен басқа емдеу, сақтандыру мекемелер,
• 4) 5000 м3 және оданда көп көлемді бала бақшалар, балалар үйлері, дүкендер,
2 вокзалдар, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қамтамасыздандыру мекемелерінде,

• 5) 200 және оданда көп адамға арналған көруші залдары бар көріністік мекемелерде
орналасады.
Тұрғын және қоғамдық үймереттерде қосылған шаруашылық - ауыз және өртке қарсы су құбыры
немесе екі бөлек су құбырын орналастыруға болады.

Ішкі су құбыры схемасын таңдау техникалық-экономикалық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы
талаптар бойынша қабылданады. Ең басты талап болып табылатын үймеретке кірер жеріндегі сыртқы су
құбыры жүйесінде қажетті қысым болу керек.

Шаруашылық - ауызсу ішкі су құбыры мен бірлескен шаруашылық-ауызсу мен өртке қарсы құбырларды
диаметрі 150 мм аспайтын мырышталған темірқұбырдан құрастырады. Соңғылардан өртке қарсы
құбырларды құрастырады. Құрылыс нормалары мен ережелері ішкі су құбырларын полимер
материалдарынан қолдануына рұқсат береді.

Су құбыры арматурасы ретінде вентильдер, су бөлу мен әжетхана крандары, араластырғыштар, кері
клапандар мен жуу крандары қабылданады.

Задвижкаларды аула жүйесінде, су құбыры кіруінде мен диаметрі 50 мм асатын магистральды
құбырларда орналасады.
Үйге кіру буынын көше торабына перпендикулярлы салуға тырысады. Үйге кіру буыны
құбырын ғимараттың қабырғасы бойына қабырғадан кемінде 5 м қашықтықта
орналастыруға болады, егер бұл ара қашықтық тәртібі сақталмаса, құбыр бүлінсе, су төлені
алады және ғимараттың іргетасын шәйіп кетеді.
Кіру орнынан жерасты канализациялық құбырға дейінгі жазықтық ара қашықтығы 1.5 м
кем болмау керек, егер су құбыры диаметрі 200 мм немесе оданда үлкен болса 3 м
қабылдайды, жылыту мен орташа қысымды газ құбырларына дейін 1.5 м, ал аз қысымды
газ құбырына дейін 1.0 м болу керек.

Су құбыры кіретін орынды үйдің отыру кезінде және кіру буыны орналасқан
бөлмеге жерасты сулары кірмеу үшін бұзылмайтын жағдай жасайды.

Үйге кіру буыны суды өлшеу түйінімен бітеді, оны жылы және құрғақ бөлмеде
орналастырады. Су өлшеу түйінін өрт кезінде көбейтілген су шығынын өткізу
үшін арналған айналма құбырмен немесе бұл құбырсыз құрастырады.
Су өлшеу аспабының екі түрі бар - қанатты мен турбиналық. Қанатты су өлшеу
аспабынан өткен су қанаты бар пластмассадан жасалған зырылдауықты
айналдырады.
Бұл айналу шестеренкалар арқылы циферблат тілдеріне беріледі Циферблатта алты тіл
орналасқан. Ең үлкен тіл –I- литрде су шығынын көрсетеді, II-кубометрдің ондық үлесін, III-
кубометрді, IV-ондық кубометрін, V-жүздік кубометрді, VI-мыңдық кубометрді. Су өлшеу
аспабы көрсеткішін VI тілден бастап I тілге дейін алады, әр циферблатта тіл екі санның
ортасында тұрса санның ең кішісін алады.
Қанатты өлшеу аспабын тура тік циферблатын жоғары қаратып орналастырады,
су өлшеу аспабына корпуста қүйылған тілмен көрсетілген бағыты бойынша кіру
керек.
Қанатты өлшеу аспабын тура тік циферблатын жоғары қаратып
орналастырады, су өлшеу аспабына корпуста қүйылған тілмен көрсетілген
бағыты бойынша кіру керек.
Турбиналық су өлшеу аспабы қисық немесе тік орналастыруға болады. Су
өлшеу аспабынды қысым шығыны H= . S-су өлшеу аспабының кедерге
коэффициенті, q-судың есепті шығыны, л\с.
Ғимараттың шаруашылық -ауызсу су өлшеу аспабында қысым шығыны үшін қанатты су
өлшеуіш аспабына 2,5 м (24,5·103 Па), турбиналық- 1 м (9,8·103 Па), ал өрт сөндіруді
есептеумен қанатты су өлшеуіш аспабы үшін 5 (49·103 Па) және 2,5 (24,5·103 Па)
турбиналық үшін қабылдайды.
Назарларыңызға
Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Картографиялық проекция. Гаусс-Крюгер проекциясы
Жай механизмдер
Халықты ауыз сумен қамтуға әсер етуші факторлар
Экваторлық координат жүйесінен көлденеңге өту
Гидрокүштік қондырғылар
Геодезиялық құралдар
Жамбас түсінігі
Сормалаушы пневмокөлік қондырғысы
Жарықшақты қол гранаталары
Жазықтықтағы аналитикалық геометрияның элементтері
Пәндер